Аяулы анам тақырыбында эссе

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ





«МЕНІҢ СҮЙІКТІ ...»

Жұмыстың орындалған жері: № 15 жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Қатысу номинациясы: «Менің сүйікті анам»

Орындаған: № 15 жалпы орта білім беретін мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы Әмір Елжан Жасұланұлы



















Менің сүйікті анам

Менің ойымша, дүниедегі ең қымбат, ең әдемі сөз ол - ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы - теңіздей терең, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды. Барлық аналар әлемдегі ең ардақты, аяулы, сүйікті де сүйкімді жандар деген ойыммен келіспейтін адам баласы жоқ шығар деп ойлаймын.

Егер менен біреу келіп «Әлемдегі ең тәтті сусын мен ең жұмсақ заттарды аташы» деп сұраса мен еш ойланбастан әлемдегі ең тәтті сусын ананың сүті болса, ең жұмсақ ол - ананың аялы алақаны деп жауап берер едім.

Мен анама қанша алғыс айтсам да алдындағы қарызымды еш өтей алмасымды білемін. Себебі, ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, мына жарық керемет өмірді сыйлады. Сондықтан да мен анамды өте қатты жақсы көремін. Ол мен үшін бүкіл әлемдегі ең сұлу, ең әдемі жан. Маған осындай ғажайып өмір сыйлап, осы күнге дейін мәпелеп өсірген ардақты жанның есімі - Анар. Анам мамандығы бойынша дәрігер болып жұмыс істейді. Егер мен ауырып қалған сәттер болатын болса, анам тез арада - ақ мені емдеп алады. Барлық аналар сияқты менің де анам мені әрдайым ойлап, жаман қасиеттерден аулақ жүргенмімді тілеп отырады. Кей кездері мен ананмның айтқан ақылын ұмытып, бұзықтық жасап қойсам, анам маған ұрсып та береді. Бірақ, мен анама ренжімеуге тырысамын. Өйткені, аналарымыз біздің болашағымызға алаңдап, дұрыс жол көрсету үшін ұрсады деп ойлаймын.

Мен анамның жүзінен мейірімді күлкісінің кетпегенін қалаймын. Сондықтан да анамды әрдайым қуантып отыруға тырысамын. Сабақтан бос кезімде үй шаруасына көмектесіп, айтқан тапсырмаларын уақытында орындап отырамын. Кей кездері анам маған «Сен маған ұқсайсың» деп айтады. Анамнан осындай сөздерді естіген кезде бойымды бір қуаныш пен мақтаныш сезімі баурап алады.Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ сияқты көрінеді. Міне, менің сүйікті анам осындай!

© 2010-2022