«Ұлт мұрасы» аймақтық кешенді бағдарламасы негізінде 4 сыныпқа жасақталған тәрбие жұмысының жоспары

№36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызының 2014 – 2015 оқу жылына арналған «Ұлт мұрасы» аймақтық кешенді бағдарламасы негізінде 4 «в» сыныбына жасақталған   тәрбие жұмысының жоспары І. Кіріспе          Тәрбие және білім беру мекемелері қоғам болашағын тәрбиелеуге, жан-жақты білім беруге  және баланың өмірі мен болашағына қатысты барлық келеңсіздіктердің алдын алуға  міндетті. Бала тәрбиесі – қоғамдық жауапты іс. Бала тәрбиесі мәселесіне қоғам болып арал...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры З.Жолдасова директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«----» ------------------2014 ж. «----» ------------------ А.Т.Қосалиева



№36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызының

2014 - 2015 оқу жылына арналған

«Ұлт мұрасы» аймақтық кешенді бағдарламасы негізінде

4 «в» сыныбына жасақталған

тәрбие жұмысының жоспары

«Ұлт мұрасы» аймақтық кешенді бағдарламасы негізінде 4 сыныпқа жасақталған тәрбие жұмысының жоспары


І. Кіріспе

Тәрбие және білім беру мекемелері қоғам болашағын тәрбиелеуге, жан-жақты білім беруге және баланың өмірі мен болашағына қатысты барлық келеңсіздіктердің алдын алуға міндетті. Бала тәрбиесі - қоғамдық жауапты іс. Бала тәрбиесі мәселесіне қоғам болып араласпаса, кешенді, мазмұнды іс-әрекеттер талап деңгейінде атқарылмаса нәтижелі жұмыс болмайды.

Қай ұлт тарихын алып қарасаңыз да ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу - елдік мәселе. Бала тәрбиесі жөнінде ұлы Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», - деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат-жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Бала санасына Қазақ елі тарихының бастаулары, Қазақстанды мекен ететін халықтардың мәдениеті, ана тілі туралы нақты түсініктер мен ұғымдар сіңірілуі қажет. Алайда тәрбие және білім беру мекемелерінің тәрбие және білім беру бағдарламаларында жоғарыда аталғандармен қатар туып - өскен өңірдің табиғаты, халқының мәдениеті, жергілікті жер экономикасының ерекшеліктерімен байланысты толыққанды материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Сонымен бірге, жастарымыздың бойында ұлттық тәрбиенің қажеттілігін түсіну, азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтардың қалыптасуының жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады. Ба­ла тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол - за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.

Бүгінгі күні облысымыздағы тәрбие және білім беру ұйымдарының көкейтесті мәселелері:

  • жасөспірімдер ортасында ксенофобия, кемсіту мінез-құлқы мен жауығушылықтың туындауына әкеліп соқтыратын балалардың жекелеген санаттарының этикалық, азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие деңгейінің төмендеуі;

  • Ата-ана мен бала, педагогтар арасындағы тұрақты байланыстың әлі де болса жетімсіздігі;

  • көп жағдайда рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтар екінші орынға шығып қалуы. Көптеген отбасылар мен мектептерде балалар ана тілінде қарым-қатынас жасамауынан өз халқының мәдениетімен аз таныс болуынан ата-анаға деген құрмет, ата-аналардың баласының болашағы үшін жауапкершілігі және балалардың ата-ана алдындағы борышы және т.б. дәстүрлі отбасылық құндылықтардың құнсыздануы;

  • балалар мен оқушы жастардың батыс мәдениетінің құндылықтарына бағдарлануы өскелең ұрпақтың адамгершілік және моральдық болмысының құлдырауына, рухани жұтаңдауына, балалар мен жасөспірімдер арасында бірін -бірі қайырымсыздыққа үгіттеу, темекі шегуге, алкоголь және есірткі пайдалануға, оқушылар арасында зорлық пен зомбылыққа, жезөкшелікке бейім болудың көбеюі;

  • интернет жүйелеріндегі бала санасына жат ақпараттардың қолжетімді болуы;

  • баланың жауапкершілігін және жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытудың жоғары әлеуеті − еңбек тәрбиесінің рөлінің төмендеуі;

  • денсаулық мәдениеті мен саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстың тиімсіздігін;

  • отбасының және қоғамдағы басқа әлеуметтік институттардың тәрбиелік әлеуетінің жеткіліксіздігі;

  • жастардың діни сауатының тым төмендігі;

  • бала психологиясын түсінудегі біліктіліктің төмендігі;

  • балабақшалардың барлық сәбилер үшін қолжетімді болмауы;

  • әлеуметтік жетімдік, суицид проблемалары көбейіп, жастарымыздың іріткі салатын теріс ағымдарға еруі және т.б. жағдайлар шиеленісіп отыр.

Қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі - жастардың теріс ағымдағы дін жолына түсуі. Бүгінде облыстағы білім беру ұйымдарында 210 дінге бет бұрған оқушы білім алуда, оның 100-і орта арнаулы оқу орындарының студенттері.

Жастар арасында неке және отбасы құндылықтарын насихаттау жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуінен білім беру ұйымдарында 2014 жылдың жартыжылдығында 36 қыз бала ерте жүктілік жағдайына ұшыраған.

Балаларға қосымша білім беру жағдайы өзіне ерекше назарды, жағдайын жақсартуды қажет етеді. Олардың материалдық жабдықталуы қазіргі жағдайда 60% ғана болып отыр. Қосымша білім беру ұйымдарының саны аздығы жастардың барлығы үшін қолжетімді болмай тұр.

Балабақшалар бағдарламаларын әлі де болса жетілдіру қажеттігі байқалып отыр. Тәрбие негізі неғұрлым ертерек сіңірілсе ғана тиімді болатыны түсіінікті. Осыған орай балабақша бағдарламаларымен жұмыс істейтін тәрбиешілердің жеке басының тұлғалық қасиетінің болуы - ата-ана үшін де, болашағымыз - бүгінгі бүлдіршіндер үшін де аса маңызды фактордың бірі. Мектепке дейінгі топтар үшін сауат ашу, математика, құрастыру, сурет салу бойынша оқыту құралдары қолданылатын құралдарды көбейту қажет. Балабақшадағы оқу мен тәрбиеде экологиялық тәрбие бағдарламасының элементтерін қолданудың үлес салмағын арттыру қажет.

Мұндай жағдайдың бірден бір себебі - негізгі нысаны балаларды және оқушы жастарды рухани, адамгершілік, патриоттық дамыту болып табылатын тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде және мақсатты процесс ретінде де жете бағаламау. Тәрбие құндылықтар, қарым-қатынас, мінез-құлық, мораль және адамгершілік сияқты категориялармен анықталады. Сондықтан осы құндылықтардың бала санасына ерте жастан сіңірілуі өте маңызды. Бұл бағыттағы күш тәрбие мен білім беру ортасы, қоғамдық ұйымдар, ата-аналардың, барша қоғам мүшелерінің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруы арқылы белсенді жүзеге асады.

Сондай-ақ тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асырудың жаңа тәсілдерін енгізу механизмдерінің өңделмегендігі, педагогикалық және жетекші мамандардың жаңа жағдайлардағы тәрбие жұмысына даярлығының жеткіліксіздігі ықпал етеді.

Атырау облысының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, жалпы орта, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында 2014 - 2015 жылдарға арналған «Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысын жандандыру, ізгілендіру және инновациялау мақсатында жас ұрпаққа патриоттық, рухани-имандылық, отбасылық тәрбие беру, жаңа идеялар мен бағдарламаларды жүзеге асырушы миссиясын атқарады.

«Ұлт мұрасы» - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады. Ұлт мұрасы сана-сезімді қалыптастыру негіздерінің бірі, ізгілік пен отаншылдық құндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор әлеуетке ие. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Ал жастық шақ ізденістің бастауы, болашаққа деген ұмтылыстың күшті болатын кезеңі. Педагогтар қауымының міндеті өз болашағы үшін өмір сүру мақсатын айқындаған ір жасты болашақ өмірге дайындау. Ұсынылып отырған бағдарламадағы негізгі тұжырымдар Қазақстанды мекен еткен барша ұлт баласының өз Отанына деген сүйіспеншілігін, туған жеріне, өскен ортасына, халқына, айналасындағы барша адам баласына деген мейірім мен махаббатын, адамгершілік ұлы қасиеттерді, ұлтжандылықты бойына сіңіріп өсуін мақсат етеді. Бағдарлама халқымыздың «Үш байлығыңды - елің мен жеріңді және тіліңді құр­метте» деген сөздерін әр ұрпақ санасында сақталуын, ұлт болашағының «Мәңгілік ел» жолына қарай айқын, нық қадаммен бет түзеуін мақсат етеді.


