Конспект внеклассного урока на тему Біз көркем әдебиет оқимыз ба?

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі



Біз көркем әдебиет оқимыз ба?

(тренинг)



Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі :

Абулхасимова Эльмира Нариманбекқызы



Сафон селосы, 2016 жыл, наурыз



Тақырыбы: «Біз көркем әдебиетті оқимыз ба?»

Мақсаты: Оқушылардың бос уақытында көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. Көркем әдебиетті түсініп оқуға баулу.

Түрі: тренинг

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекілігі: көркем шығармалар, ақын-жазушылар портреттері, презентациялар.

Қатысушылар: Асель, Ерден, Ырысгүл, Дана, Радик, Жансая, Нұрай -8 А сынып

Ернар, Бексұлтан, Фариза, Райгүл, Әсемгүл, Диас, Айзада, Аяжан -8 Б сынып

Ұйымдастыру бөлімі.

1. «Сәлемдесу»

(Оқушылар бір-бірімен шеңберде үш түрлі амандасу түрлерін көрсетеміз.

1. Қолмен амандасамыз;

2. Арқаны сипап амандасамыз;

3. Мұрынмен амандасады.)

2. «Құндылықтар спекторы» әдісі

(Оқушылар өздері оқып жүрген шығармаларынан бір сөзден А4 форматына жазып, керілген жіпке іледі. Өздерінің жазған сөздерін оқып, түсіндіреді.)

Аққалиева Әсел «Әдебиет -өмір айнасы» атты презентация

7 Б сынып оқушыларының орындауындағы көркем сөздерді тыңдайық Назерке, Саида, Теміржан, Махамбет,Нұрбек.

3. «Қарлы кесек» әдісі

Сұрақтар:

1. Көркем әдебиет оқыған саған ұнай ма? Неліктен?

2. Ең соңғы оқыған кітабыңның аты?

3.Оқыған кітаптарыңның ішінен өзіңе ұнаған жағымды бейне.

4. Ғаламтор желісіндегі «Кітап.кз», «Аудио кз» , тб сайттарды пайдаланасың ба?

5. Биылғы «Жылдың үздік кітабы» қандай?

6. Сенің кітапханамен байланысың қандай?

7. Сен қай тілдегі шығармаларды оқығанды ұнатасың? Неліктен?

8. Қазіргі ақын-жазушылардан кімдерді атай аласыңдар? Шығармаларының тақырыптары қандай?

9. Кітап оқу сен үшін маңызды ма? Маңыздылығын атап көрсет.

10. Сенің оқыған кітаптарыңның ішінен жағымсыз кейіпкерді атаңдар.

11. Қай ақын-жазушымен кездескің келеді?

12. Кітапханаға соңғы рет қашан бардың?

13. Әдеби шығармаларды оқығанда өз өміріңе сәйкес келетін тұстар кездесті ме?

14. Кітап пен адам өмірінің байланысы, жақындығы қандай?

15. Отбасыңда әдеби шығармаларды кім көбірек оқиды?

16. Көркем әдебиетті өзіңнің досың ретінде санайсың ба?

Темірболатова Райгүл «Отырар кітапханасы - шоқтығы биік кітапхана» атты баяндамасы

Мектеп кітапханашысы Анар Жарасқызы 8 сынып оқушылары арасынан «Үздік оқырманды» анықтап, марапаттайды.

8 А сынып оқушысы Ислямова Дана «Үздік оқырман» атағына ие болып, сыйлықпен марапатталды.

4. «Болашақ кітапхана менің көзіммен...»

Екі сыныптың оқушылары 2 топқа бөлініп, постермен жұмыс жасайды. Болашақ кітапхананың келбетін , түрін А3 форматына түсіреді. Ортаға шығып қорғайды.

7 Б сынып оқушысы Назеркенің орындауындағы «Бақыт деген не?» әнін қабыл алыңыздар

Кері байланыс «Бір сурет, бес сөз».Осымен тренингіміз соңына жетті.

Қорытынды сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маназила Темірболатқызына беріледі.

Қош сау болыңыздар!!!

© 2010-2022