Бар мейіріміміз балаларға атты сценарий

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С. Сатыбалдин атындағы орта мектебі.







"Бар мейіріміміз балаларға"

"Бәйтерек "

жазғы сауықтыру лагері.

( қоштасу ертеңгілігі)










Өткізген: А.К Иманова.















Қызылқоғам ауылы, 2015 жыл.


"Жаз- 2015"

"Бәйтерек " жазғы сауықтыру лагері.

( қоштасу ертеңгілігі)

Тақырыбы: "Бар мейіріміміз балаларға"

Мақсаты: мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жұмысын қорытындылау

Балаларға қызықты ойындар ойнатып, әндер сыйлау арқылы қуаныш сыйлау.

Қатысушылар: балалар ( көрермендер), лагерьде жұмыс жасаған мұғалімдер.

Барысы:

1. Жүргізуші:

Бақшаға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін,

Жігіт болар, күні ертең,

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең!

- Балалар, бүгін сендердің мерекелерің. Бүгін қандай күн?

- Лагермен қоштасу күні.

- Ендеше осы мерекеге орай "Бар мейіріміміз балаларға" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2. Музыка ойналады. Папа Карла ағаштан қуыршақ істеп жатқан көрініс.

Папа Карла: - Балалар, сендер ертегі жақсы көресіңдер ме?

-Ия

- Бүгін сендердің мерекелеріңе Бауырсақ, Көлтаусар, Мальвина, Тышқан, келе жатыр еді. Карабас оларды қамап қойыпты. Соларды құтқару үшін ақылды, мейірімді, батыр қуыршақ жасап жатырмын. ( Буратино пайда болады)

- Мына қуыршақ бізге қамауда тұрған кейіпкерлерді құтқаруға көмектеседі. Ол үшін бұл қуыршаққа жан бітіру қажет. Ол үшін жұмбақ шешіп көрейік. Жұмбақты дұрыс шешсек, қуыршақ тіріледі.

Жұмбақтар:

Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар. ( бор)

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. ( ағаш)

"Бейбітшілік құсы" деп,

Атайды оны барша жұрт. ( көгершін)

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. ( мектеп)

Жұмбақты дұрыс шешкен сайын қуыршақ тіріледі.

3. Буратино балаларды құттықтайды. Балаларды көргенге қуанышты екендігін айтады.

Буратино:

- Енді балалар, мен ертегі кейіпкерлерін құтқарайын. Мына есікті ашу үшін алдымен есіктегі нұсқауды оқиық. Не жазулы тұр екен?

( есікте би билеу деп жазулы тұр)

Кейіпкерлер:

- Амансыңдар ма, балалар! Бізді құтқарғандарыңа рахмет.

Буратино:

-Балалар мына кейіпкерлер қай ертегі кейіпкері екенін танимыз ба?

( ертегі атауларын табады)

Кейіпкерлер:

-Қанша қамауда жатып жаз келгенін де білмеппіз.

- Мына жайқалған гүлдерді қараңдар.

-Жүріңдер гүл теріп қайтайық. ( гүлдерден Жанар әнімен шығады. "Маленькая страна")

Кейіпкерлер:

- Жазғы гүлдер бізге қуаныш сыйлады. Көп рахмет.

- Біз ойнамағалы көп болды. Мерекеге тап болған екенбіз, балалармен көңіл көтеріп, біз де ойнайық.

1.Самат ( Көлтаусар) - "Водовоз" ойыны

2. Жақсылық - ән

3. Шынар Колобок - "Жалқау доп"

4. Ән Ақтоты Сериккалиевна ән

5. Ойын ""

6. Арай ән

7. Айнур Қызыл телпек - ойын "Кім жылдам?"

8. Шынар ән "Балдырғаным"

Жүргізуші:

- Міне, шынында да балалар жазғы қызықты күндерді асыға күтеді емеспе? Ендеше бүгінгі күнді біз мына балаларымызға арнап ерекше қызықты ғып ұйымдастырдық деп ойлаймын. Қатысқан оқушыларға да, мұғалімдерге де рахмет.

- Екінші бөлім мадақтау бөлімі, оны біз көгілдір алау басында өткіземіз.

Құттықтау сөз: Темиргалиева Мадениет Нажмиденовнаға беріледі.



© 2010-2022