ІІ. Бағдарламаның төлқұжаты

Атауы: Атырау облысының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, жалпы орта, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында 2014 - 2015 жылдарға арналған «Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасы.

Әзірлеу үшін негіздеме: Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру дамыту. Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2014 жылғы 26 маусым күні өткен отырысының №02 хаттамасын іске асыру мақсатында.

Негізгі әзірлеуші: Атырау облысы Білім беру басқармасы. Нормативтік негіз: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауларын, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын», «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысын, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 ж. 16 қарашадағы №521 бұйрығын жүзеге асыру.

Сонымен бірге, Бағдарлама тәрбие саласына қатысты облыс деңгейіндегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 6 қаңтардағы №1436 қаулысын жүзеге асыру мақсатында жасақталған «Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлін арттыру жөніндегі 2014 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»;

- облыс әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №37 «Атырау облысында жастар саясатын дамытудың 2014 жылғы арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №360 «Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы; Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №34 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы №1114 «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Атырау облысының 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы,

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы №169 «Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы,

- Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы №7 «Атырау облысында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» шешімі.

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында тәрбие ісіне жауапты педагог мамандарының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылєы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларєа теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкесті қызмет атқаратын) кәсіптік жетілдіруін белсендіру арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Қазақстандағы әр бала тұлғасының мотивациялы-құндылықтар аясын дамыту;

  • тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;

  • отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;

  • балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау;

  • балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын табу;

  • жастардың бойында табысты әлеуметтенуі үшін құзыреттіліктерді, толассыз өздігімен білім алу мен өзін-өзі дамытуды, олардың саналы түрде жан-жақты өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы - өзін-өзі тәрбиелеуге қатысуды қалыптастыру.

Іске асыру механизмі: 1. Атырау облысы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесін жаңа моделінің принциптерін қамтылуын реттейтін нормативтік құқықтық аспектісін дайындау.

2. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің нәтижелілігі мен сапасын бағалау көрсеткішін дайындау.

3. Атырау облысының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын дайындау.

Іске асыру мерзімі: 2014-2015 оқу жылы.

Қаржыландыру көздері: жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қаражаттар.

Күтілетін нәтижелер: - облыстық барлық деңгейдегі тәрбие және білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесінің ролін нығайту, адамгершілік, азаматтық, отансүйгіштік және салауатты өмір салтының тұрақты негіздері қалыптасады;

- оқу мен тәрбие - бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі үрдіске айналады;

- жаңа заманның жаңашыл ұстаздары көбейіп, олар оқу мен тәрбиені бірдей теңестіріп алып жүру арқылы өзінің шеберлігі мен іскерлігін көрсете алады;

- балабақша тәрбиеленушісінен бастап оқушы, студент жастардың бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін қалыптасады;

- жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті тәрбиелеудің мүмкіндіктері ұлғаяды;

- рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейту жүзеге асады;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, ұлт мұрасы ретінде сақтау деңгейі арта түседі;

- жүйеленген бағдарламаларды оқу - тәрбие үрдісіне енгізу жүзеге асырылады;

- балабақша бағдарламалары облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

- балалардың жазғы демалысын жүзеге асырудың тиімді мүмкіндіктері ұлғаяды;

- өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.



Тәрбие бағыттарының атауы

Тәрбие түрі

(Тәрбиенің кешенді бағдарламасынегізге алынды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген)


Міндеттері


Іске асыру механизмі

1

«Мен - елімнің патриотымын!»

Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

Отанға қызмет ету даярлығын қалыптастыру; құқықтық мәдениет

тәрбиелеу; азаматтарға, билік органдарына құрметпен қарым-қатынас жасауды дамытуға ықпал ету; өз қадыр-қасиетін және социумдағы орнын сезінуді дамыту және т.б. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде баланың жас ерекшелігіне сай жұмыс түрлерін ұйымдастыру Отан, « менің қалам (ауылым) » ,«менің ауданым» тақырыптарын туған жердің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерін үйретуге бағыттау.

Мемлекеттік тілді оқыту, Қазақстанның тарихымен, қазақ халқының және басқа да этностардың мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыру.

Балалар қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын жандандыру.

Оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру арқылы.

