«Жұлдызды сәт»

Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту. 2.Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қортындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа, дағдыландыру. 3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу. Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы Түрі: Сайыс сабақ Көрнекілігі: буклеттер, интер...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейі













Сыныптан тыс жұмыс

«Жұлдызды сәт»



5 сыныптар





Күні: 26.11.2014ж





Орындаған: Әбдиева С

Нүркеева Ә










Мақсаты:

  1. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

  2. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қортындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа, дағдыландыру.

  3. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы

Түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: буклеттер, интерактивтік тақта

Барысы:

Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 5«а», 5«ә», 5«б», 5«в» сынып оқушылары 4 топқа бөлініп қатысады.

Дарындылар тобы.Тапқырлар тобы.Ұшқырлар тобы.Қырандар тобы

Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгісін көрсетеді

Ойын шарты:


Жүргізуші: Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусундаған жас өрендер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде


Жүргізуші: Шақырамыз 4 топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал

Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.


Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)


Жүргізуші: Ал, кәнекей сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

( сөз кезегін әр топқа береміз)

  1. Топтар өздерін таныстырып, ұрандарымен төс белгілерін таныстыру.Буклеттерін таныстыру

  2. "Математика" сұрақтары

  1. Бұрышты өлшейтін құрал? ( транспортир)

  2. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?( 180)

  3. Теңдеу дегеніміз не?

  4. Шеңбердің диаметрі неше радиусқа тең?

  5. Квадраттың ауданының формуласы?

  6. Периметр дегеніміз не?

  7. Ең кіші жай сан?

  8. Құрама сан дегеніміз не?


  1. Викториналық сұрақтар (сандардан тұратын жұмбақтар)

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)

2. Бір тонна мақта ауыр ма?

Бір тонна темір ауыр ма?(бірдей)

  1. Бес ін, бес іннің айызы бір ін (қолғап)

  2. Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр жолы көп (қалам)

  3. Елу тісті, екі қолды ( екі кісілік ара)

  4. Бөлмеде 2 ит, 3құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?(20)

  5. Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой(15)

4.Өз өнерін көрсету


5.жүргізуші: Ал кәнекей балалар

Құлақ салшы сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе

  1. Жүздің жартысын 2-ге бөлгенде неше болады?(25)

  2. Екі жарым кг ет 2,30 сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі?(2,30)

  3. 1,2,3.... 99 сандарында 5 цифрі неше рет кездеседі?(20)

  4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?(1,2,3)

  5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?( жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)

  6. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?(4 сағат)

  7. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?(4)

  8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)


6.Жүргізуші: Математикалық мақал- мәтелдер.

1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас

2. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді

3. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл

4.Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына.

Алтау ала болса ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңгең бірігіп шеше болмас

  2. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі

  3. Қырық кісі бір жақ , қыңыр кісі бір жақ

  4. Жалқаудың екі досы бар:

Бірі- ұйқы, бірі- күлкі.

8.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды


7. Жүргізуші: топтар жаңылтпаштарды айтады

Сабақты қортындылай келе әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Оқушыларды марапаттаймыз.

© 2010-2022