Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫҚайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫҚайырымдылық - адамгершілік белгісі.

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.

Нақыл сөздер:

«Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» /И.Песталоций/. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.»/Әл-Фараби/.

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.

Әдептілік - қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі.

Әдептілік - ар-ұят

Адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі.

2-жүргізуші: Қазақта «Жақсыдан - шарапат, жаманнан - кесапат» деген мақал бар. Мұндағы «Шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты іс жасау кез-келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам - Абай армандаған кемел адам:

Өзек қуа ағады,

Өзен судың саласы

Алыстан сәлем береді

Әдепті елдің баласы.-демекші Жамбыл Шыңғыс пен Ғазизов Нұрболдың «Жастар биі» атты күйін қабыл алыңыздар

1 - Жүргізуші:
Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету - халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.
Жомартов Қасымжомарт.
Көрші - қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
Каиржанова Мадина
Қайырымдылық - асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір - біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Серик Дәурен
Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу - бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да - елдігіміздің нышаны.

Резуанова Аружан
«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір - бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!

2 - Жүргізуші: Балалар, тәкаппарлық пен жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ сақтайық. Білімді, саналы болашақ. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады. Келесі кезекте

  1. Нургазина Камила

  2. Байжігіт Толғанай

  3. Омаркулова Лиана

  4. Пірматова Айгерім

  5. Тургайбекова Назерке

М.Садвакасованың орындауындағы «Сарбаздар» әніне би.

1 - Жүргізуші: Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай береді. Ата - бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қояр ма екен? Енді ата - бабаларымыздың нақыл сөздеріне кезек берейік (Нақыл сөздер айтады).
2 - Жүргізуші: Біз - халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғастыратын ұрпақпыз.
Өмір тауқыметін шегіп отырған кемтар адамдарға, көп балалы отбасыларға, қарттарға, зейнеткерлерге қайырымдылық қорлары да өз көмектерін көрсетуде.
Халқымыздың осы бір бағалы дәстүрін - қайырымдылық пен жақсылықты ұмытпайық!
Ән. «Қазақтай ел қайда» хор


Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ




Астана қаласы №66 мектеп-лицейіҚайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ







Сыныбы: 6 «А»

Сынып жетекшісі: Дунбаева Н.М.Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ









2015-2015 оқу жылы



Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ







Жомартов Қасымжомарт.
Көрші - қолаңның, ағайын туыстың жалғыз аты өлсе, оның етін көпшілік болып бөлісіп, орнына бірігіп ат сатып берген.
Каиржанова Мадина
Қайырымдылық - асыл қасиет. Шексіз мейірімді, шексіз рақымды. Алла мұсылман құлдарына әрқашан да бір - біріне мейірімді, қайырымды болуға үндейді.
Серик Дәурен
Атаны ардақтау, ананы аялау, досты сүю, жолдасты құрметтеу - бізге бабаларымыздан қалған дәстүр. Бұл да - елдігіміздің нышаны.

Резуанова Аружан
«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдынан шығады,» деген екен. Бір - бірімізге жақсылық жасаудан жалықпайық, достар!



Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ







Жамбыл Шыңғыс пен Ғазизов Нұрболдың «Жастар биі» атты күйі





Қайырымдылық адамигершілік белгісі ТӘРБИЕ САҒАТЫ







М.Садвакасованың орындауындағы «Сарбаздар» әніне би

  1. Нургазина Камила

  2. Байжігіт Толғанай

  3. Омаркулова Лиана

  4. Пірматова Айгерім

  5. Тургайбекова Назерке

.



© 2010-2022