Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия

Келісемін Бекітемін

директордың тәрбие ісі МГ директоры

жөніндегі орынбасары

____________________ __________________

А.Б. Молдатаева Ж.Т.Айтова



«Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім! »

2015жыл

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім !»

Мақсаты :Тәуелсіз Қазақстаның болашағын құрайтын жастарды, шәкірттерді дүниені дүр сілкіндірген Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі мен оның себеп-сипатымен таныстыру. Қалыптасып қалған әкімшіл-әміршіл тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін баян ету.Өз елінің тарихын тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға жерін қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар

Музыкалық қойылымды «Наурыз» бишілер тобы ашты.

1 - жүргізуші: Нұрыш Айда

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі .Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші: Сұлтан Әзілхан
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
1 - жүргізуші: Нұрыш Айда
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

Ән: Мадина мен Назеркенің орындауында «Туған жер » әнін қабыл алыңыздар

Құттықтау сөз : Білім басқармасының әдіскері: Байахметбаева Күнімбала Изтілеуқызына беріледі.

1 жүргізуші:Нұрыш Айда

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақтың нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі - нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабамыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол - ел, жер және ана тілі. Халқының тәуелсіздігі үшін отқа түсіп, даңқы жер жарып, аты аңызға айналған ерлер кімдер еді?

2 жүргізуші: Сұлтан Әзілхан

Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күресі жатыр. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуымен, Қазақ хандығының жеке орда тігіуін Жәнібек пен Керей хандарын есіммен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандарының халықпен ақылдасуы.

Керейдің ролінде: Тұрсын Аслан

О, халайық, халқымыздың басына қиын-қыстау кезеңдер келді. Әбілхайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала-шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібектің ролінде: Ақан Жігер

Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын араңдай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан-тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке-дара мемлекет құрайық.

Халық дүбірлесіп, талқылауда:

Сұлтандардың айтқаны жөн.. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын кезең - осы ..

Жәнібек: Ақан Жігер

Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

1 жүргізуші: Нұрыш Айда

XVII ғ. 20 жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса-көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен күрес жүргізді. Бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды.

2 жүргізуші: Сұлтан Әзілхан

Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан - қырғынға, босқыннан - босқынға талай азапты көрді. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армаңдап жанын пида етті, шаһид болды, арманда кетті. Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті

Тарихи көрініс: «Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік»

Абылайдың ролінде: Құдабай Ерсұлтан

Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын-қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өзіңіздер. Маған сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек

Төле бидің ролінде:Ақан Жігер

Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

Қазыбек бидің ролінде: Күрбан Амантай

Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

Әйтеке бидің ролінде:Сұлтанбай Сұндет

Жөн! Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Бұқар жыраудың ролінде:Оспанов Дарын:

Армысың, Абылай?!

Абылай ханның ролінде: Құдабай Ерсұлтан

Армысыз, Бұқар баба?!

Бұқар жыраудың ролінде: Оспанов Дарын

Біз бармыз-ау, хан ием. Қазақтың халын айтсаңдаршы, сол меңдегі зар, сол меңдегі запыран... Қандыауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң, ұлымды мұрны тесілеген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар, Абылай. «Берекесі жоқ елдің, бірлігі жоқ». Не қылмақ ойын бар, а, Абылай?

Абылай ханның ролінде: Құрбан Амантай

Бұдан былай қазақ Абылайдың туы астыңда жиналуы керек! Қазақтың халі қыл үстінде тұр ағайын!

2 жүргізуші:Сұлтан Әзілхан

Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол - қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасын ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, Міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып келеміз.

1 жүргізуші:Нұрыш Айда

Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян қазақ!» - деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Сол кезде саны алты миллион қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. СӘКЕН, ІЛИЯС, БЕЙІМБЕТ, ТҰРАР, МҰСТАФА, ӘЛИХАН, АХМЕТ ағаларымыз сол нәубеттің құрбаны болды емес пе;

Сұлтанның орындауында « Рахмет, туған ел » әнін тамашалайық

2 - жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

1 жүргізуші :Нұрыш Айда
Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан.

2 жүргізуші: Сұлтан Әзілхан

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

I бөлім

ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ - ЫЗҒАРЛЫ

Бастаушы:Сағынбек Айзере

Барысы: Кіріспе сөз.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене айтуға болады. Сол жылдарда Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған еді. Қазақ тілі мәртебесінің төмендетілуі, қазақ мектептерінің, балабақшаларының жаппай жабылуы, өзге ұлт өкілдерінің жер-жерлерде қазақтарды төмен санауы, қала берді Алматы қаласына ауылдан келген ағайындарымыздың есепке тұра алмай, қор болуы, өз жерлерінде жүріп тұрғын үйге зар болуы сияқты себептер қазақ жастарының намысын оятты. Осы кезде Қазақстан Орталық Партия Комитетінің 1-хатшысы Д.А.Қонаевтың түсіп, онын орнына Мәскеуден ұлты орыс-Колбиннің тағайындалуы отқа май құя түсті. Тарих сахнасына енді солар шықты. Ол ерлер жастар болатын.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-КСРО-дағы демократиялық қозғалыстардың ең үлкені

Көрініс: ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ - ЫЗҒАРЛЫ

1-жүргізуші:Садақ Еркебұлан

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

2-жүргізуші: Жолдасова Альбина

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры «не болды» деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

«Желтоқсан» жеті әлемді жалт қаратты.

