Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар презентация

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: «Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар» тақырыбына байланысты жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс құрастыра отырып, көмекші есімдерден өткенді қайталау, шапшаңдық пен нақтылыққа жетелеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Міндеттері: 1. Музыкалық аспаптарға байланысты сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра отырып, алған білімдерін нақтылау;

2. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын айтып, қорғай білуге үйрету, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруға дағдыландыру.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ.

Әдіс-тәсілдер: «Семантикалық карта», «Бірін-бірі үйрету», «Дұрыс-бұрыс» ойыны.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, видеоролик

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих

Күтілетін нәтиже: Тапсырмалар мен жаттығуларды дұрыс орындайды, тақырыпқа байланысты сөздермен сөйлемдер құрайды, сөйлем ішіндегі сөздер және қосымшаларға талдау жасайды, көмекші есімдерді қайталайды, ізденімпаздық қасиеттері дамып, алған білімді күнделікті қарым-қатынаста қолданады.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу;

ә) «Қар көшкіні» тренингі.

Оқушылар шеңбер құрайды. Оқушылар шеңбер құрайды. Әрбір оқушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім қосады. Мысалы: гүлдей Гүлзина, т.с.с.

б) оқушыларды топқа бөлу. Суреттер бойынша топқа бөлінеді

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Сөйлем құрау және сөздердің қосымшаларын ажырату.

ІІІ Өткен сабақты пысықтау.

Суреттер бойынша қазақтың ұдттық ойындары туралы әңгімелеу.

ІҮ Жаңа сабаққа кірігу.

Суреттер көрсету, «Ақсақ құлан» аңызын еске түсіру. Әңгімелеу.

Ү Сөздік жұмысы.

ұлы мұра -

шертпелі аспап -

ыспалы аспап-

үрмелі аспап-

ұрмалы-сілкімелі аспап-

ұлттық болмыс -

тылсым сыр -

таңғажайып аспап -

ҮІ Жаңа сабақ. «Бірін-бірі үйрету» тәсілі.

1. Мәтінді тыңдау.

2. Мәтінмен жұмыс.

І топ. Мәтінді оқып, талқылап, постерге түсіру, тақтада қорғау.

ІІ топ. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау.

ІІІ топ. Мәтін ішінен көмекші есімдерді табыңдар.

ҮІІ Жаттығу жұмысы.

5-тапсырма. Бос орындарға керекті сөздерді қойып жаз, септік жалғауларын тап.

1. Бізді әлемге әйгілейтін ............................ , қылқобызымыз, сыбызғымыз бар.

2. .................. - жатқан үлкен дүние, үлкен ғылым.

3. Біз оны әлі ................... алмай келеміз.

ҮІІІ Сабақты бекіту.

Сөздер

Шертпелі аспаптар

Ыспалы аспаптар

Үрмелі аспаптар

Ұрмалы-сілкімеліаспаптар

Домбыра


Қобыз


Жетіген


Сыбызғы


Дабыл


Қылқобыз


Адырна


ІХ Үйге тапсырма беру.

Үйге тапсырма беру

4-тапсырма. 88-бет

Аңызды оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Х Бағалау.

Фишкалар арқылы бағалау.

Мадақтау.

ХІ Кері байланыс.

Екі жұлдыз, бір тілек.


Сабақтың тақырыбы: Музыканы зерттеу.
Мақсаттар: 1.Орта Азияда музыка зерттеу туралы мәлімет беру.
2.Әңгімелеу, сөйлеу, жазу дағдыларын меңгеру,кезектес салалас
құрмалас сөйлем құрылу жолдарымен таныстыру.
3.Шығыс музыкасын білуге, зерттеуге баулу.
САБАҚ ТҮРІ: жаңа тақырып, іздену.
САБАҚ ӘДІСІ: сөйлесу, монолог құру әдісі.
КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: Грамматикалық таблица, компьютер

САБАҚ БАРЫСЫ.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Тіл дамыту сұрақтары.
Бүгінгі сабақты үш кезеңге бөлеміз І. Білемін. ІІ. Білгім келеді. ІІІ. Білдім.
Білемін Білгім келеді Білдім

