«Ынтымақты елдің ырысы мол» тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:  Ынтымақты елдің ырысы мол Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушының бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Оқушыларға потриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке тәрбиелеу. Дамтытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, қызығушылықтарын ояту.   Тәрбие сағатының көрнекілігі: Елбасының портреті, Бәйтерек, Астана, «ЭКСПО-17» суреттері.   Сабақтың өту барысы: 1.     Ұйымдастыру кезеңі. 2.     Әнұран 3.     Топтастыру 4.     Сөзжұмбақ шешу 5.     Топпен жұмыс 6.     Болашаққа ақ тілек (берілген сөздерді пайдалана отырып  тілек тілеу) 7.     Қорытындылау
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр»

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақты елдің ырысы мол

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушының бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Оқушыларға потриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке тәрбиелеу.

Дамтытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, қызығушылықтарын ояту.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Елбасының портреті, Бәйтерек, Астана, «ЭКСПО-17» суреттері.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Әнұран

  3. Топтастыру

  4. Сөзжұмбақ шешу

  5. Топпен жұмыс

  6. Болашаққа ақ тілек (берілген сөздерді пайдалана отырып тілек тілеу)

  7. Қорытындылау


  • Әнұран орындалады.

Мұғалімнің қосымша сөзі:Биылғы оқу жылындағы Білім күнінің тақырыбы - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір- халық- бір ел- бір тағдыр» деп аталады.

Ал, біздің сынып сағатымыздың тақырыбын «Ынтымақты елдің ырысы мол» деп алып отырмыз.

Ойымызды жинақтап, бір-бірімізбен жақынырақ араласу үшін сөзжұмбақ шешеміз. «Қазақстан» тақырыбына үш топқа сұрақтар беріледі. Бірігіп, жылдам, дұрыс жауабын табуға тырысыңыздар.

Тәрбие сағатымызда үш бағыттағы тақырыпты қамтуымыз керек. Тақтадағы үш тақырыптағы суреттерге назар аударайық.

1 бағыт. «Қазақстан -2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

2 бағыт. 2013жыл республикамыздың елордасы -Астананың 15 жылдығы.

3бағыт. 2017жыл - Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы.

Топпен жұмыс.

Бөлінген үш топ үш тақырыпта алып сол тақырыпты ашып, қорғауға тиіс.

(Әр топтың алдына плакат, қаламсап, түрлі түсті бояулар беріледі Тақырыпты ашу. (Оқушылардың ойын тыңдау.)

Мұғалім сөзі:

  1. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кірісудеміз.

Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - бұл біз кімбіз, қайда барамыз, 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап.

  1. 2013 жыл - республикамыздың елордасы - Астананың 15 жылдығы. Астана - жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігінің символы. Астана -қазіргі заманғы маңызды мемлекеттік, экономикалық, инвестициялық және саяси жоба.

  2. 2017 жыл - Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.«ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы, қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылы қандай ел болады?

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір- халық- бір ел- бір тағдыр» тақырыбына қайтып оралайық. (видео)

-Міне балалар бірліктің аясында елбасымыздың алға қойған жоспарлары орындалып, еліміз күнен күнге қарқынды дамып келеді. Әлі де еліміз гүлденіп одан әрі жайнай түсуіне сендердің де қосар үлестерің мол болады деп сенемін.

Болашаққа ақ тілек

Бүгінгі сабағымызды аяқтай келе парақтағы берілген сөздерді пайдалана отырып Қазақстанның болашағына ақ тілек тілейік. Тірек сөздер:



Қазақстан-2050:

  • Бірлік

  • 17 миллион

  • Тыныштық

  • Экономика

  • Білім

  • Кәсіпкерлік

  • Дәулетті өмір

Астана - 15 :

  • Еуразия кіндігі

  • Есіл

  • Бейбітшілік қаласы

  • Тәуелсіздік

  • Бәйтерек

  • Қазақстан символы

  • Сұлулық

ЭКСПО- 17:

  • Астана

  • Энергия

  • Көрме

  • Даму

  • Экология

  • 100 мемлекет

  • Болашақ

Қорытынды:

Туған жерім - жырымсың,

Туған елім - тынысым.

Мәңгі қымбат ұғымсың,

Ардақтысың, ұлысың.

Ана тілім - ардағым,

Туған жерім аруағым.

Болса осылар елімде

Нұрланады алда күн - деген өлең жолдарымен аяқтай келе баршаңызды

еліміздің алға қарай дамуына үлес қосайық деп шақырамын. Ол үшін жақсы оқып, білімді де тәрбиелі азамат болып өсуіміз шарт.

БҚО

Теректі ауданы

Хамза Есенжанов атындағы орта мектеп

Аралбаева Ақтолқын Ғаббасқызы





© 2010-2022