Бастаушы: Сағынбек Айзере

Ұлттық намыстан басқа ештеңе ойламаған жастар-студенттер, жұмысшылар «Ел мен жер біздікі, неге бізді басқа жақтан келген біреу басқарады?»-деген сұраққа жауап іздеп алаңға шықты. Кеуделерін намыс кернеген олардың жүздеп, тіпті мыңдап көбейе бергенінен қорыққан билік алаңдағы жастарды «нашақорлар», маскүнемдер деп атап, елге жалған ақпарат таратты. Бейбіт түрде демонстрацияға шыққан жастар теңдік сұрады. Мәскеуден жастардың толқуын басу туралы бұйрық келіп, жан-жақтан әскерлер келіп, жігіттерімізді ұрып соғып, қыздарды шашынан сүйреп, итке талатты, қызыл қанға бояды.Көшеде, алаңда ерсілі-қарсылы жүрген адамдар. Тәртіп сақшылары. Екі күзетші Ләзатты тоқтатып, құжат сұрап, тексере бастайды.

2-жүргізуші: Жолдасова Альбина

Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұры-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыкездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.

1-жүргізуші:Садық Еркебұлан

Иә, халық басына төнген осы бір қасіретті сәтті от тілді, қайсар ақын Қайрат былай деп суреттейді:

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып,

Екі жүзің сотталып

Жоқтаусыз кетіп барасың!

Қыршыныңнан қиылып,

Арулап қолдан көмсеші-ай.

2-жүргізуші: Жолдасова Альбина

1987 жылдың 16 маусымдағы үкімімен Қайрат Рыссқұлбеков қылмыстық істер кодексінің 60-бабы бойынша қылмысты деп тауып, ең жоғарғы жаза өлім жазасына кесті.

Айыпкер, ақтық сөзіңді айт.

Қайраттың рөлінде: Қожаберген Алмас

Күнәдән таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Босторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Хош, аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

1-жүргізуші: Садық Еркебұлан

КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ..

Қайраттың хаты: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді»

Қайратты анасының жоқтауы: Қайсар Балнұр

Желтоқсанның шыдадың

Толғағына, қарағым.

Арман, арман, арман көп...

Айтылар теңеу қалған жоқ

Қысқа ғұмыр сүрсең де,

Таң қалдырған қарағым !

Алатауға абырой,

Алып берген қарағым!

Ерлік жолын халқыма

Салып берген қарағым !

Қазағың, Қайрат, ел болар

Алты алаш басы бірігіп

Қайтейін, балам ,ғаріп боп

Жатқан жерін жарық боп

Бақұл бол, бақұл ,әй, көкем,

Тәубе, тәубе , тәубе етем!

2-жүргізуші: Жолдасова Альбина

1988 жылғы 21 мамырда Семей қаласындағы түрменің 21 камерасындағы Қайрат 21 жасында « өзін-өзі өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

1-жүргізуші:Садық Еркебұлан

Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны-Ербол Сыпатаев.1986 жылды 18-желтоқсанында сағат 20- да ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Энергетика институтының екінші курс студенті Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде қалдырамыз.

Ерболдың рөлінде: Тұрсын Аслан

Түрме жыры

Темір тор жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың.

Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұстатары үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы несіп.

Е.Сыпатаевқа анасының жоқтауы:Каден Анар

Алтын баулы лашын

Биікке жазбай құлашын,

Қарақұсқа жем болыды-ай!

Алтын баулы лашын

Момыным-ау, жуасым...

Ербол, Ербол атыңды

Ер болсын деп қойдым ба?

Қыршыныңнан қиылып,

Жер болсын деп қойдым ба?

Байғұс анаң күні-түні

Зарласын деп қойдым ба?

Құлыным-ай, қайтейін,

Қайғы-шерін заманның

Қозғасын деп қойдым ба?

Қайтейін-ай қарағым,

Кімге айтамын алғысты,

Жаным менің шер-шемен

Жүрегімді зар қысты-ай.

1-жүргізуші:Садық Еркебұлан

Тапталмасын деп қазақтың кек-ары

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді он алтыға небәрі.

Қаһарман қыз, ғажап қыз-

Ұрандады Ләззат қыз

Ләззаттың рөлінде: Мелдеқұл Динара

Ақтық сөзің не деген?

Бүгін қойды сот сұрақ

Айтайын оны халқыма

Жоқ пиғыл менде жасымақ

Қорлай да беріп қайтадан

Титыққа орысжетпесін

Туған жердлің намысы

Бөтен қолда кетпесін

Салт-санадан айрылып

Арақтан ұрпақ азбасын

Қызғаныштан тозбасын

Қолдаушысыз болмасын

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңіл қалмасын

Ендігі жнрде басыңнан

Бірлік пен бақ таймасын

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым

Мойным алып жаланы,

Мен болайын құрбаны!

