Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту жолдары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту жолдары«М.Горький атындағы орта мектебі» КММ-сі




2014-2015 оқу жылы

Баяндама

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту жолдары




Бастауыш сынып мұғалімі:

Досанова Алмагүл Болатқанқызы

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғасы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бір саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

Егер баланың оқу дағдысы қалыпты жағдайдан төмен болса, ол оқулықтағы мәтінді оқу үшін ұзақ уақыт жұмсайды және оны түсіну үшін бірнеше рет оқуы керек. Ал үй тапсырмасын орындау үшін басқа балаларға қарағанда екі есеге дейін ұзақ уақыт жұмсайды. Осылай бұл оқушы үнемі нашар оқитындардың арасында қалып отырады. Бұндай оқушының оқу техникасын дамытпаса ешқандай ұстаз да көмектесе алмайды.

Көп кітап оқитын балалар ғана тез оқиды. Оқу кезінде зейін тұрақтылығы мен жады жетілдіреді. Осы екі көрсеткішке ми жұмысы да тәуелді. Оқу дағдысы көптеген күрделі шеберліктің құрамдас бөлігі.

Оқу шапшандығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер, оқу шапшандығын тежейтін себептер өте көп, олардың ішінен негізгі 7 кедергіні атап өту орынды.

  1. Іс- әрекеттің табиғи қарқыны. Іс- әрекеттің табиғи қарқыны адамның темпераментін құраушы қасиет болып табылады. Бұл жады, зейін, ойлау, қабылдау, елестету психикалық процестері жұмыс істейтін жылдамдық. Сөйтіп, қарқын туа біткен қасиет бола тұрып, адамның қаншалықты тез жұмыс жасайтынын, есте сақтайтынын, ойлайтынын, оқитынын анықтайды.

  2. Регресс. Бұл оқығанды қайталап оқу кезіндегі көздің қайта оралу қозғалысы. Егер оқу барысында баланың көзі қайталап оқу үшін жиі-жиі артқа орала берсе ( бала әуелі іштей оқиды, содан соң дауыстап оқиды) немесе ол бір жолдағы сөздерді түсіну үшін оқи берсе, онда оқудың бала қолданып отырған бұл тәсілінде регрестің бар болғаны. Регрестің бар болу себептері: әдеттің әсері, мәтіннің қиын болып көрінуі, зейіннің жоқтығы.

  3. Антиципация. Оқып отырып көптеген сөздің аяғын оқымайды. Яғни, ол сөздің мағынасын оқымай тұрып алдын-ылы түсіне қойды. Мәтіннің әрі қарайғы мәнін түсінудегі бұл тәсіл антиципация деп аталады. Бұл келешекті алдын-ала психологиялық тұрғыда болжайтын процесс. Егер балада сөздің мәнін түсіну қабілеті дамымаса, онда оған әр сөзді аяғына дейін оқуға тура келеді.

  4. Артикуляция. Оқу шапшандығын тежейтін келесі себеп - сөйлеу мәнеріндегі артикуляциялық аппараттың бұзылуы. Артикуляциялық аппарат керекті жылдамдықпен дауыстап оқуына кедергі келтіреді. Әсіресе дыбысты дұрыс айтпайтын балаларға өте қиын. Бұл артикуляциялық аппараттың қозғалу жетіспеушілігімен айқындалады. Таза сөйлей алатын балалар мен осындай балалардың оқу жылдамдығының арасында үлкен алшақтық болады.

  5. Көрудің аз кеңістігі. Зерттеулер көрсеткіші бойынша оқып отырған адамның көзі 2 жағдайда болады: 1. Бір нүктеге көз тоқтату (тоқтау); 2. Нүктеден нүктеге ауысу (қозғалыс).

Мәтінді қабылдау тек көз тоқтату мезетінде іске асады. Жылдам оқитын адам мен баяу оқитын адамның арасындадағы айырмашылық көз қозғалысының жылдамдығында емес, көз тоқтату мезгіліндегі қабылданған аппараттың мөлшерінде. Оқу кезінде көз секірмелі қозғалыста болады. Сондықтан, ол сөйлемнің 1-2 сөзіне ғана көз тоқтатады.

  1. Зейіннің деңгейі. Оқу кезіндегі зейін өз ойын жинақтау, қорытындылау орындалатын жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Көп жағдайда бастауыш сынып оқущыларына берілген ақпараттың қызықсыздығы баланың зейінін тұрақсыздандырады.

