5 сынып оқушыларына арналған Жігіт сұлтаны сайысы

«Жігіт сұлтаны» Байқауы: Мақсаты:1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Көрнекіліктер:Нақыл сөздер,музыкалық әуен, шарлар.Байқауға қатысатындар: 3 «А» сынып жігіттері. Байқаудың қонақтары: ата-а...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жігіт сұлтаны» Байқауы:
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Нақыл сөздер,музыкалық әуен, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 3 «А» сынып жігіттері.
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш сынып оқушылары.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, «Анаға сәлем» қонақтарды орналастыру.
1 - жүргізуші.Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды. 2. жүргізуші. Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс. 1. жүргізуші. Аялаған , баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс. 2.жүргізуші. Ана -біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. Ән: «Анашым» - Жігіттер тобы. 1. жүргізуші. Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар! 2.жүргізуші. Алақаны ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа 1.жүргізуші. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар дей келе, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде 8 наурыз аналар мерекесіне арналған «Жігіт сұлтаны» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өткізілмекші.
2 - жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті Анықтайтын кез келді!

1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады) музыка «Алға қазақ жігіттері»
1. Мінезі оның салмақты, Сері жігіт Ерсұлтанды, Ортаға шақырамыз. 2. Суретші сал жігіт, Таңатар шықты ортаға. 3. 4 жасында әріп танып, Ата-әжеден оқыған, Оқымысты болам дейді, Ахат сынды жігітім. 4. Өнерімді көрсетемін, Сыныптастар ортасында, Қошеметпен қол соғыңдар, Дархан сынды жігітке. 5. Әжемнің мен еркесі, Қуаныш сері мен болам, 6. Алихандай сері жігіт, Өз өнерін көрсетер, Бүгінгідей байқауда. 7. Мерекеңмен анашым, Өнерімді көрсетіп, Бір серпіліп қалайын, Дамир жігіт мен болам, Қол соқсыншы ағайын.

(Қоржыннан асық алады, әрбір жігітке номерлер тағылады.)
2 - жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
2.
3. Ата-аналар төрайымының орынбасары: Өтегенова Ләззат Құлболқызы.

1 - жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

Байқау бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру)
2.«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)
3.« .«Тіл қаруы - сөз...» (мақал-мәтелдер)
4.«...Білімді мыңды жығар» (сұрақтар)
5. «Білекті бірді жығар»(күш сынасу, қол күрес) 6. «Ертегіден үзінді» (ертегі)
Бағалауда қатысушылардың өз - өзін ұстауы, әртістік өнері, білімдерімен спорттық ерекшеліктеріне мән беріледі. Әрбір сайыста жоғары ұпай 5.

2 - жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 - жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Музыка «Біздің жігіттер»
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәскеге түскен жеті жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді)
2 - жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету бөлімін бастаймыз.)
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай - ақ жан салыпты.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл қаруы - сөз...» (мақал-мәтелдер)

4.Сайысымыздың келесі бөлімі «...Білімді мыңды жығар» (сұрақтар)

1 - жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде - деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай.
Келесі кезекте: «Білекті бірді жығар»(күш сынасу) бөлімі.

Оқушылардың әртістік шеберліктерінің байқауы: «Ертегіден үзінді» бөліміне кезек береміз.
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» - Жігіттер тобы.
2 - жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін карсы алыңыздар. Би: «Шөжелерім»- қыздар тобы. Ән: «Анамның тілі, аяулы үні» - Әлия. Ән: «Асыл әжем» - Ақзейнепханым, Рыздық, Аяжан. Ән: «Анаға сәлем» - Назерке.

1 - жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіне тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2 - жүргізуші:
«Жүзден - жүйрік» күшімен,
«Мыңнан - тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау: музыка «күй»
1.Бас жүлде - «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Өнерпаз жігіт»
4. «Парасатты жігіт»
5. «Алғыр жігіт».
6. «Шымыр жігіт».
7. «Шешен жігіт»
1- жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Би: «Қамажай» - Назыра, Ақзейнепханым. Ән: «Ақ мамам» - Дайана, Жангүл, Фариза, Данара, Ботагөз. Би: «Вальс»- ұлдар қыздарды шақырады.
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!



© 2010-2022