Разработка классного часа на тему Кеш қалмаңыз

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка классного часа на тему Кеш қалмаңыз...Разработка классного часа на тему Кеш қалмаңыз...Разработка классного часа на тему Кеш қалмаңыз...Разработка классного часа на тему Кеш қалмаңыз...Разработка классного часа на тему Кеш қалмаңыз...

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қоғам және мен Мақсаты: Оқушыларға өзінің жүрген ортасын танып- білуге, айналадағы адамдарға құрметпен қарап, өзінің сол қоғамның бір бөлшегі екендігін түсіндіру.

Тәрбие сағатының барысы: І Қызығушылықты ояту.

Сергіту сәті. «Ұзақ та, керемет өмір...» тренингі. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Бір оқушы бастайды, кез- келген адамға айта алады: «Мен саған ұзақ та, бақытты ғұмыр тілеймін. Бірақ мен саған ренжулімін, өйткені сен....» деп, өзінің ойындағысын жеткізеді. Ол адам: «Рахмет, саған, ойыңды ашық өзіме жеткізгенің үшін, бірақ мен бұл өмірде сенің ғана көңіліңнен шығу үшін жүрген жоқпын» деп, енді өзі кімге айтқысы келеді, ары қарай жалғастырады.

ІІ Мағынаны тану. 1) Оқушылар «қоғам» сөзіне ассоциация жасайды.

ҚОҒАМорта пікір

көпшілік халық

мәдениет

2) «Сені не толғандырады?» ашық хатпен танысу.

"Сені не толғандырады" деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз? Мысалға, мені қоршаған ортаның ластану мәселесі, көп елдерде болып жатқан табиғи апаттар, соғыстар, терроризм, байлық пен кедейлік, яғни адамдардың әлеуметтік жағдайының тым әр түрлі болып бара жатқандығы, тағысын тағылар уайымдатады. Сізді де сол сұрақтар мазалайтын шығар деп ойлаймын. Сонда сіз бен біз не істеуіміз керек? Бар мәселені, әрине, жалғыз адам шешпейді. Ал "көппен көрген ұлы той" деп, әрқайсымыз басымызды мойнымызға тығып отырсақ, онда жағдай ұшыққан үстіне ұшығары анық. Сонда не істемек керек? Қалай жүріп жол табамыз? Меніңше, әр адам өзіне тиесілі істі тыңғылықты орындап, өз басына жауап беретін болса, қоғам тек іскер, жауапкершілікті адамдардан құралса, көп мәселе өздігінен жойылушы еді. Бірақ кілең бір ойлы адамдарды қайдан табарсыз? Оны қойып, бес саусақ бірдей емес деп бір үйдің балаларын да алалап жатады. Ендігі жерде көпшілікті былай қойып, өзімнің жеке басым не бітірдім деп сұрасам, ауыз толтырып айтатын еш қызметім жоқ екен. Сондықтан тым құрығанда өз ойымды қалың жұртқа паш етейін, мүмкін біреулер келісер, кейбіреулер қарсы

болар, бірақ не болса да бір толғаныс туса, жақсы ойлар су түбіндегі асыл тасқа ұқсап су бетіне шығар, көрінер деп үміттеніп, осы ой толғанысын тудырып отырмын. Сонда мен сізге терроризмге қарсы былай күресіңіз, ал зілзаладан былай сақтаныңыз деп сілтеу беруден аулақпын. Оны орындап жүрген неше түрлі қызмет орталықтары бізде жетерлік. Менің айтқым келетіні, бір адамның барша мәселеге қандай қатысы бар, оны шешуде қандай орын алады, немесе қандай орын алуға тиіс екендігін шешіп алғым келеді. Өйткені сол адам дегеніміз сіз бен біз. Сіз де, мен де күнделікті күйбең тіршілікпен өмірде болып жатқан жақсылық пен жамандықты, апаттарды, соғыстарды елеп ескермек түгілі, кейде тіпті білмей де қалатынымыз рас емес пе? Әрине біздер оның бәрін біле беруге тиіс те емеспіз. Бірақ, бұл Жер бетінде нендей құбылыс болса да, ол Жердің әр бір адамына қатысты деп ойлаймын. Жеке басым тек ана болғалы ғана соңымыздағы ұрпаққа не қалдырамыз деп ойлана бастадым. Баланы дүниеге әкелу, асырап сақтау, өсіру, тәрбиелеу былай тұрсын, ол баланың да толыққанды тіршілік етуіне, өз ұрпағын тәрбиелеуіне жағдай жасауымыз да қажет емес пе? Ал қазіргі өмірге қарап кейде: "Ей адамзат, бүгінгі күннен басқа күніңді ойламаймысың!" дегің келеді.

3) Әрбір оқушы өз пікірін жазады. Топта оқып танысады, ортақ бір пікірге келеді. Топтан оқушылар шығып, осы мәселе төңірегіндегі өз топтарының ойын, пікірін жеткізеді.

ІІІ Ой- толғаныс

Синквейн. Бір зат есімге бес жолды тұжырымдама жазады. Мысалы: халық, мәдениет, адамзат т.б.

Топта бір- бірін тыңдап, ең үздігін оқуға шығарады. Кері байланыс. Оқушылар өздерінің ойын түйіндейді.











© 2010-2022