Класный час на тему Құстар біздің досымыз

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты, 3-4 сынып

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты: Құстарға, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қамқор бола білуге баулу.

Көрнекілік: оқушылар салған суреттер, құс ұясы, құстар туралы нақыл сөздер жазылған парақтар, сөзжұмбақ

Барысы: І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларды сабақ мақсаты, жоспарымен таныстыру.

ІІ. -Балалар, біз сендермен табиғат деген өзімізді қоршаған орта - ауа, су, тау тас, жер бетіндегі өсімдіктер, жануарлар, құстар екенін білеміз. Біздің бүгінгі сабағымыз солардың ішіндегі табиғаттың көркі, сәні, бау бақшаның әні болған - құстар жайлы болмақ. Олар туралы өздерің не білесіңдер?

-Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Көпшілік құстар қыста жылы жаққа кетіп қалады. Себебі жемнің азаюы, күннің салқындауы. /Катонқарағай Ұлттық табиғи паркіндегі құстар түрі, қорғалуы туралы шағын мәлімет оқылады/

-Көкткемде олар туған жеріне қайта оралады. Өйткені ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалары шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды.

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Олар ағаштағы , жердегі зиянды құрттарды жейді. Ағаштарды сақтайды. Ән салып, көңілімізді көтереді.

Оқушы: -Құстар, құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

«Көктем келді»- деп бізге

Жақсы хабар береді.

Көктем: -Сәлем достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат шадыман көктемің,

Шаттық болсын қашанда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт мереке күнімен.

Оқушы: -Сәлем елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарына көктегі.

Көктем: -Рахмет, балалар, сендерде ой сана бар,

Бау бақшаның дұшпанын

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен,

Келді міне, сәнімен.

Оқушы: -Халық «көкек келді көктем келді» дейді, қадірі мен қасиеті онша емес осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болды екен?

Көктем: -Бұл кезде қар кетіп, ағыл тегіл бұлақтар ағады, жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жарқын жауқазындар гүлдейді. Осы кезде көкек келеді. Не деген ғажап «кө кек, кө кек» деп ән салады. Сондықтан «сәуір» айын «көкек» деп те атайды.

Көкек: -Жаршысымын көктемнің,

«Көкек» дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін,

Көктемді күтсең мені күт.

Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да, мен өте пайдалы құспын. Мен күніне 39шегіртке, 43құрт, 53шытырлақ қоңыз, 4өрмекші тағы да басқа зиянды жәндіктерді жеймін.

Оқушы: Пайдалы құстың бірі қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22тонна шегірткені азық етеді. Үйдің жанында жүретін кішкентай торғайдың өз бір жылда 4 миллион зиянды құрттарды жейді.

Оқушы: Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағымен.

Мекен етіп тұрамын,

Тазалаймын маңайды

Шыбын деген кеселден.

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы бір миллион құрт, шыбын шіркей жейді екен.

Көрініс «Қарлығаш пен дәуіт»

Оқушы: Мен еркін, бақытты бұлбұлмын,

Бұлағын тасытқан ән жырдың.

Тамаша тамылжып шырқаймын,

Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

Оқушы: Құртты іздеп ініне,

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер,

Қашан да ол әбігер.

Оқушы: Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп,

Жырлаған талай ақындар,

Нәзік үнді, көл көркі,

Құс патшасы мен болам.

Оқушылар құстар тіршілігене қарап ауа райы туралы халық болжамдарын айтылады.

-Шағала келсе мең бқзылады.

-Қарлығаш өрлеп ұшса күн жылы болады, жер бауырлап ұшса жаңбыр жауады.

-Жаңбыр жауар кезде қарғалар у да шу болып, топталып ұшып, қонады.

-Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

/Келесі кезекте жұмбақтар жасырылып, шешіледі, оқушылар өздері салған суреттері бойынша әңгімелейді./

ІІІ.Қорытындылау: сөзжұмбақ шешу «Құстар»




© 2010-2022