Ашық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиет

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІ МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ СУБЪЕКТІЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Елбасымыздың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретін, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»-деген сөздері үлкен жауапкершілікті жүктейді.

Бүгін де оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру ғаламдық мәні бар проблемаға айналып отыр. Тіпті бүгінгі қоғамның талабы, адам тәрбиесіне мазмұнмен қарауды талап етеді. Яғни, мектепте оқушының жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбиесіз толыққанды тұлға тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан мұнда бала бейнесі, яғни адам бейнесі маңызды. Біз көбіне оқушының шынайы бейнесін емес, өзіміз қалаған бейнені, оқушы идеалын көреміз. Баланы субъекті ретінде емес, объект ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъект ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттері мен сапаларды айқындуға ұмтылыстар жасалып келеді. Ал біз В. С. Кукушкин қасиеттерді емес тұлғада жүретін үрдісті көрсетудің, маңызды деген пікірге қосылсақ, тұлғада жүретін: өзін-өзі тану; өзін-өзі көрсету; өзіне-өзі сену; өзін-өзі анықтау; өзін-өзі іске асыру; өзін-өзі реттеу және т.с.с. үрдістердің мәні мен маңызы зор[6].

Осыдан келіп қазіргі педогогикалық ойлаудың мәні, яғни балаға деген субъектілік қатынас екені шығады. Бұл біріншіден оқушының өз тәрбиелеушісімен бірге тәрбиеге қатысуы, екіншіден баланың барлық құқығын мойындау, үшіншіден балаға субъекті ретінде қараудан келіп, оның шығармашылық қабілетін дамыту, төртіншіден бала тұлғасының субъектілік қасиеттерін, өзін-өзі дамыту, өзіндік сынын айқындау қажеттілігі туындайды. Осыны ескере келе, тәрбиені - бұл педогогикалық әрекетті қарастыратын модель деуге болады. Осыған сүйене отырып мұны оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен бірлескен шығармашылығы десек, бұл - мұғалімнің өмірлік шығармашылығы екені айқындалады.

Мұғалім мен оқушылар мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті. Сондықтан оның өзіндік ерекшеліктері, жүйесі болуы заңды. Біз мектептің кешенді тәрбие жүйесіне сүйене отырып, өз бағыт бағдарымызды айқындап жүйелі нақты тәрбие жоспарын жасалды.

Бұл жұмысты ең алдымен тәрбие жоспарын жасаудан басталады. Ол үшін үлкен міндеттер қойылды. Алдымен мұғалім құзіреттіліктерін саралай келе, оқушылармен субъектілік қатынас жүйесі жасалды.




Одан кейін осы жүйені іске асыру үшін жеке тұлға ретінде оқушылардың тәрбиелену мүмкіншіліктерінің жүйесі құрылды.

Жеке тұлға ретінде оқушылардың тәрбиелену мүмкіншіліктері



Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, сынып диагностикасын жүргізілді. Әр оқушының жағдайын зерттеп, ата-аналармен әңгіме, сауалнамалар жүргізе отырып, мектеп психологімен бірлесе қабылдауы, қиялы, зейіні, мінезі зерттелді.



Сынып ұжымын қалыптастыру, қарым-қатынас орнату - күрделі және жауапты процесс. Бұл тұрғыда ең бастысы адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылық шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да субъективті қатынас қалыптастырады. Адамгершілік - әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы. Осы бағытта жұмыс істеу үшін адамгершілік тәрбиенің модулы құрылды.

Осы жұмыстарды атқаруда жұмыс түрлерін түрлендіре отырып әр формада технологияларды пайдалана отырып жүргізу қажеттілігі заман талабына сай туындайды. Біз кездесуімізді «Сәлем-сөздің анасы», деп әдептілік сабағынан бастау ала отырып бір-бірімізге деген қарым-қатынасты қалыптастыра бастадық. Әр күнгі сабақты мектептегі алғашқы күндермен апталарда біріне-бірі жақсы тілек айтудан бастаса, бірде тыныштықта сазды әуенді қойып, іштерінен ата-анасына, бауырларына, достарына жақсы тілек айтады. Келе-келе, бір-бірін тани бастаған оқушылар бірінің-бірі жақсы қасиеттерін айтып, мадақтау ойыны, сүйіспеншілік ойыны, сәлемдесу ойынын өткізу балалар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыра бастады. Мұндай тренингтерді түрлендіре жүргізу, оқушыларды өз ойларын ашық жеткізуге сенімділік артуына көп әсері бар. Адамгершілікпен еңбекке баулу өмірде ойын үстінде жүзеге асады. Ойын арқылы ой өрісі кеңейеді. Әр ойынды жүргізудің мақсаты тәрбиелік мәні бар. Сондықтан ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Балаға адамгершілік қасиеттерді сіңірудегі өзара қарым-қатынас жасауда сыйластық, төзімділік жеңіске деген ұмтылыс, бірін-бірі тыңдай және үйретуде ойының атқарар ролі зор. Оған мысал сыныпта өткен «Отбасылық мерекелер» тәрбие сағатында киіз үй жасау ойынында отбасында кімдер тұратынын айтса, «ұшты-ұшты» ойыны арқылы сиқырлы таяқша көмегімен бейне таспаға жазылған әр шаңыраққа қона отырып ұлттық, дәстүрлі отбасылық мерекелерді көре отырып, ұлттық дәстүрлер арқылы баланың бойында рухани мәдениет қалыптастырамыз. Ойында ұнамды әдеттер, адамгершілік сезімдер, парыздық сезімдерді сіңіре отырып рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеп дамытамыз. Сыныпта өткен «Тілашар»Ашық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиетАшық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиетАшық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиетАшық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиетАшық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиетАшық тәрбие сағаты Адамгершілік - асыл қасиет

© 2010-2022