«Құстардың қысқы тіршілігі!» мектепалды даярлық топ

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!» Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.  Көрнекілігі: Интерактивті тақта. Барысы:Ұйымдастыру кезеңі . Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауадан салайық, Жүрек жылуын салайық Мейірім шоғын салайық. Жиналған осы шуақты,    Достарыма шашайық. Мұғалім: Шанамен сырғып желетін  Шаңғы кон...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»

Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі

. Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауадан салайық,

Жүрек жылуын салайық

Мейірім шоғын салайық.

Жиналған осы шуақты,

Достарыма шашайық.

Слайд

Мұғалім: Шанамен сырғып желетін

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: Қыс мезгілі.

Мұғалім: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?

- Қазір қай ай?

- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?

Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық. Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.

Мұғалім:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?

- Гүлдерге су құю жаман ба?

- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

- Құстарға көмектесу жақсы ма?

- Құстарға ұя жасау жаман ба?

Мұғалім:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз. Құстар екі топқа бөлінеді: жабайы құстар және үй құстары.

-Үй құстары: тауық, үйрек, қаз, күркетауық

- Үй құстарының қандай пайдасы бар?

- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп.Олардың етін жейміз, жүнінен көрпе, көпшік жасалады.

Жабайы құстар:сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу, бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т.б.

Слайд көрсетіледі.

- Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.

- Қыстайтын қандай құстарды білеміз?

- Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.

- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған. : Суықтан құстардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Сауысқан да, қарға да кез-келген тамақты қорек ететін құстар. Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп, түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де, тырнақтарымен тырнап босатып, мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректенеді. құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Орманды жерлерде тоқылдақ, суықторғайлар да қыстайды. Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе, оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар, шымшықтар теріп жейді. Сөйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады.

- Құстар болмай қалса, не болады?

Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптап, бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.

-Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? ( құстарға көмек жасау туралы әңгіме)

-Ал кім бізге құстар туралы тақпақ айтып береді.

Слайд

Сергіту сәті:

- Бүркітке не жарасады? (Самғаған) қолдарын жазып көрсетеді.

- Шегірткеге не жарасады?(секірген)

- Ақ тауыққа не жарасады?(шоқыған)

- Ақылдыға не жарасады? (оқыған)

Жұмбақ жасыру:

1).Бір құс бар сондай,

Суыққа да тоңбай,

Шоқып жүріп, дән тапқан,

Ұшып-қонған...(торғай)

2).Қара түсті қарқылдақ

Ұшып-қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды

Жем іздейді там-тұмдап (қарға)

3).Ала шапан киген

Қыпылықтап жүрген

Секектеп бір тұрмайды, Сөреден құрт ұрлайды (сауысқан)

4).Тақылдатып мазаны ап

Ағаштарды тазалап

Ормандарды емдейді (тоқылдақ)

-Жақсы балалар, жұмбақтың шешуін өте дұрыс таптыңдар,ендігі кезекте осы құстар қалай дыбыстайды дыбыстайды екен соны тауып көрейікші

Ойын: Құстар қалай дыбыстайды

Қорытынды:

-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Сабақ ұнады ма? Олай болса қазір сендер үлгі бойынша құс құрастырып беріңдерші.

-Өте жақсы,енді осы құстардың сендерге орманнан алып келген сыйлықтары бар екен ,кәне бәріміз сыйлықты көрейікші.(сыйлықты тарату Киндер сюрприз)

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.





ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы



Құстардың қысқы тіршілігі

(Ашық сабақ)





«Құстардың қысқы тіршілігі!» мектепалды даярлық топ

Тәрбиеші: Мукашева А.У.

5


© 2010-2022