Ерлік, намыс және абырой тағылымдары.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сабақтарда, ойын және тәрбие шаралары арқылы.

Патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен белгілерін білуге арналған байқаулар және олимпиадалар.

Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Елдегі саясат, өнер, бизнес және т.б. сала басшыларымен кездесулер

2

«Рухани байлық - игілік негізі»

Рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету; адамгершілік проблемаларды шешу білігін меңгерту; байланыс жасау бейімділігі мен мінез-құлықмәдениетін дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру адамгершілік элементтерін мінезді қалыптастыру бағытында тәрбиелік, психологиялық шаралар арқылы жұмыстанады.

Білім беру мекемелерін денсаулығында ақауы бар балалардың талантты және тең құқылы қарым қатынасты қалыптастыру

Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту.

Қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту. "Өзін-өзі тану" пәнін оқытуды жетілдіру. Қоғамдық бірлестіктер, қозғалыстар және балалар мен жастар клубтарының іс-әрекетін жандандыру.

Әлеуметтік, қайырымдылық жобаларды дайындау және іске асыру, волонтерлықты дамыту және т.б.

Білім беру мекемелерінде

«Қамқорлық топтарын» құру, оның жұмысын жүйелі жүргізу.Этнопедагогика кабинеттерін құру және жабдықтау; ҚР Елтаңбасы, Туы және Гимнін, қазақ халқының мемлекеттік тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша байқаулар, олимпиадалар өткізу

3

«Отбасы - ұлт рухының айнасы»

Отбасы тәрбиесі

отбасылық құндылықтарды қалыптастыру; коммуникативтік дағдыларды дамыту; Қазақстан халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрлері негізінде отбасылық құндылықтарды нығайту; өз отбасының, тегінің және социумның тарихына танымдық қызығушылық тудыру және т.б.

мектептердің қамқорлық кеңестері және ата-аналар комитеті арқылы; бірге ұйымдастырылған отбасылық шаралар; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ата-аналардың педагогикалық жалпыға міндетті оқуы және т.б.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-аналардың үйлестіру топтарын құру

4

«Денсаулық - өмір негізі»

Дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салтын қалыптастыру

саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру; дене және психологиялық саулығын сақтау; суицидтің, зиянды заттарды қолданудың және компьютерлік ойындарға тәуелділіктің алдын алу және т.б.

дене тәрбиесі және саламатты өмір салты сабақтары, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, мәдени-көпшілік шаралар, дәрістер, тренингтер, әңгімелер, психологиялық диагностика арқылы және т.б.

Денсаулығында ақауы бар дене тәрбиесіне қатыспайтын балалар үшін медициналық топтар ашу, инклюзивті білім алатын оқушылардың осы шараларға қатысу мүмкіндігін арттыру.

5

«Еңбек - өмір мәні»

Еңбек және экономикалық және кәсіби шығармашылық тәрбие, әлеуметтік мәнді жеке қасиеттерін қалыптастыру

еңбек дағдысын,ұтқырлықты,іскерлікті дамыту; еңбек құралда-

рына құнтты қарау сезімін қалыптастыру; еңбексүйгіштік, табандылық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту, мамандық таңдауға саналы қатынасын қалыптастыру және т.б.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің еңбек дағдыларын қалыптастыруда «менің еңбегім», «мен жасадым», «менің еңбек өнімім» т.б шаралар арқылы бала бойынша негізгі ұғымдарын үйрету

технология сабақтарында еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы.Сенбіліктер,

кәсіпорындарға саяхаттар,

тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер және т.б.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Дамытушы ортаны қалыптастыру» әр тақырыпта сабақ пен тәрбие шарасында баланың ойында қолымен жұмыс жасауына, оның өнімін алуына, өзі бағалауына көңіл бөлу.

6

«Табиғаттан нәр алып...»

Экологиялық тәрбие

табиғатты сақтауда белсенді азаматтық көзқарас тәрбиелеу; табиғатқа құнтты қарым-қатынас қалыптастыру, оның байлығын еселеуге ұмтылу; өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығының жоғары деңгейін дамыту және т.б.

оқу пәндері, қосымша білім беру арқылы, туған өлке бойынша экспедицияларға, туристік жорықтарға, сенбіліктерге, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға, жасыл желек отырғызуға, «Жасыл ел» қозғалысына қатысу және т.б.

