Ашық тәрбие сағат: Мұқағали жырлары мәңгілік (7-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұқағали жырлары мәңгілік.

Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу,ақын жырларынан үлгі алу.

Көрнекілігі Ақынның портреті,слайдттар,кітап көрмесі,шығармалары,ақын туралы естеліктер,ақын туралы жазылған пікірлер,нақыл сөздер,техникалық құрал-жабдықтар .

1-жүргізуші: Қайырлы кеш,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар жыр сүйер,асыл жандар! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали жырлары мәңгілік» атты әдеби -сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Сырымда осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір,

Бықсыдым ба,жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,-деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.

1-оқушы:

Бүгін менің туған күнім

Ой,бәле-ай!

Мына адамдар неғып жатыр тойламай

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

Мынау-шапан,мынау атың,мін! демей

Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышын,мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен бәрібір өзіңменен бір болам,

Өзегіңнен тепсең дағы ұлыңды.

2-жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 85 жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,өркендей өсіп,айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші: Аламан бәйге оза шауып,өлең жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік,талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан.Оны біріміз білсек,біріміз білмейміз.

2-жүргізуші: Олай болса,қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына тоқталып өтуді жөн көрдік. Слайдттан суреттер көрсетіліп тұрады.

1-жүргізуші: М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өмірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.

2-жүргізуші: Ақынның балдай тәтті балалық шағы жаралы соғыс жылдарына дәл келген,өз тұстары сияқты болашақ ақын да ерте есейіп,арба айдап,соқа салып,тырма тартып,шөп шауып,масақ терді.

1-жүргізуші: ____________ сен сәби болғың келеме?

2-жүргізуші: Иә, әрине, -------------кіршіксіз сәби болғанға не жетсін?!

Сәби болғым келеді жаңа туған,

Мына өмірге кіршіксіз жаратылған.

Ән: Сәби болғым келеді.

1-жүргізуші: -Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол, керек кезінде адуынды да бола білетін адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Нұрғиса Тілендиевтен ән жазуды сұрады.. Ән тамаша болып шықты. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанды, қуанып тұрып жылады да.

Ән: «Сөнбейді әже шырағың»

2-жүргізуші: Сахнаға Мұқағали ағамен 10жыл бірге оқыған әрі досы. әрі туысы Әбдіке Асановты шақырамыз.(Әбдіке Асанов рөлінде оқушы)

1-жүргізуші: -Әбдіке ата, Мұқағали ағаға қатысты мектеп өмірінен қандай естелік айтар едіңіз? Мұқағали аға мектепте қалай оқыған?

Әбдіке Асанов ролінде оқушы: Мұқағали өте зерек, алғыр болатын. Мектептің қабырға газетінде жаман оқитын балаларды «Тасбақаға», ал жақсы оқитын оқушыларды «Ұшаққа» мінгізіп, суреттерін салып, астына аттарын жазып қоятын. Біз сол «Ұшақтан» түспестен мақтау қағазымен бітіріп шықтық.

2-жүргізуші; Мұқағали ағаның бала кездегі мінез-құлқы, тәртібі қандай болды?

Әбдіке Асанов рөлінде оқушы: Мұқағалиды тентек болған жоқ деп айта алмаймын, болды, бірақ ақылды тентек болды.. Ол әділетсіздікке жаны қас болып өсті. Үлкеннің алдын кеспейтін, өзінен кішілерге қамқорлығын аямайтын, тура мінезімен енжар, бұзық балаларды жөнге салып жүтерін. Тағы бір қасиеті - таза, ұқыпты жүретін.

1-жүргізуші: Мұқағали алғаш рет ақындық қабілетін танытқан өлеңі неше жаста еді?

Әбдіке Асанов: Мұқағали әкесі Сүлеймен 1941жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небәрі 10-жаста еді. Ақынның алқашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған екен. Рұқсат болса сол жырымды оқып берейін.

Сол жерде Сырымбеттей тау барма екен,

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен.

Мінеки көп ай болды хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен?

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки көп ай болды хабары жоқ,

Біз-дағы әкемізге зармыз енді.

«Қойшы бала Әкітай», «Мектебім» өлеңдері мәнерлеп жатқа айтылады.

2-жүргізуші: Шетінен өлең жыры шұғылалы,

Біз түсініп болған жоқпыз ұғып әлі,-демекші шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді Шелли хан. Мұқағалидың поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

«Поэзия»

«Туған жер»

«Қарасаз»

1-жүргізуші Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы,қызыл отаудың меңгерушісі,комсомол қызыметінде болды.1954-1962жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды.1962-1972жылдар аралығында Социялистік Қазақстан,Қазақ әдебиеті газетіндеМәдениет және тұрмыс,Жұлдыз журналдарында білім меңгерушісі,1972-1973жылы Қазақстан Ж азушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істейді. 2-жүргізуші Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданындағы Советтік шекара газетінде жарық көрді.Осы орайда ақынның Менің анкетам атты өлеңіне арналған көрініс айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.

/ «Менің анкетам» өлеңі бойынша шағын көрініс көрсетіледі.Дәрігер және Мұқағали/

«Менің анкетам»өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.

Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)

2-жүргізуші:

Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым,сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?

Тойланбаса тойланбасын,не етейін?

Қаламымды берші маған бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін.

2-оқушы: «Арыз жазып кетейін»

1-жүргізуші: - Мыңдаған талантты сазгерлер Мұқағалидың мұңды, сырлы, сан қырлы жырларын жаттап, әуен-ән іздеп шарқ ұрды, шабыт шықырды. Оның оттай ыстық өлеңдері өз-өзінен әнге, толғауға, термеге сұранып тұрды. Самалдай желпіп маңдайдан сипайтын, жанға ләззат құятын, көкірек көзіңді майдай ашатын ән-әуез - әрқашан да өмір-серік, жанға қуат, рухани азық.

