Классный час на тему Жігіт сұлтаны

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі


«БЕКІТЕМІН»

Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледж директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________ К. Дәндібаев





ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Сайыс сабағы


Тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Дайындаған: Алпамышева Қарлығаш















Жаңақорған 2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Сабақтың мақсаты:

  1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру;

  2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау әртүрлі жағдайдан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту;

  3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақ тәрбиелеу.

Байқауға қатысушылар: 69 топ студенттері.

Байқаудың қонақтары: ата-аналар, студенттер мен колледж әкімшілігі.

Көрнекілігі: Плакаттар, слайдтар мен бейнефильмдер.

Сабақ әдісі: Сайыс сабағы.

Сабақтың барысы

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар мен студенттер! Бізде бүгін «Жігіт сұлтаны» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық. (Сайысқа топтан бес жігіт қатысады)

Жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымыздың ақыл-парасаты мен өнерін, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар! (Сайысқа төрелік етуші қазылар алқасының мүшелері: колледж директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен колледж психологы)

Жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! - деп, өнерсүйер қауымды бүгінгісайыстың барысымен таныстырып өтейін.

Байқау бағдарламасы:


  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» (Таныстыру) 3минут.

  2. «Ел іші, өнер кеніші» (Өз өнерлерін көрсету) 3минут.

  3. «Жүзден жүйрік» (Галустук тағу және обруч айналу).

  4. «Білімді жүзден озар...» (Викториналық сұрақтар) 4минут.

  5. «Тіл қаруы-сөз» (Викториналық сұрақтар) 3минут.

Бағалауда қатысушылардың өз-өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, құттықтаудың ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.

Ал енді сайыскерлеріміз өздерінің шығатын реттік номерлерін таңдап алуы керек.

  1. Бөлім. Таныстыру.

Ән шашу «Балалық шақ».

  1. Бөлім. Өз өнерін көрсету.

Ән шашу «Жаса Қазақстан».

  1. Бөлім. Галустук тағу және обруч айналу

  2. Бөлім. Викториналық сұрақтар

-солаттың носкилері? /портянки/

-солдаттың үйі?/казарма/

-аттың ер-тұрмандарына нелер жатады? /жүген, желдік, тоқым, ер құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа,қамшы/

-жігіттің үш жақын жұртын ата. /ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт/

- 12+36+24+25+3=… (100)

- 16+28+11+37+8=… (100)

- күн мен түн немен аяқталады? /н әрпімен/

-қандай ыдыстан тамақ жей алмайсыңдар? /бос ыдыстан/

  1. Бөлім. Ең үздік құттықтау сөздері.

Жалпы бес бөлім бойынша қазылар алқасы қатысушыларды бағалайды. Бағалау нәтижесі бойынша үздік студент анықталып, «Жігіт сұлтаны» атанады. Қалған студенттер де номинация бойынша марапатталады.

Қорытынды. Сабақты қорытындылау, жеңімпаздпрды марапаттау.


© 2010-2022