17 жыл мен жатырмын,

Ақ жазыңның түбінде.

Мен өлтірген таксист жігіт,

Тірімісің бүгінде

Тірі жүсің өткен күнді,

Еске алғаның несі бар

Желтоқсанда құрбан болған

Ләззат қызды есіңе ал !

Халқым саған ризамын

Батыл бас аяқты жас дотар

Бұл жерде -батыр жоқ қол бастар

Бұл жерде- жүректе ... мұз жатыр,

Бұл жерде-өрімдей...қыз жатыр

Бұл жерден мәңгілік аттанған

Халқымның есіне сақталған

Ләззаттың Асанованы анасының жоқтауы: Тахи Сара

Мынау неткен зар заман

Жүректіге тар заман

Сені өлтірген дұшпанға

Зауал келсін алладан

Асыл едің мыс болдың,

Қарағым көоген түс болдың,

Ізің жатыр , өзің жоқ

Бейнең бар да, көзің жоқ

Қайдасың қайда қарағым

2-жүргізуші: Жолдасова Альбина

Азаптады қарақшылар қанқұйлы

Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.

Арпалысып теңдігі үшін халқының

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

1-жүргізуші:Садық Еркеұлан

Елі үшін ерлігімен елене

Абырой мен атағына бөлене

Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,

Ұрпағына болар мәңгі өнеге!

2-жүргізуші: Жолдасова Альбина

Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны- Мухамеджанова Сабира 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай Ауданында дүниеге келген. Сабира 1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даяралайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды. Біз Сабира әпкемізді желтоқсан құрбаны ретінде мәңгі есте қалдырамыз.

Сабираның рөлінде: Бейсенбаева Жансая

Келмей мүлде көңілдің бұрауы үшін

Қайғы мұңға уланып тұр-ау ішім

Түріне қарасам қазағымның

Жаралғандай өмірге жылау үшін

Көз жасынан көл тұрып зар илеген

Тозақ көрген санаспай фәнименен

Тарихи шал сырласты бір зарлымен

Алтын басын күлкіге әлі имеген

Жүректерге жараға ірің бітіп

Шығыс беттен жүретін күнін күтіп

Сес көрсетіп заңғарлар зәресін ап

Қорыққаннан жіберген тілін жұтып

Тау мен тасқа соғылып қанап шекем

Айналалды шындыққа әлі-ақ секем

Бодандық -қанды қолды қарақшы екен

Қара басын қаңғыртқан тоқырар шақ

«Кекетіп ек» деп әлі отыр асқап

Айта берем, айта берем қай бірін

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым

Тағдыр мені аямады, қорлады

Жалынсам да жыласам да болмады

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің

Армандаған ақ сәулеге жетпедім

Сабираны анасының жоқтауы: Зейнел Ақнұр

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрқыр күн.

Медет болмай Алладан,

Қызығымды жалмаған

Тұнжырыған жұлдыр күн.

Ақбілектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім.

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім.

Сабирам опат болған күн.

Сүйетінін сүйе алмай,

Киетінін кие алмай,

Қайғыдан жауы кезерген

Қастасқан жауы кезерген

Қанішердің қолынан

Тілге де келмей тез өлген.

Сабирам опат болған күн.

Тал бесікті тербеттім

Одан зор бақыт көрмеппін.

Құлдыр-құлдыр құлыным,

Құлдыраудан жүгірдім.

Шегедей екен шегір мұң,

Ол кезде мен не білдім.

Бастаушы: Сағымбек Айзере

Міне, осылайша алаңға шыққан қазақ жастары қорлық көріп, жәбір шекті. Оладың бірқатары түрмеге жабылып, сотталды, бірқатары оқудан шығарылып, қызметтерінен айырылды, қатаң сөгістер алды, ішкі істер қызметкерлерінің үнемі назарында болды. Қаншама қазақ жастары денсаулықтарынан айрылып, мүгедек болып қалды. Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді.

Тарихтың беті айналып, 1991 жылы көп аңсап, арман еткен тәуелсіздігімізді алдық. Осы жолда Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Қазақ даласындағы өзге ұлт-азаттық көтерілістерден Желтоқсан көтерілісінің бір өзгешелігі-мұнда кілең сайдың тасындай қыз-жігітеріміздің қатысуы. Ұлттық намысты ту еткен олар қандай мақтауға да лайықты.Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандардды біз ардақтап, құрметтей білуіміз керек.

1-жүргізуші:Садық Еркебұлан

Ерлерді ұмытса да ел, ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да, жел ұмытпас.

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.

2-жүргізуші:Жолдасова Альбина

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да , жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі шөлі белі-

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Ән : Есменбетов Бексұлтан «Елім менің»

1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық


2 жүргізуші:Сұлтан Әзілхан

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән : Аиданың орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар
2 - жүргізуші: Сұлтан Әзілхан
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
1 - жүргізуші: Нұрыш Аида
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2 жүргізуші : Сұлтан Әзілхан

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Ән: Қожабергенов Алмас «Атамекен»

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»



Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»



Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»



Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім !»



© 2010-2022