Тәрбие сағаты Бауыржан Момышұлы-батыр тұлға

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ - БАТЫР ТҰЛҒА

Мақсаты:Оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлармен, Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Бүктемелер,кітаптар көрмесі,баспасөз материалдары

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Кіріспе сөз

Кешегі күндей күркіреп өткен екінші жиһан соғысында, КСРО халықтары тарапынан «Ұлы Отан соғысы» деп аталып кеткен КСРО мен Фашистік Германия арасындағы соғыста қазақ жауынгерлері небір ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі де бірегейлі батальон командирінен дивизия командиріне дейін көтерілген, соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери Академияны бітіріп, әскери академияда сабақ берген Бауыржан Момышұлы аталарың еді.

Бірақ майданда қаншама ерлік көрсеткенмен, оған Кеңес Одағының Батыры берілген жоқ болатын. Сонда да халық Бауыржан аталарыңды батыр деп таныды.Бүгінгі тәрбие сағатымыз батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналады.

1-оқушы Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңыршқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай.

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Бауыржанның өз әкесі Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған.

2-оқушы Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген.

Ал, анасы Рәзия-қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалға, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді.Сөйте тұра,кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт -дәстүрімізге жетік, ибалы,иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі,әрі дәл бейнелеген.

Жүргізуші:Бауыржан Момышұлы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.Кезекті әсекри міндетін өтеуге шақырылып , запастағы командир атағын алады.Туған аулына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.

3- оқушы: 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. .

Панфиловтан бата алып,

Артыма ерді мың солдат

Тағдырын маған тапсырып,

Ел ұлдары мың солдат.

Белуардан қан кешіп,

Жүзден аса соғыста

Бал орнына у ішіп,

Қан майданда қан кешіп,

Намыс туын көтердік.

Қ имылдады мың батыр,

Мыңға татып бір батыр.

Атамекен жері үшін,

Қ асиетті ел үшін,

Болмай қалар кім батыр.

4-оқушы: Мәскеу үшін шайқаста И. В. Капровтың панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады.

Соғыста бір -ақ заң бар мен білетін,

Я өліп, я болмаса өлтіретін.

Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды,

Жандандыратын болмаса,сөндіретін.

Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.

Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,

Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін

Жүргізуші:

Момышұлы өмірбаянының ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алды.1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Карпов басқарған 1073 -полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді.Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қомылын жаңа тактикаға жанастыра отырып,операцияны орынды басқара білді.Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып,майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе.

Алайда аласпыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің баталон, роталармен байланысты үзіліп,жауынгерлердің қай жерде,қандай халде екенін білу қиынга соқты.

Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі -Бауыржан басқарған бірінші батолон еді.Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады.Батальонның алдында жүретін 15 адамнан құралған барлаушы қойып взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірнің ізімен бірін жүргізе жүргізуді ұйғарды.Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды.Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды.Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады.Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды.Күндіз қалың тоғайда тыныстап,түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырады.Қ алың қарағайлы тоғай іші қар.Жауынгерлер шаршады.Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуы бойынша,осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрадыекен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты.Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В:Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен.Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды.Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды.Иван Василевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қусыра құшақтай алып,бетінен сүйіп, "Жарайсың сұңқарым" деп арқасынан қақты.

5-оқушы:

Ел аузында аңыз болған есімі

Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді

Ерге лайық мінегі оның найзағай,

Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.

Қалт еткенде естеліктер қалдырып,

Қоршау бұзған қоршау бұзған жауды естен тандырып,

Ер Бауыржан ата есімі рух берген,

Жүректерде жігер отын жандырып.

Қызу қанды командир ол намысты,

Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың

Батыр ата Бауыржандай арысты

6- оқушы: Кеңес әскерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық двизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті.Двизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді.Бауыржан өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты 5 рет қоршауды бұзып,негізгі жауынгерлік құрамамен аман-есен двизиясына қосылды

Ән:Бейбітшілік сақталады сөзі: Ә.Есбаев Әні Н.Шәкенов

7-оқушы: Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктері үшін қазақстандық 500- ден астам жауынгер Кеңес Одағы Батыр атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ оған соғыс біткеннен кейін жарты ғасыр уақыт өткенде барып берілген болатын. Ол 1990 жылдың 11 желтоқсаны еді.

