Конспект отрытого классного часа на тему Достық пен кешірімділік

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Ашық сынып сағаты

  1. сынып

«Достық пен кешірімділік»





Өткізген: Нұрышева Ж.Н.



Көкшетау -2013 жыл

Сынып сағатының тақырыбы:

«Достық пен кешірімділік»

Мақсаты: Достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, кешірімділікке, шынайылыққа баулу.

Көрнекті - кұралдар: тағам (тұзсыз әзірлеген) , «Блума түймедағы», жасыл және сары түсті сигналдар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Сынып сағатының тақырыбын және мақсатын хабарлау:

Қазір бізде сынып сағаты. Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Достық пен кешірімділік».

Бұл сынып сағатынның мақсаты : Балалар сендерді адал досттыққа, кешірімді болуға және шынайылыққа шақырамын . Ал сынып сағатының тақырыбын жетік түсіну үшін дем алу жаттығуын жасап алайық.

Дем алу жаттығуы:

Бастапқы дене калыпты: тік тұру, басты тік ұстау, аяқ ұшы және өкше бірге, қолы еркін төмен жіберіледі. … Дем алу еркін. 3-4 рет қайталау керек.

Жаңа тақырып:

  • Мына тағамды татып көріңдерші және дәмі туралы не айтасыңдар? (дәмсіз, тұзсыз)

  • Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз -адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

  • Ендеше мынау «дос» сөзіне өткен әріптерімізді қайталай отырып, дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның казір көркі болмай, шуақсыз, көңілсіз күндей болып тұр. Оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. (тактада берілген күн «дос» сезіне «шуактарын» жазу)

«Блума түймедағы» әдісі:

жолдас

адам

қиындықта бірге

сенімді

көмекші

қамқоршы

ДОС



Сергіту сәті:

Ендеше бір-бірімізбен кол алыса отырып, ортаға шығып өз ұранымызды айтайықшы:

Дос болайық бәріміз,

Жарассын достық әніміз.

Иықтасып жүрейік,

Киындықта бәріміз.

Мағынаны тану:

  • Сендердің достарың бар ма?

  • Ренжіссеңдер не істейсіңдер?

  • Досыңмен ренжісіп калсаң татуласу үшін қандай әрекет жасайсыңдар?

Жаман жолдас

Екі дос орманда келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?

Ауру айтты дейді:

- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

Сұрақ - жауап:

  • Сендер сау жігіттің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Сау жігіт дұрыс істеді ме?

  • Ауру жігіттің орнында болсаңдар сау жігітті кешірер ме едіңдер?

  • Жақсы балалар достықтарың берік болу үшін кешірімді болу да керек. Достарыңның қателіктерін сыртынан айтпай бетіне айтып түсіндіруге тырысыңдар.

Ойын

«Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды)

Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз,егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

-Достық бірліктен бастала ма?

Қортынды:

Балдырған баламыз, (өздерін көрсетеді)

Өзара достасып, (бір-біріне карайды)

Сенімді, кешірімді боламыз. (қол алысады)


© 2010-2022