Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел –біздің ұлы және лайықты Қазақстан!»

Амангул Жаксылковна Нахуанова. Аңқаты ЖОББ мектебінің 8-сынып жетекшісі. БҚО,Теректі ауданы, Аңқаты ауылы.   Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мәңгілік ел –біздің ұлы және лайықты Қазақстан!» Тәрбие сағатының мақсаты: Жас өрендерді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып,  Отанын сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Міндеті: о...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Амангул Жаксылковна Нахуанова. Аңқаты ЖОББ мектебінің 8-сынып жетекшісі. БҚО,Теректі ауданы, Аңқаты ауылы.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Мәңгілік ел -біздің ұлы және лайықты Қазақстан!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Жас өрендерді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, газет,журнал қиындылары, кітаптар көрмесі, компьютер.Жолдау туралы слайд және Астана туралы слайд көрсету.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Тәрбие сағатының барысы:

Әнұран орындалады.Оқушыларды сапқа тұрғызып, бәріміз бірге әнұран орындаймыз.

  1. Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.

  2. Психологиялық тренинг. «Шаттық шеңберін» жасау.

Шаттамын мен де!

Шаттанасын де!

Шаттанамыз бәріміз!

Арайлап атқан күнге!

Бәрімізге сәттілік серік болсын!

  1. Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі жаңа оқу жылы құтты болсын!Деніміз сау болып, жаңа белестерге жете берейік! Бүгінгі «Мәңгілік ел -біздің ұлы және лайықты Қазақстан!» атты

тәрбие сағатымызды ашық жариялаймын! Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.

4.«Ой қозғау» .Сұрақтар қойып, жауап алу.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?

5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

7. Қазақстан қандай табысты елдермен ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс жасауды? Қытай, Малайзия, Түркия елдерімен.

8. 2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені жолдады?

-Иә, балалар, елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. «Жолдау» атты сөзжұмбаққа зер салайық.
5. Сөзжұмбақ шешу. Қызығушылықтарын ояту.

1.Әлемдік сөзінің синонимі қалай аталады?

2. Туған ел, туған жер сөздерін тағы да басқалай қалай айтамыз?

3. " Кім- бауыр етің?" (мақал.)

4. "Бірінші байлық- не?" (мақал.)

5.Қазақстанның астанасы?

6. "Не -инемен құдық қазғандай?" (мақал)

6. Жолдау туралы айту.

-Тәрбие сағатымыз Елбасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған « Қазақстан -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» жолдауына арналады.

-2014 жылы 17 қаңтарда ҚР-сының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Бір жыл бұрын елбасы 2050 жылға дейінгі дамудың жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Осымен екінші рет Жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде өтті. Бұл жолы Тәуелсіздік сарайы таңдап алынған. Елбасы халыққа кезекті жолдауын алдағы 35 жылда елдің қандай жолмен дамитынын түсіндіріп, Үкіметтің атқаруы тиіс істерін нақтылап берді. Сонымен қатар елімізде жалақы, шәкіртақы өсіп, атом электр станциясы мен жаңадан мұнай өндіру зауыты ашылмақ.
-Бұл -2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа бөлеміз.
Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы, медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек. Ал кәсіпкерлікпен айналысуды отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр.
-2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге жалақысы көбейтілсін. Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 28 , білім беру 29, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өсірілсін.Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендия 25 пайызға өсірілсін.
Ал экономика мұнай мен газдан түсетін табысқа қарап қалмауы тиіс. «Қара алтынға» бай Қазақстанда отын тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев көптен дауға айналған мәселеге нүкте қойып, атом электр станциясының құрылысын бастауға пәрмен берді.
- Болашақ атом электр станциясында,тағы бір жайт,мемлекеттік кәсіпорындарды жекенің қолына өткізу мен ішкі миграция. Қазіргі таңда ауылдан қалаға қоныс аударшылардың саны артқан. Сондықтан Астана мен Алматыдан кейін Шымкент пен Ақтөбені ірі мегаполиске айналдыру үшін мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді.
-Алдағы 35 жылға жоспарланған құжат өте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған. 10 стратегиялық бағыт белгіленген.
1. Қазақстанда қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылады. Соның ішінде электромобильдер қолданылатын болады. Соған қатысты барлық инфрақұрылымдар электромобильдерге арналып жасалады.
2. Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом стансаларының құрылысын жүргізеді. Келешекте әлем экономикасының арзан атом энергетикасына деген сұранысы арта береді.
3. Ғылым саласы ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландырылады.
4. Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болады.
5. Тиімді жер нарығы жасалады. Ауыл шаруашылық жерлерін тек инвестиция тартудың және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланудың негізінде жалға беру Қазақстан ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті етеді.
6. Табиғи азық-түліктен бөлек, елде шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған дәнді-дақылдарды жасақтау басталады.
7. Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты ашылады.
8. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады. Жұмыскердің денсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің өзі бірдей жауапкершілікте болады және ол медициналық қызмет жүйесінің ең басты талабы ретінде бекітіледі.
9. Елде қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жасалады.
10. Қазақстанда мәдениетті саясаттың тұжырымдамасы жасақталады.
-Болашақ бағдарын айқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан дамуындағы аса маңызды межелерді анықтап берді.

Білім сапасы көтерілмей, еліміз қарқынды дамудың жолына түсе алмайды. Мұны Елбасы бұрынғы жолдауларында да, басқа да сөйлеген сөздерінде айтып жүр. «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - дейді Жолдауында Н.Ә. Назарбаев.

Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы - «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет болашағымызға бағдар ететін - «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы -Мәңгілік Ел!

Нұрсұлтан Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен , өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда!Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

7.Сабақты қорытындылау:

-Балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек?

Өз ойларымызды ортаға саламыз!Өз білетін,дайындап келген өлеңдеріңізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат.

Бекзат: «Елім, менің!»әнін орындайды.

Бибарыс: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Мадина: Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Аягөз:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Аятбек:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз!
Бибарыс: Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз.
Алишер: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Аягөз: Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.
Толғанай: Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.
Мадина: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.
Аятбек: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

-Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет!



© 2010-2022