Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Күздің кереметі 3 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 02.10.2015. Әдебиеттік оқу 3 «А» сынып Мұғалім: Сарсенбаева Жайна Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі Әдібай Табылды Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ой - қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.
3. Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс - жидек, көкөністер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топтастыру, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы, мақал - мәтелдер, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқулықтарын түгендеу. II. Үй жұмысын тексеру: Жеміс бағында мәтінінің мазмұнын айту.
III. Мақсат қою: «Күздің кереметі» деген сөзді қалай түсінесің? - Күздің байлығы, молшылығы.
Күзде қандай байлыққа кенелеміз? Жемістер, көкөністер, астық піседі. Осы жерде Венн диаграмасын пайдаланамын.
Бақта өседі ------------- Бақшада өседі
IV. Негізгі кезең: Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» мәтіні. Автормен қысқаша таныстыру. Әдібай Табылдиев- белгілі педагог, ақын, жазушы, ғалым, Қазақтың мемлекеттік әл - Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры Әдібай Табылды 1926 жылы 2 - қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген.
Бөліктеп оқыту Тұтастай оқыту Тауып оқу
4. Сергіту сәті.
Жұмбақ шешкізу.
1. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)
2. Әр желінің асты толған көк қоян,
Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)
3. Іші жұмсақ, сүті қатты,
Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)
1 - топ. «Күз - байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2 - топ. Осы мәтінге байланысты бақшадағы жемістер жайлы сурет салу.
3 - топ. Күз туралы өлең шығару.
Әрбір топтың жұмысын тексеру.

5. Жоспар құру.
1. Күздің кереметтері
2. Күз байлығы
3. Қызу еңбек
7. Дәптермен жұмыс.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, күзде аянбай еңбек етсек, қыста қысылмайды екенбіз.
Мақалдар. 1. Еңбегің қатты болса Жегенің тәтті болады. 2. Еңбек етсең емесің.
3. Еңбек етпеген ішіп - жемейді.

12. Бағалау. Өзін - өзі бағалау
13. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау, суретін салу.

© 2010-2022