  2. Жады. Жадының 4 типі белгілі: көру, есту,моторикалық, аралас. Мәселен, бала кітаппен жұмыс жасай отырып, өзінің іштей оқығанда жақсы түсінетінін аңғарады. Өзіне қажет мәтін жолын, оның бетін, қандай үлгімен жазылғанын есіне тез сақтап, алдын ала білетін болады. Бұл баланың көру жады жақсы дамыған. Бұндай балалардың оқу жылдамдығы жоғары, сауаттылықтың деңгейі жоғары. Көру мүшесі оларға еріксіз түрде сауатты жазуға көмектеседі,себебі ол сөздерді біртұтас көлемді бейне ретінде қабылдайды. Егер бала дауыстап оқығанда немесе сіздің оқығаныңызды тыңдаған кезде қабылдаса, ол балада есту арқылы жадына сақтау қабілеті жақсы дамыған. Егер бала оқығанын жазып, салу арқылы жадына сақтаса, ол балада моторикалық жады жақсы дамыған, көру арқылы жадыны сақтау қабілеті жақсы дамыған балалардың сөз бейнесін жадына сақтауда, сауатты жазуда, тез оқуда айрықша ерекшелігі бар. Көру арқылы жадына сақтау қабілеті төмен балалармен түрлі жұмыстар жүргізілуі керек. Ал қатесіз жазу үшін дұрыс жазу ережесін білуі қажет. Осыған байланысты баладағы көру арқылы жадыны сақтау қабілетін суретті көрнекіліктер арқылы дамытуға болады. Суретті көрнекіліктермен жұмыс істеу 15 секунд көлемінде жүргізілсе де жадыны дамытудағы мәні зор.

Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сатыдағы оқу техникасын жақсартудың кеңінен тараған технологиясы В.Н.Зайцевтің «Резервы обучения чтению» жүйесі. Аталған технология шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін құрайды.

  1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес, жиілігі маңызды. Балаларға қандайда бір біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бір уақыт аралығында , олармен қүнде-қүнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет.

  2. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы бір мезгілде бір-біріне бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, біреулері тез оқыса , біреулері баяу оқиды. Ызыңдап оқытуды сабақтың кез-келген кезеңінде жүргізе беруге болады.

  3. Әр сабақтағы 5 минуттық оқу. Егер мұғалімнің үлесінде 3-4 оқу сабағы болса, онда 1 аптада 25 оқушының әрқайсысы 1-2 рет оқу мүмкіндігінне ие болады. Ал әр сабақ сайын балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады.

  4. Ұйықтар алдындағы оқу. Жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы сәттері адамның көңіл-күйінде жақсы сақталады, 8 сағат ұйқының барысында адам сол сәттің әсерінде болады.

  5. Үзінділермен оқыту. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады. Оқудың бұл түрін ата-аналарға кеңес ретінде беруге болады.

  6. Көру диктанттарын жаздыру. Оқу техникасының қарқыны көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіні анықталған. Мәселен, оқушы 6-8 сөзден тұратын сөйлемді оқиды. Үшінші, төртінші сөздерді оқуға келгенде алғашқы бірінші сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен оқушы сөйлемнің мағынасын түсіне алмайды. Бұл жағдайда оқушының оперативті жадын жаттықтыру керек. Бұл профессор И.Т.Федоренко жасаған көру диктанттарының көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір 18 жинаққа 6 сөйлемнен енгізілген. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: тақтаға 6 сөйлемнен тұратын бірінші жинақ ілінеді (әрине алдын ала). Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде, бірінші сөйлемді ашамыз. Бала сөйлемді оқып белгіленген уақыт ішінде еске сақтайды. Уақыт аяқталысымен мұғалім тақтадағы сөйлемді өшіреді. Оқушылар дәптерлеріне есте сақтағандарын жазады. Осылайша келесі сөйлемдер ашылып отырылады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар есіне сақтай алмай не істерін білмей қалады. Мұндай жағдайда балаға «әзірше көршіңнен қарап алып жаз», «келесі сөйлемді өзің есіңе сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Бастапқы кезде 1 жинақты 3 күн, 3 рет қайталатып жаздыруға болады. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Бұл жұмыстың ерекшелігі бірінші жинақта әріп саны 8-10, сөз саны 2-5 болса, 18-жинақта бала 46 әріптен тұратын, 7-10 сөзден тұратын сөйлемді алғашқы жинақтағы көрсетілген уақытындай мезгілде есте сақтап, жазуға дағдыланады.