7

«Мәдени мұра - халық игілігі»

Көркем-эстетикалық тәрбие, интеллектуалді мәдениетті дамыту

эстетикалық тәрбие құралдары арқылы көркемдік талғам қалыптастыру;

эстетикалық тәрбие әдістері мен принциптерін дайындау және т.б.

оқу пәндері, қосымша білім беру, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы.Үйірмелер, әдеби клуб, КТК клубы және т.б.; саяхаттар: театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға; шаралар: шығармашылық кештер, оқушылар шығармашылығының көрмелері, байқаулар; кездесулер: белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б.



Тәрбие бағыттары

Іс-шаралар тақырыбы

Мақсаты

Өту түрі

Жұмыс түрлері

Уақыты

Жауапты

Мектеп псих.н жұмыс

Медбикемен байланыс

Кітапханамен байланыс

Пән мұғалімдерімен байл.

Ата-анамен байланыс

Қоғамдық ұйымдармен мектептен тыс мекеме-лермен байланыс( Жас Ұлан,Жас қыран)


Жеке оқушымен жұмыс

І

«Мен - елімнің патриотымын!»

1

«Қазақстан -2050 стратегиясы»: біл-халық, бір-тағдыр, бір-болашақ.

Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап, дамытуға тәрбиелеу

Сынып сағаты

+

+

+

6.09.14

Сынып жетекші

2

«Жол тәртібін білейік.»

Оқушылар мен жастардың қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

+

13.09.14

Сынып жетекші

3

«Лаула,лаула, желтоқсанның мұзда жаққан алауы»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

13.12.14

Сынып жетекші

4

«Қазақстан - ортақ үйіміз»

Оқушылар мен жастардың шығармашылық пен дербестікті дамытуына, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алуына белсенді өмір ұстанымында болуына ықпал ету

Әңгіме

+


+

+

27.09.14

Сынып жетекші

5

«Ел сүйсінер ұлан бол»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Дөңгелек үстел

+

+

+

11.04.15

Сынып жетекші

ІІ

«Рухани байлық - игілік негізі»

6

«Туған тілім-айбыным»

Оқушылар мен жастардың өзіндік сапасын дамытуға жағдай жасап, адамгершілік пен имандылыққа толы рухы мен әдеп ұстанымы мықты әлеуметтік жағынан белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

+

11.10.14

Сынып жетекші

7

«Ұстаздық еткен жалықпас»

Оқушылар мен жастардың шығармашылық пен дербестікті дамытуына, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алуына белсенді өмір ұстанымында болуына ықпал ету

Сынып сағаты

+

+

+

+

1.11.14

Сынып жетекші

8

«Ардақтым,аяулым, анашым»

Оқушылар мен жастардың жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп, іс-әрекет жасауын дамыту

Сынып сағаты

+

+

+

7.03.15

Сынып жетекші

9

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім тұжырымдамалы ойлауға қабілет қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

+

19.03.15

Сынып жетекші

ІІІ

«Отбасы - ұлт рухының айнасы»

10

« Шаңырағым - шаттығым»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Әңгіме

+

+

+

+

20.09.14

Сынып жетекші

11

«Әкем мен шешемнен үлгі алып өсемін мен»

қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекеттің қажетсіз қалмауына мән беріп, еліміздің түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғамға пайдалы еңбек жасауына ықпал ету

Әңгіме

+

+

+

18.10.14

Сынып жетекші

12

«Жаңа жылдың жарқырайды шамдары»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

+

27.12.14

Сынып жетекші

13

«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы»

Оқушылар мен жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Дөңгелек үстел

+

+

+

+

25.10.14

Сынып жетекші

14

«Әдептілік -адамгершілік әліппесі»

Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

15.11.14

Сынып жетекші

ІV

«Денсаулық - өмір негізі»

15

«Салауаттану - болашағыңды сәулелендіру»

Оқушылар мен жастардың бойына салауатты өмір салтын дарыту және жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

+

20.12.14

Сынып жетекші

16

«Дұрыс тамақтану -денсаулықтың басты кепілі»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Дәрігермен кездесу

+

+

+

+

7.02.15

Сынып жетекші

17

«Спид-ғасыр дерті»

Оқушылар мен жастардың бойына салауатты өмір салтын дарыту және жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру

Әңгіме

+

+

+

29.11.14

Сынып жетекші

18

«Ауырып ем іздегенше,

ауырмайтын жол ізде.»

Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзаның мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау

Әңгіме

+

+

+

+

+

24.01.15

Сынып жетекші

19

«Денім сау болсын десең»

спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

31.01.15

Сынып жетекші

Ү

«Еңбек - өмір мәні»

20

«Жігітке жеті өнер де аз»

Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру

сайыс

+

+

+

4.04.15

Сынып жетекші

21

«Атамның шеберханасы»

Қоғамда адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды көңіл - күй қарым - қатынас қалыптастыру

Көрме

+

+

+

+

+

6.12.14

Сынып жетекші

22

«Менің арманым»

Оқушылармен жастардың өзіндік бейіндіктерін ашу

Сурет көрмесі

+

+

+

+

23.05.15

Сынып жетекші

23

«Мен және менің достарым»

жалпы адамзаттық және ұлтаралық құндылықтарға бағдарлау

Әңгіме

+

+

+

2.05.15

Сынып жетекші

24

«Кішкентай көмекші»

жеке тұлға ретінде іс - әрекет субъектісі әрі жеке дара субъекті ретінде дамыту.

Сайыс

+

+

+

+

+

28.12.15

Сынып жетекші

ҮІ

«Табиғаттан нәр алып...»

25

«Мен және қоршаған орта»

Оқушылар мен жастардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қорғауға елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуге баулу

Сынып сағаты

+

+

+

+

14.03.15

Сынып жетекші

26

«Табиғат және біз»

адамдардың табиғатпен парасатты іс - әрекеттерде болуына тәрбиелеу

Сынып сағаты

+

+

+

14.02.15

Сынып жетекші

27

«Табиғат туып өскен тал бесігім»

Оқушылар мен жастардың бойында табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым - қатынастың қалыптасу

Дөңгелек үстел

+

+

+

+

+

22.11.14

Сынып жетекші

28

«Алтын күз»

табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін арттыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

4.10.14

Сынып жетекші

29

«Табиғатты аялайық!»

табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін арттыру

Сурет көрмесі

+

+

+

18.04.15

Сынып жетекші

ҮІІ

«Мәдени мұра - халық игілігі»

30

«Қарттарым аман -сау жүрші»

Оқушылар мен жастар бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

Әңгіме

+

+

+

+

+

25.04.15

Сынып жетекші

31

«Қазақ халқының қол өнері»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сынып сағаты

+

+

+

+

17.01.15

Сынып жетекші

32

«Қазақ халқының ұлттық киімдері»

өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім тұжырымдамалы ойлауға қабілет қалыптастыру

Әңгіме

+

+

+

8.05.15

Сынып жетекші

33

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

өзінің дербес шығармашылық қызметі мен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыру

Сайыс

+

+

+

+

+

16.05.15

Сынып жетекші

34

«Білім-инемен құдық қазғандай»

ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет және адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру

Сайыс

+

+

+

+

21.02.15

Сынып жетекші



Сынып сағаттар жоспары

Тақырыбы

Мақсаты

Әдісі

Мерзімі

Көрнекілік

Пайдалан-ған әдебиет

1

«Қазақстан -2050 стратегиясы»: біл-халық, бір-тағдыр, бір-болашақ.

Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап, дамытуға тәрбиелеу

Дөңгелек үстел

6.09.14

Суреттер, кітапша

Қазақстан журналдары

2

«Жол тәртібін білейік»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сынып сағаты

13.09.14

Кітапша-лар

Интернет

3

« Шаңырағым - шаттығым»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Сынып сағаты

20.09.14

Кітапша-лар

Денсаулық газеті

4

«Қазақстан - ортақ үйіміз»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Саиыс

27.09.14

Нақыл сөздер

3-сынып оқулықтары

5

«Алтын күз»

Оқушылар мен жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Сынып сағаты

4.10.14

Суреттер, слаид

Интернет

6

«Туған тілім-айбыным»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Әңгіме

11.10.14

Суреттер, кітапша

Интернет

7

«Әкем мен шешемнен үлгі алып өсемін мен»

Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлтаралық құндылықтарға бағдарлау

Сынып сағаты

18.10.14

Суреттер, слаид

Бастауыш мектеп

8

«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Саиыс

25.10.14

Нақыл сөздер

Бастауыш мектеп

9

«Ұстаздық еткен жалықпас»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Тәрбие сағаты