-Б.Момышұлы өзіне арнап 1947 жылы 6 желтоқсанда жазған бір шумақ өлеңінде былай дейді:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде

8-оқушы: Соғыс кезінде қан кешіп жүріп істеген адал еңбегі әділ бағаланбаған Баукең мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болғандықтан осыншама жылдар бойы жүрегін сыздатқан. Баукеңнің соғыс, отаншылдық тақырыбына жазған мақалалары, қанатты сөздері шырқырап шындық іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес.

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ , сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі,мейірман тәрбиесісі де бола білген. Соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.

Жүргізуші: Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп.Солардың бірегейін атасақ, "Қанмен жазылған кітап" , "Ұшқан ұя " , " Москва үшін шайқас,, , " Менің отбасым " , "Майдандас достарым" , " генерал Панфилов" , " Төлеген Тоқтаров" , "Адам қайраты" , "Артымызда Москва"Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның "Біздің отбасы, "Артымызда Москва" , "Майдандағы кездесулер" сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

9-оқушы:Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал мәтел нақыл сөздерге назар салсақ

-Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады..

- Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз,

Басшысыз әскер - әлсіз.

- Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

- Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.

-Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.

-Тіртіпке бас иген құл болмайды.

-Елсіз ер болмайды

Ерсіз ел болмайды.

-Тізе бүгіп тірі жүргеннен

Тіке тұрып өлген артық

-Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы.

-Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше , шындықтың уын ішіп өлген артық.

-Ердің туы -намыс.

-Сен жаудан қашсаң,өмір сенен қашады.

-Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттіктің қасиеті.

-Отан үшін тоқа түс - күймейсің.

-Опасызда Отан жоқ.

Көрініс:(Музыка ойнап тұрады ортаға Бауыржан Момышұлы шығады)

Оттан да оқтан да қорықпаған Бауыржан едім.Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады.Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқам, екінші , немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқам. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқам.Ал көрдің қолына балта берсең шаба салады,бақыр берсең ала салады, найза берсең ,сұға салады, намыстанбай бұға салады.Мен табиғатынан , тағдырынан болған соқырлықты айтып отырғам жоқ , тауып алған соқырлықты айтам.Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ , халық болудан қаламыз ба деп қорқамын!

Жүргізуші:Бауыржан Момышұлы жайында өлең, дастандар да, естелік мақалалар да,кітаптар да көп.. Олар Александр Бектің ,,Арпалыс",Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" , келіні Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер" , ұлы Бақытжан Момышұлының "Жанымның жарық жұлдызы"және тағы басқа шығармалар.

10-оқушы:Бауыржан Момышұлының игерген өнерлері көп.Атап өтсек:

*Құралайды көзге атқан мерген.

*Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

* Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен атбегілігімен аты шыққан.Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы әңгіме көп.

* Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте озық тәжірибе көрсеткен.Нағыз қаһармандарды тәрбиелеген және жауынгерлердің "Батька" , "Ақсақал" дегендей қошеметтеріне ие болған.

*Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әнгіме.Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да - бөлек әңгіме. ,,Б.Момышұлының соғыс тактикасы " деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады.Кубаның әскери мектептерінде де Бауыржанның соғыстағы әдіс - тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Б.Момышұлын әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

* Кітабы әлемге таралған жазушы..

* Көпшілікке белгісіздеу өнері -суретшілігі.

* Бильярд ойынының шебері.Сегіз шарды тоқпақтай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгінің ең мықты билярдшыларымен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.

*Сөзге шешен және тапқыр.

Қорытынды.

Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз Бауыржан Момышұлын жан -жақты таныдық .Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады


© 2010-2022