Внекласная работа

Тақырыбы: «Асыл сөз» зияткерлік ойыны Мақсаты:1.Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. 2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. 3. Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар,сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.Егеменді мемлекетіміздің басты белгілері...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внекласная работаКөктөбе жалпы орта білім беретін мектеп









зияткерлік ойыны

(5-сыныптар)

Внекласная работа





Өткізген: Иманбаева З.Ж.





2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Асыл сөз» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
1.Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар,сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі тіл. Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді.
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек.

1-Жүргізуші:

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

2-Жүргізуші:

Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,

Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.

Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,

Естілсін мемлекеттік әр істе үні!


  1. Жүргізуші: - Құрметті әдебиетті, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар! Тілдер апталығы аясында өткізіліп отырған 5-сынып оқушыларына арналған «Асыл сөз» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!


  1. Жүргізуші: -Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса- қырандай қалқыған, ойға салса- қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! (Н.Ә.Назарбаев)

Бұл жанды тіл- менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Бірлік, достық, татулық жүрегі боп

Жасай бер, Ана тілім-қазақ тілім!

1-Жүргізуші: -Бүгінгі «Асыл сөз» зияткерлік ойынына қатысушы топтарды қарсы алыңыздар «Қазақ тілі - өрісі мол қазына» тобы:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Ұраны: Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.

2 - Жүргізуші: Екінші топты қарсы алыңыздар «Тіл - рухани күре тамыр» тобы:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Ұраны: Егер тілім ертең болса құрымақ,
Біз дайынбыз өлуге де бүгін - ақ.

1-Жүргізуші: -Үшінші топты қарсы алыңыздар «Туған тіл - басты байлығым» тобы:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Ұраны: Ана тілім өркенде
Бола бер күшті көркем де.

2-Жүргізуші:

Туған тіл қасиетін ардақтайық,

Сабырмен ойымызды салмақтайық.

«Ырыс алды-ынтымақ» деген сөз бар,

Сайысты көріңіздер, біз бастайық!

Әділ -қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

1-Жүргізуші:

Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім!

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім!

Бүгінгі «Асыл сөз » зияткерлік сайысы төмендегідей бөлімдерден тұрады.

  1. «Ана тілім- асылым, бай қазынам» ( қатысушы топтар өздеріне берілген 10 сұраққа тез арада жауап береді).

  2. «Даналық сөзден дән ізде» ( тілге қатысты мақал-мәтелдің сыңарын тауып, мақалды жалғастыру).

  3. «Көңілден шыққан көрікті ой» бөлімі бойынша мәнерлеп оқу

  4. « Бас қатырғылар базары. Ребусты дұрыс шешу.

  5. Капитандар сайысы.

2-жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Қатысушыларға 10 сұрақ қойылады. Тез арада жауап беру керек.

Қазақ тілі - өрісі мол қазына тобына:

1.Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы.

2.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

3.Қазақ тіліндегі буын саны.

4.Екі кісінің сөйлесуі.

5.Үш би.

6.«Қазақ хрестоматиясын» кім жазды?

7.«Ау, қызғыш құс, қызғыш құс» өлеңінің авторы.

8.«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы.

9.Қараңғы түнде тау қалғып» кімнің өлеңі.

10.«Ақылды» сөзінің түбірі?

«Тіл - рухани күре тамыр» тобына:

  1. Ата Заң күні қашан?

  2. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?

  3. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  5. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?

  6. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?

  7. Құлагер кімнің аты?

  8. ҚР-ның рәміздерін ата.

  9. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?

  10. Жүз жасаған ақын?

«Туған тіл - басты байлығым» тобына:

1. «Тамаша» сөзінің синонимі

2. «Әсемпаз болма» әрнеге өлеңінің авторы.

3. Жерұйықты іздеген аңыз кейіпкері.

4.Абайдың табиғат лирикасы

5. Өнер алды не?

6."Ер Төстік" - қандай ертегі?

7. «Оқушы» сөзін септеңдер.

8. Сын есімнің сұрақтарын ата.

1-жүргізуші: Әділ -қазылар алқасынан топтардың ұпайларын сұраймыз.
1топ: «Қазақ тілі - өрісі мол қазына»
ІІ топ «Тіл - рухани күре тамыр»
ІІІ топ «Туған тіл - басты байлығым»

1-Жүргізуші:

Қалағандай қиюлап үй тастарын,

Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.

Тіліңнің білгің келсе құдіретін,

Жұртыңның оқы өлеңін, жыр дастанын. (тілге қатысты ақын-жазушылардың өлең шумақтарын жатқа оқиды).

1-жүргізуші: Әділ -қазылар алқасынан топтардың ұпайларын сұраймыз.
1топ: «Қазақ тілі - өрісі мол қазына»
ІІ топ «Тіл - рухани күре тамыр»
ІІІ топ «Туған тіл - басты байлығым»
2-жүргізуші: «Даналық сөзден дән ізде» бөлімі бойынша : ( тілге қатысты мақал-мәтелді жалғастыру, тақтаға мақалдың бірінші жолы жазылған слайдтар шығады).

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

  2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

  3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

  4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

  5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

  6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

  7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).


  1. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

  2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

  3. Тіл қылыштан ... (өткір).

  4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

  5. Тілден артық ... (қазына жоқ).

  6. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

  7. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).


  1. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

  2. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

  3. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

  4. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

  5. Басқа пәле - ... (тілден).

  6. Білім кілті - ... (тіл).

  7. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).

1-жүргізуші: Әділ -қазылар алқасынан топтардың ұпайларын сұраймыз.

1топ: «Қазақ тілі - өрісі мол қазына»
ІІ топ «Тіл - рухани күре тамыр»
ІІІ топ «Туған тіл - басты байлығым»

«Көңілден шыққан көрікті ой» бөлімі бойынша мәнерлеп оқу.

Келесі сайысымыз « Бас қатырғылар базары. Ребусты дұрыс шешу. Мына ребусты дұрыс шешсеңдер қазақ тілінің негізін салушы ғалымның аты-жөнін оқисың.

Внекласная работа

2-жүргізуші:
Қазақ тілі - аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді.Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Осындай майса, сұлу осындай тілді қалай өгейсітуге болады?

Капитандар сайысы. (Әр топ басшыларына тапсырмалар

беріледі)

2-жүргізуші: Әділ -қазылар алқасынан топтардың ұпайларын сұраймыз.

1-жүргізуші:

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.

Қасиетті тілімнің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да!..

Осымен «Асыл сөз» зияткерлік ойыны аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

«Тіл - рухани күре тамыр»

«Қазақ тілі - өрісі мол қазына»

«Туған тіл - басты байлығым»

Внекласная работаВнекласная работаВнекласная работа



© 2010-2022