Ұлттық тұрғыдағы тәрбие көзі-«Әжелер мектебі»

"Описание материала: Халықтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпы қоғамның мәдени және адамгершілік дүниесіндегі қымбат қазынасы. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай ел. Салт-дәстүр әрхалықтың бет-бейнесін көрсетеді. Ұлттық құндылықтарымыздың бірі- ата салты, кәсіпке, сенімге, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет –ғұрыптар. Салт-ұлттық қасиетіметтің басты белгісі , ол бабалардан мирас болған, сан ғасырлық өмір сүру барысында ұрпақтан ұрпаққа ауысып , жұрттың санасына әбден сіңіп қалыптасқан үрдіс. Атамыз амана...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық тұрғыдағы тәрбие көзі- «Әжелер мектебі»

Ұлт болашағы-тәрбиеде. Жай емес, сапалы, саналы, жан-жақты тәрбиеде. Бүгінде тәрбие мәселесі ақсап тұр. Жастарымыз жағадан алып, төске шабуға дайын. Бұл кімнің кінәсі? Мұндайда «заманына қарай адамы» деп заманды кінәлаймыз. Ал сол заманды да, қоғамды да, қоршаған ортаны да қалыптастыратын адам, яғни өзіміз екенін кей сәттерде есімізден мүлдем шығарып аламыз. Ата-бабаларымыз қанды қырғында да бала тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне жете көңіл бөлген. Қай заманда да тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген. «Қызың өссе, ұлы жақсымен, ұлың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп бекер айтпаған болар. Осы сөздерден -ақ бала тәрбиесі ана құрсағынан, тал бесіктен, отбасынан басталатынын аңғару қиын емес. Баланың өнегелі әке мен абыройлы анадан алған тәлім-тәрбиесі - болашақтағы азығы. Неге бүгін сол тәрбиенің қадірі қашып, қасиеті кетіп барады? Себебі қазіргі ата-ана күйбең тірліктің қамымен кетті. Баласын балабақшадағы тәрбиешіге немесе үйдегі бағушыға, қала берді мектептегі мұғалімге тапсыра салады. Ал атам қазақ «тәрбие тал бесіктен басталады» деген. Бұл жерде М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-деген аталы сөзін айтпасқа болмайды. Ал бесік аналарымыздың, яғни бүгінгі қыздарымыздың қолында. Болашақта ұрпақ тәрбиелеп, бесік тербететін де сол қыздарымыз.

М.Жұмабаев «Тәрбие кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын,, кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, һәм құлық тәрбиесі. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. Бала аурулы, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы»,-дейді.

«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің» ұстаздары ұрпақ тәрбиесін, қыз тәрбиесін алдыңғы орынға қойып, ата-ананың сенімінен шығуға тырысуда. Оның бір айқын дәлелі ретінде мектеп жанынан ашылған -«Әжелер мектебі». Абайдай дана тәрбиелеген Зередей Зерделі әжелердің ұрпақ тәрбиесінде рөлі өте жоғары. Терең тамырлы тарихымызға көз жүгіртсек, көргені мен түйгені мол, өрісі кең әжелеріміз қашан да саналы ұрпақ, кемеңгер келешек тәрбиелеген. Біздің мақсатымыз-әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды өмірге үйрету, мектептегі қыз балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға, әсіресе, бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Сондықтан қыздарымызға ақыл-кеңесімізбен, үлгілі өнерімізбен өнеге көрсете отырып, сұрақтарына жауап

беріп, ата дәстүрді сақтау сынды асыл қасиеттерді бойларына сіңіруге барынша тырысамыз. Қыздармыздың болашақ ана екенін қазірден бастап саналарына сіңіреміз. Ұлттық құндылықтар, қыз баланың жанұядағы орны, жеке бастың гигиенасы, ататек жайында сөз қозғаймыз.

Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле дейді дана халқымыз. Қыз баланың алдында қоғамның, елдің, бүкіл ұлттың жауапкершілігі тұрғанын жастайынан саналарына сіңіріп, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, ел көшін игілік пен өркендеуге бастайтын жан-жақты, білікті де білімді қыз бала тәрбиелеу мақсатында жұмыстар атқарамыз деп ойлаймын.

№8 мектеп-кешенінің ұстазы Аманбаева Арай



© 2010-2022