Ұлы Отан соғысына - 70 жыл

                               Ұлы Отан  соғысына -70 жыл  (тәрбие сағаты) Тақырыбы: Ұлы Отан  соғысына -70 жыл   Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Әдісі: Музыкалық – әдеби қойылым Көрнекілігі: «Әр қашан күн сөнбесін»  тақырыбына салған суреттер көрмесі, батырлық туралы нақыл сөздер, батырлар портреті, бейне фильм. Кіріспе:(тақтада нақыл сөздер ілулі тұ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Отан соғысына -70 жыл (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Ұлы Отан соғысына -70 жыл

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Музыкалық - әдеби қойылым

Көрнекілігі: «Әр қашан күн сөнбесін» тақырыбына салған суреттер көрмесі, батырлық туралы нақыл сөздер, батырлар портреті, бейне фильм.

Кіріспе:(тақтада нақыл сөздер ілулі тұрады)

1. Отан үшін отқа түс- күймейсің.

2. Ерлік - елдің қасиеті,

Жүректілік - жігіттің қасиеті.

Б. Момышұлы

3. Адал адам Отанын сүйеді. Адал , ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды.

Б. Бұлқышев

Қыз бала: Ардагер аталар!

Ұл бала: Ардақты әкелер!

Қыз бала: Абзал ағалар!

Ұл бала: Асыл аналар!

Екеуі қосылып: Баршаңызды! Баршаңызды!

Қыз: 7 - мамыр - Отан қорғаушылар күнімен…

Ұл: 9-мамыр - Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Негізгі бөлім:

1-оқушы:

Жеңіс күні

Ойлап -ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

-Қуанышты мереке -

Жеңіс күні қай күн ?- деп.

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

- «Дұрыс» -

десті, - «сұрағың!»

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!

(Қ. Жұмағалиев)

Бүгін біздің ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері … отыр (арда герлер сөз сөйлейді.)

2-оқушы:

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді,

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні -

Бәрі қосылып: Тоғызыншы мамыр күні!

(Д. Әбілев)

3-оқушы:

Алақай - ай, Әйгілі

Тоғызыншы мамыр бүгін.

Алғаш күні шаттықтың,

Соңғы күні қайғының.

4-оқушы:

Ұлы кешке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн.

Қырмызы гүл, қызыл гүл,

Құшақтарға енген күн.

5-оқушы:

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн.

Әкеміздің

Аңсаған

Әкелерін көрген күн.

6-оқушы:

Әлем бізді ұққан күн,

Жауды ініне тыққан күн.

Батыр атам алдынан

Әжем күліп шыққан күн.

7-оқушы:

Сағындырып жеткен күн,

Қадірі әбден өткен күн.

Тұңғыш рет туған жер

Тәтті ұйқыға кеткен үн.

(Қ. Мырзалиев)

«Жеңіс күні» туралы бейне фильм көрсету

8-оқушы:

Мазасыз мына ғаламда,

Қатер көп әлі адамға…

Ақ құсымнан амалсыз

Адасып мен қалам ба?!

Бәрі:

Келмесін ол күн, келмесін,

Төнбесін қатер, төнбесін!

9-оқушы:

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігіне әр үйдің,

Бесігіне сәбидің

Мәңгілік бақыт орнасын,

Болмасын, соғыс болмасын!

Бәрі:

Мәңгілік бақыт орнайды,

Болмайды, соғыс, болмайды!

(М. Мақатаев)

10-оқушы:

Әзір титтей бойымыз,

Әзір балаң ойымыз,

Тек қуамыз ойын біз.

Дегенмен де күн санап

Өсіп келе жатырмыз-

Жігіт болар батырмыз!

11-оқушы:

Ұзарады бойымыз,

Толысады ойымыз,

Алда талай тойымыз!

Өйткені біз күн санап,

Өсіп келе жатырмыз-

Жігіт болар батырмыз!

Хор: «Ел қорғауға әзірміз» сөзі: М. Әлімбаевтікі, әні: К. Қуатбаевтікі.

Оқушылар мен ардагерлер арасындағы сұхбат

Батырлық, ерлік туралы мақал - мәтел айтысы

(Ортаға бір топ мақалшылар шығады.)

Қыз бала:

Ердің көркі -сақал,

Сөздің көркі- мақал,- дегендей…

Ұл бала: Мақал - сөздің мәйегі, - дегендей…

Қыз бала: Батырлық пен батылдық…

Ұл бала: Ерлік пен елдік

Қыз бала: Батыр мен қорқақ

Ұл бала: Ер жігіт туралы мақал сайысына шақырамыз.

Мұғалім: - Балалар ойымызды қорыта келе «ерлік, батырлық, қайсарлық», - дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар ойы тыңдалады.)

Қорытынды:

Мұғалім: өмір мен өлім арпалысқан қанқұйлы соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан майдангерлер өнегесі ұрпақтан -ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Біз әрқашан аталарымыздың ерлігін мақтан етеміз. Ардагер аталарымызға қандай жылы лебіздер айтар едіңдер? (балалар тілегі)



© 2010-2022