Ән: «Сарыжайлау»

2-жүргізуші: Пай,пай киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбіреп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Ақынның туған еліне деген махаббатында шек барма?! Бізде ақынмен туған жерді жырлайық.

«Үш бақытым», «Елім барда» өлеңдері жатқа оқылады.

1-жүргізуші: - Өлеңдері қандай еді ақынның,

Ештеңе жоқ әсем сенің күлкіңдей,

Бақыттысың сен әрдайым бақытты.

Бағалай біл күрсінбей.

«Майгүлге», «Шыбық» өлеңдері жатқа айтылады.

2-жүргізуші: - Өлеңдері қандай еді ақынның,

Себелетіп жүрегіңе нұр шашқан,

Ал әндері қандай еді мөп-мөлдір,

Тыңдай бергің келе беред тыңдасаң.

Ән: «Арулар, асыл жандар».

  1. жүргізуші: - Айналайын Атамекен, Ақ мекен,

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен!

Туған өлке тәтті екен ғой, тәтті екен.

«Мен таулықпын» өлеңдері жатқа айтылады.

2-жүргізуші: - Хас шебердің тұмшалайды даңқын кім?

Кеш түсінді шын бағасын нарқыңның,

Қара өлең деп қапа болып көңілің,

Осы жолда сан сүріндің, сан тұрдың.

«Поэзия» өлеңі мәнерлеп жатқа айтылады.

1-жүргізуші: - Ақынға бір кездері ақ қанат құс арманын қуып келген ару Алматының төрінен көшенің аты берілді. Аспантаудың ақиық ақынына аспанмен таласқан биік ескерткіш те қойылды. Бұл - Мұқағалидың мәңгілік ғұмыр екенінің айқын айғағы.

Ән. «Көгершіндер маршалы».

2-жүргізуші: Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рахат,

Қандай рахат сәбилер жыламаған.

«Көшеде», «Қайран жеңгем», «Шеше сен бақыттысың» өлеңдері жатқа айтылады

1-жүргізуші: - Шарасында шаттықтың мұңы басым,

Нұр-сәуле боп жүректе жыры қалсын.

Мұқағали - мұзарттың мұзбалағы,

Шашып өткен әлемге шұғыласын,-демекші, ендігі кезекті ақынның поэмаларына кезек берейік. Жазушы Ғабит Мүсірепов осы поэманы оқып шыққаннан кейін, поэманы қатты ұнатып, жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің алтын қаламсабын ақынға сыйға тартты. Ендігі кезекті ақынның өз поэмасына берейік.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді жатқа айтылады.

2-жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез- келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Ақын ағамыз қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды. Ақиық ақын Мұқағали жырға қосқан Фариза қызда қаңтардың қытымыр күндерінде өмірден өтті. Қош алып жүрек қос ақын!

/ «Фаризаға» өлеңі оқылады./

1-жүргізуші:Көптеген өлеңдеріне әнде шығарылды.Дантеннің,Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27-наурызда өмірден өтті.

2-жүргізуші:Халық ақыны,қазақ жырының шоқ жұлдызы,сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы тірі болғанда биыл 9-ақпанда 85 жасқа толар еді.

(1 минут үнсіздік)

1-жүргізуші: - Мұқағали жыры күшті жыр. Сондықтан да, ол - ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз - ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын дейтініміз - сөзі шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын дейтініміз - ол ер ақын және ерен ақын болғандықтан ерекше.

2-жүргізуші: - Тірісінде сый көрмей кеткен ақын,

Тек өлген соң атағын жайған ақын.

Ежелден қазақтың бұл қасіреті,

Бармағын тістеп кейін ойланатын.

Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,

Лағыл жандар төгілген маңдайынан,

Барында бағаламай білдік кейін

Қазақтың айырылғанын қандай ұлдан.

1-жүргізуші: -Алтынға мейлі толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған, ырзамын саған тағдырым!

Ақынның өз тағдырына деген ризашылығы болашаққа деген ұлы сенімінен туындаған болатын.

2-жүргізуші : Қарсы алмаса,

Құрысып қарсы алмағын.

Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған.

Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,

Жатасың ұйып, жапанда дел-сал далам,- деп ақынның өзі жырлағанындай, әннің де құдіреттілігін ақын ерекше бағалаған.

Ән «Есіңе мені алғайсың»

1-жүргізуші: Қарасаз қара шалғын, өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Иә, ақынның өлеңдері, тамаша туындылары біздің жүрегімізде мәңгі сақталып қала бермек.

2-жүргізуші: Мұқағали есімі қазақ поэзиясының символына айналған ұлы ақын. Қазақтың қаншама Мұқағалидан кейінгі ақындар Мұқағали жырымен рухтанды. Мұқағали қаншама ақынға шын жылаудың қалай болатынын көрсетті. Сондықтан да Мұқағали жырлары мәңгілік.

1-жүргізуші: Қала алмассың мұздай күні опынбай,

Әр жүректе «қайран Мұқа», ойпырмай.

Ақындардың жыр оқитын кешінде,

Бір керемет өлең қалды оқылмай.

Елемейтін, ескермейтін нәрсені,

Тастайтұғын бетінен ап беттінің,

Өлең етіп ызғарлы түн, от күнін,

Жол қозғалыс ережесін елемей,

Көшелерді кешіп келе жататын,

Мұқағали Мақатаев жоқ бүгін.

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.





«Сам мектеп -балабақша кешені»КММ-сі



Мұқағали жырлары мәңгілік

Ашық тәрбие сағат



Дайындаған: Әбілмажанова Шолпан

© 2010-2022