1.11.15

Суреттер, слаид

Бастауыш мектеп

10

«Әдептілік -адамгершілік әліппесі»

Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу

Сынып сағаты

15.11.14

Суреттер, слаид

Интернет

11

«Табиғат туып өскен тал бесігім»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Дөңгелек үстел

22.11.14

Суреттер, кітапша

Денсаулық газеті

12

«Спид-ғасыр дерті»

Оқушылар мен жастар бойына рухани құндылықтарды әсемдік арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыру

Сурет көрмесі

29.11.14

Суреттер-шілер шы-ғармалары

3-сынып оқулықтары

13

«Атамның шеберханасы»

Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымы және патриоттық сананы қалыптастыруға тәрбиелеу

Сынып сағаты

6.12.14

Суреттер, слаид

Бастауыш мектеп

14

«Лаула,лаула, желтоқсанның мұзда жаққан алауы»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сынып сағаты

13.12.14

Суреттер, слаид

Қазақстан журналдары

15

«Салауаттану - болашағыңды сәулелендіру»

Оқушылар мен жастардың бойында табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым - қатынастың қалыптасуы мен дамуына жауапкершілік сезімінің болуына тәрбиелеу

Дөңгелек үстел

20.12.14

Суреттер, кітапша

Экология оқулықтары

16

«Жаңа жылдың жарқырайды шамдары»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Дөңгелек үстел

27.12.14

Суреттер, кітапша

Бастауыш мектеп

17

«Қазақ халқының қол өнері»

Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап, дамытуға тәрбиелеу

Дөңгелек үстел

17.01.15

Суреттер, кітапша

Қазақстан журналдары

18

«Ауырып ем іздегенше,

ауырмайтын жол ізде.»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сынып сағаты

24.01.15

Кітапша-лар

Интернет

19

«Денім сау болсын десең»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Сынып сағаты

31.01.15

Кітапша-лар

Денсаулық газеті

20

«Дұрыс тамақтану -денсаулықтың басты кепілі»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Саиыс

7.02.15

Нақыл сөздер

3-сынып оқулықтары

21

«Табиғат және біз»

Оқушылар мен жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Сынып сағаты

14.02.15

Суреттер, слаид

Интернет

22

«Білім-инемен құдық қазғандай»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Әңгіме

21.02.15

Суреттер, кітапша

Интернет

23

«Кішкентай көмекші»

Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлтаралық құндылықтарға бағдарлау

Сынып сағаты

28.02.15

Суреттер, слаид

Бастауыш мектеп

24

«Ардақтым,аяулым, анашым»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Саиыс

7.03.15

Нақыл сөздер

Бастауыш мектеп

25

«Мен және қоршаған орта»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Тәрбие сағаты

14.03.15

Суреттер, слаид

Бастауыш мектеп

26

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу

Сынып сағаты

19.03.15

Суреттер, слаид

Интернет

27

«Жігітке жеті өнер де аз»

Оқушыларды салауатты өмір салтына, өзін өзі дамыту қажеттіліктеріне баулу

Дөңгелек үстел

4.04.15

Суреттер, слаид

Интернет

28

«Ел сүйсінер ұлан бол»

Оқушылар мен жастар бойына рухани құндылықтарды әсемдік арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыру

Сурет көрмесі

11.04.15

Суреттер, кітапша

Қазақстан журналдары

29

«Табиғатты аялайық!»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Сынып сағаты

18.04.15

Суреттер, кітапша

Экология оқулықтары

30

«Қарттарым аман -сау жүрші»

Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымы және патриоттық сананы қалыптастыруға тәрбиелеу

Сынып сағаты

25.04.15

Суреттер, слаид

Қазақстан журналдары

31

«Мен және менің достарым»

Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлтаралық құндылықтарға бағдарлау

Дөңгелек үстел

2.05.15

Суреттер, кітапша

Бастауыш мектеп

32

«Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Оқушылар мен жастар бойына кәсіби және жеке құзіреттілік көзінің мәнін қалыптастыру

Көрме

8.05.15

Суреттер, кітапша

Бастауыш мектеп

33

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сайыс

16.05.15

Суреттер, кітапша

4-сынып оқулықтары

34

«Менің арманым»

Оқушылар мен жастардың тұлғалық қасиет қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилін қалыптастыру

Сурет көрмесі

23.05.15

Суреттер-шілер шы-ғармалары

Суреттер


© 2010-2022