  7. Бірнеше дүркін оқу. Бұлар: а) бірнеше дүркін оқу; ә) жаңылтпаш қарқынымен оқу; б) мәтіннің таныс емес бөлігін өте отырып, мәнерлеп оқу. Аталған жаттығулардың бәрі ұжым болып жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың барлығына 1 минут барысында оқу ұсынады. Әрбір оқушы өзінің 1 минут ішінде оқыған сөзін белгілейді. Оқу қарқыны оқушыға жағымды көңіл-күй әкелгендіктен, ол қайта -қайта оқығысы келеді. Әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі екені ескерілуі тиіс. Сондықтан көлемі бірдей үзінділерді ұсынуға болмайды. Алайда 1 үзіндіні 3 реттен артық оқуға болмайды. Жаңылтпаш қарқынымен оқу кезінде оқудың мәнерлілігіне көңіл аударылмайды. Бұл жаттығу артикуляцияны дамытуға арналаған және 30 секундтан аспайды. Әрі қарай мұғалім үшінші жаттығуды ұсынады. «Енді, балалар, мәтінді қайта оқыңдар, бірақ асықпай әдемі, мәнерлі оқуға тырысыңдар». Балалар мәтіннің өздеріне таныс бөлігін соңына дейін оқиды, мұғалім оларды тоқтатпайды. Сөйтіп, олар мәтіннің таныс емес бөлігіне өтеді. Міне, дәл осы сәтте, оқушының алдында күтпеген жай пайда болады. Мәтіннің бір үзіндісін жоғары қарқынмен оқи береді. Әри не, оның мүмкіндігі көпке бармайды. Егер бұл жаттығу күнде жүргізілсе , онда жоғары қарқынмен оқу ұзақтығы біртіндеп көтеріле бастайды. Екі-үш жұмадан соң баланың оқуы едәуір жақсарады.

  8. Жады.

Оқудың техникалық және мағыналық жағы болады. Оқудың техникалық жағы төмендегідей компоненттерді қамтиды: оқу тәсілі, оқу жылдамдығы, оқу жылдамдығының динамикасы, оқудың дұрыстығы.

Мағыналық жағы: мәнерлілік және оқығанның мазмұны. Оқу дағдысының техникалық жағының қалыптасу қадамы төмендегідей: оқу тәсілі - оқу жылдамдығы - оқу жылдамдығының динамикасы.

Уақыт өте баланың оқу қарқыны көтеріле түседі, мұғалім оның жетістігін белгілеп отырады. Сыныптағы басқа оқушылардан шапшаңырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасы мен баяуырақ оқитын оқушылар тобының жылдамдығының динамикасының көрсеткіштерін салыстыра отырып, оқу жылдамдығы мен оның динамикасының өзара байланысын байқауға болады. Минутына 20 сөз оқитын оқушы минутына 70 сөз оқитынға қарағанда аз сөз қосады. Егер біріншілері 15 сөздей қосса, екіншілері екі есе көп 30 сөздей қосады.

Оқудың дұрыстығы - бұл қатесіз оқу: әріптерді тастамай түгел оқу, әріптердің орнын ауыстырмау, артық әріп қоспау, басқа әріппен алмастырмау.

Көру аумаған ұлғайту үшін Шульте кестесін пайдалануға болады.

14

18

7

24

21

22

1

10

9

6

16

5

8

20

11

23

4

25

3

15

19

13

17

12

2

Оқуы талаптан төмен балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын дамытуға уақытында көмектесу үшін оны жүйелі түрде есепке алып отыру қажет. Баламен жоспарлы түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесін бірнеше аптадан соң байқауға болады. Өз еңбегінің аз да болса нәтижесін көрген оқушыда да оқуға деген қызығущылығы артады.

Оқушының аты-жөні

мерзімі

Оқыған мәтіні

Сөз саны

Оқу жағдайы

Себеп салдары

1




Нәтижесінде үнемі жүргізілген қосымша жұмыстардың арқасында сыныптағы оқуға қызығушылығы аз, оқу шапшандығы талаптан төмен оқушылар азаяды.

Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік стандарт талаптарына сәйкес болуы үшін кез келген мұғалім кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп отырса алынбайтын қамал жоқтығын іс жүзінде дәлелдеп, еңбегінің нәтижесін көрері сөзсіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. В.Н.Зайцевтің «Резервы обучения чтению». Москва "Просвещение",2011ж

  1. "Обучение оптимальному чтению".Кургина Нина Ивановна

  2. Бастауыш сынып журналы, 2013жыл, №9. 2-4 бет

  3. Бастауыш сынып журналы, 2013 жыл, №11. 2-3 бет

  4. Бастауыш сынып журналы, 2013 жыл, №7. 5 бет

  5. Бастауыш сыныпта оқыту журналы, 2012 жыл, №8-9. 56-57 бет






© 2010-2022