Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі

Мақсаты:a) Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Тақырыбы: Әдептілік-адамгершілік әліппесі.

Мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп

әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

-Бүгінгі болатын 4 «А» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

  1. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны

(тілектер айтылады. )

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

-Өнерлі бол!

-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.

Мұғалім:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтеді. Абай атамыз айтқандай адам болу үшін

Сүймек, сезбек, кейімек

Харекет қылмақ, жүгірмек

Ақылмен ойлап сөйлемек ...

Ақыл керек, ес керек, мінез керек ... - деген екен.

Әдептілік - адамдардың өзара қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі барлығымызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінен күнделікті кезіктіреміз. Қазақ халқы дархан қонақжайлық, үлкенді құрметтеу, бауырмалдық, кішіпейілділікке тәрбиелейді. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды әдепті бала қандай болады екен, содан бастасақ.

І. Бөлім. Ойланайық, пікірлесейік

Әдептілік дегенді қалай түсінеміз?

1- оқушы

Әдептілік-әдемілік.Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі,сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2-оқушы

Мен Диастың пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз- өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе-әдепті.

3-оқушы

Үлкен кісілерге "Ассалаумағалейкум" деп амандасып,амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар.Иманы жоқтың, ұлты жоқ.

4-оқушы

Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсың.Әрбір тірліктің өз уақыты бар.Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.

5-оқушы

Сәлемдескенде ,сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үннің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

Мұғалім: -Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)

Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.Сынып сағаты Әдептілік-адамгершілік әліппесі.




Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

- Әдептілікке жата ма?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.

-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.

-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?

-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?

-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.

Жақсы. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

Әдептілікті бізге кім үйретеді? (Үлкендерден)

Сонда адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен.Бізге ақылдылықты, адалықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.Ол біздің ата-аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді.

Әдепті шыншыл

тәртіпті білімді

мейірімді

Әдепті бала

таза жүреді ұқыпты

Әдепсіз бала

тіл алмайды Әдепсіз бала нашар оқиды

өтірікші еріншек

әдепсіз

ІІ Бөлім. Әдептілік тур.Тақпақтар

1-оқушы.Рауан

Ата-ананың тілегі - адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі - адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.

2-оқушы.Асел

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

3-оқушы.Нұржан

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

4-оқушы.

Сыйла үлкен кісіні,

қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бғдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

5-оқушы.Диас

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

6-оқушы.Анвар

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Үйге қонақ келгенде,

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

7-оқушы.Перизат

Атам маған қашанда,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жек көрем.

8-оқушы.Кудайберген.

Өзгелерден өзімді,

Санамаймын жоғары.

Артық айтыпсөзімді,

Желпінгенім жоқ әлі.

9-оқушы.Аяулым

Атам маған қашан да,

Әділетті бол деген.

Ата сөзі санам да,

Жүрем тура жолменен.

10-оқушы.Санжар

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізетін мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

11-оқушы. Санжар

Ізетті бала,

Ерлан қандай елгезек.

-Ағай ғафу етіңіз!

Алға қарай өтіңіз.

-Оқасы жоқ,ұланым,

Ізетіңмен ұнадың.

Деп ағай да Ерланды,

Жақсы көріп нұрланды.

Мұғалім:

Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

-Ойын : «Жалғасын тап»

- Балалар, мен , мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.

(экраннан көрсету)

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)

-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

-Атақты ұры аштан өледі.

-Ұры қарының серігі.

-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.

ІІІ.Бөлім. Мектептегі әдептілік.

  1. Сабақтан кешікпе,сабақтан себепсіз қалма.

  2. Мектепке келгенде әуелі мұғалімге,содан соң жолдастарыңа сәлем беру.

  3. Сыныпқа үлкендер кірсе, бәріміз орнымыздан тұрамыз.

  4. Сабақ кезінде тура қарап отыр, сабақ үстіндебір-біріңізбен сөйлесуге болмайды.

  5. Партаңды дұрыс пайдалан, оған ештеңе жазба.

  6. Залда жүгірме т.б

ІҮ.Бөлім.Не істеуге болмайды?

  1. Үлкендерің алдынан кесіп өтуге болмайды.

  2. Кішкене баланы жылатуға болмайды.

  3. Құстарды атуға болмайды.

  4. Қыз баланы ренжітуге болмайды.

  5. Сабақтан кешігуге болмайды.

Ү.Бөлім.Құпия хаттарға жауап

  1. Мектептен шығысымен үйге қарай келе жатқаныңда,алдыңнан бір кісі шықты, сен не істер едің?

  • Үлкен кісіге амандасып жол беремін.

2. Өзіңне үлкен кісі сөйлесіп отырғанда, не істеу керек?

  • Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.

ҮІ.Бөлім.Қорытынды

Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.

Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.

Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.


© 2010-2022