І. Білемін ол үй тапсырмасы.
ІІ. Білгім келеді ол жаңа сабақты түсініп алу.
ІІІ. Білдім бұл Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты меңгеруі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысы сұрақ жауап арқылы өтеді. Сұрақтарға дұрыс жауап берсендер білемін торына қосу таңбасы қойылады.
1. Киіз үйдің аудармасы қалай? (юрта)
2. Ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы не болды? (Киіз үй)
3. Киіз үйдің негізгі бөліктерін ата. (Шаңырақ, уық, кереге)
4. Қазақ халқында шаңырақ иесі кім? (ұл бала)
5. Киіз үйдің ішкі көрінісі қандай болады?
ІІІ.Жаңа тақырып: Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар.
1. Сабақ мақсаттарымен таныстыру.Біздің мақсатымыз қазақ отбасындағы музыкалық аспаптармен танысып олардың түрлерін есте сақтау.
2.Кіріспе сөз: Қазақ өмірінде өлең тыңдау, өлең айту, өлең шығару өте маңызды болған.Себебі ертеде сауатты адамдар өте аз болған, бірақ қазақ халқы білімге әрқашанда қызыққан халық. Олардың барлық білімдері жадында сақталған, өйткені олар жазу, оқу дегенді білмеген. Осыған дәлел ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аңыз-дастандар.Ән шығарып, ән айтқан, әсіресе, ән зерттеген адамдарды қазақ халқы өте жоғары бағалаған.
Жаңа сабақты бастамас бұрын біз Жаңа сөздермен танысып есте сақтау керек.
V. Жаңа сөздер: 85-бет тізбектеп оқып сөздік дәптерге көшіру.

Ой -пікір - соображение, мнение, идея
Қарқынды даму-сильно развиваться
Зерттеу - исследование
Ірі - крупный
Өкіл - представитель
Зергер -ювелир
Өріс - размах
Енді сынып оқушылары үш топқа бөлініп әр түрлі тапсырмалар орындайды.
4. МӘТІНМЕН жұмыс:
Кітаптың 85 бет 1 тапсырма. Мәтінді сөздіктің көмегімен түсініп оқып бірнеше сұрақтар құрап мәтін ішінен көмекші есімдерді тауып атаңдап. Мәтінге тақтадағы тақырыптарды тандап ат қойындар.
І. Домбыра - қазына.
ІІ. Домбыра - жеті қазынаның бірі.
ІІІ. Шертпелі аспап домбыра.

Суретпен жұмыс:



Домбыра - өзi таралған қазақ халық аспабы. Домбыраны әрбiр киiз үйде кездестiруге болады; ол өзi қажеттi және сөзсiз Қазақ өмiрiндегi заттарының санына жатты.
Қобыз - қобыз қасиеттi аспап болды. Қобыз - екi қыл iшектерi бар ысқы ойын құралы
Жетiген - гусляның формасы бойынша немесе жатқан арфа еске түсiретiн ежелгi жетi шектi шертпелi аспап
Шанкобыз - тiлшiктi аспаптардың тобына жатады.

Музыкалық аспаптарға байланысты видео көрсетілекді.

І. Грамматикалық тақырып Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:
салалас қ. с., сабақтас қ. с., аралас қ. с.
Салалас құрмалас сөйлемнің 5 түрі болады: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы және кезектес салалас құрмалас сөйле
2 Таблица арқылы жұмыс.
Ыңғайлас
сқс Қарсылықты сқс себеп-салдар сқс Талғаулы
сқс Кезектес
сқс

Мәтінді оқып салалас құрмалас сөйлемдерді тауып оларды белгіле.
Ерте замандарда музыка зерттеген ғалымдардың туындылары біресе Орта Азияда, біресе Қазақстанда газет-журналдарда басылған. Музыка зерттеушілер кейде украйн халқының шеберлігіне, кейде грузин халқының шеберлігіне таң қалған. Ән өнерін зерттеушілердің ой-пікірлері бірде 17 ғасыр құжаттарында, бірде 18 ғасыр құжаттарында кездестіруде болады.
Келесі тапсырма берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Домбыра, қобыз, жетiген.
3 .Музыканы зерттеу тақырыбында шағын диалог құрастыру.
Әр сөздің жанына өзіне сай суретті қою.
Домбыра Асатаяк. Кобыз. Жетыген. Шанкобыз.


Ыспалы аспаптар Үрмелі аспаптар Үрмалы-сілкімелі аспаптар
Қобыз,қылқобыз, нарқобыз, сазген Сыбызғы,сазсырнай, шаңқобыз Дабыл, дауылпаз, асатаяқ т.б.

Кестені дәптерге жаздыру.
Үш топқа тпсырма.
І топ Домбыра жайында жалпы сипаттама беру.
ІІ. Топ Ұлттың ұлы мұрасы жайынжа әңгімелеу.
ІІІ топ Қазақ халқының қасиетті аспаба жайында айту.
VIII.Қорытынды жасаңыз.. Сабақты қорытындылау барысында сызбаны және тест тапсырмасын қолданамын.Стрелка арқылы жалғаулықтарын дұрыс көрсет.
Ыңғайлас - бірде, біресе, кейде .

Қарсылақты - не, немесе, яки, не болмаса,
әлде, әйтпесе
Себеп-салдар - өйткені, соңдықтан, себебі,
сол үшін, сол себепті
Кезектес - және, әрі, да, де, та, те.

Талғаулы - бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе
де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен
Бағалау:
Үйге тапсырма: 86-бет Домбыра туралы айтылған нақыл сөздерді оқып, осы аспап туралы пікір жазу.



© 2010-2022