Тәрбие сағаты Жас эрудит 2 сынып

Тәрбие сағаты оқушының дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамытады.Барысы:1. Ойынның мақсатымен таныстыру.2. Ойыншылармен таныстыру.3. Әділқазылар алқасымен таныстыру.4. Жеңімпазды анықтау.5. Жеңімпазды марапаттау.
Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жас эрудит»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Жас эрудит» деген лента ; ойыншылар көрсететін сандар; Төреші бюллетеньдері. «Эрудит» оқушыға берілетін сыйлық , секундомер.

Барысы:

1. Ойынның мақсатымен таныстыру.

2. Ойыншылармен таныстыру.

3. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

4. Жеңімпазды анықтау.

5. Жеңімпазды марапаттау.

Жүргізуші ойынның мақсатын түсіндіреді.

- Құрметті, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 2 «Б» сынып оқушыларының арасында өтетін «Жас эрудит » интеллектуалдық ойынымыз гимназияішілік, облыстық, республикалық интеллектуалдық ойындардың бастамасы. Сонымен сіздерді құттықтаймын!

- Балалар,«Эрудит» деп кімді айтады?

- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша эрудицияға бай адамды эрудит дейді. Ал эрудиция деген жан-жақты терең білім. Сондықтан біздің ойынның мақсаты білімі терең, озық ойлы оқушыны анықтау. Сонымен ойыншыларға сәт сапар тілейміз!

Әділқазылар алқасын таныстыру

-Ойыншыларымыз 5 кезеңнен өтеді.

І кезең: « Ғажайып үштік» Ойыншы өзіне ұнайтын пәнін және сұрақтарын таңдап алады. Егер жауап бере алмаса, басқа ойыншыларға жауап беруге болады.

30

20

10

10

101 2 3 4 5

Қазақ тілі

30

20

10

10

10Дүниетану

10

20

10

10

30Математика

Қазақ тілі

  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата. /қатаң, ұяң, үнді/

  2. Жазбаша немесе ауызша ойды не жеткізеді? /мәтін/

  3. Сөйлем деген не?/ Сөйлем тиянақты аяқталған бір ой/

  4. Жұрнақ деген не? Мысал келтір. /Жұрнақ - сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымша./

  5. Әртүрлі мағыналы сөздерге мысал келтір. / шаш, жаз. Ара/

Дүниетану

  1. Қаласында қай жазушылардың ескерткіші орнатылған? (Абай мен Пушкин)

  2. Погодин атындағы орыс драма театрының маңында қай батырлардың ескерткіші орнатылған? (Ағынтай мен Қарасай)

  3. Гимназияның жанында кім шыршаларды отырғызды?

  4. Жапырақты ағаштар мен қылқан жапырақты ағаштардың қандай айырмашылығы бар? / жапырақты ағаштардың жапырақтары күзде түседі./

  5. Судың қасиеттерін ата./ Сұйық күйінде судың пішіні болмайды, иіссіз, мөлдір, дәмі болмайды, иіссіз/

Математика

  1. Келесі сан қандай? 20, 17, 14, ... (11)

  2. Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? (2сағ.)

  3. Жердің үшінші жасанды серігі Жер шарын 106 минутта айналып шықты. Осы уақытты сағатпен және минутпен өрнекте. /1 сағ. 46 мин/

  4. Үстелдің үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстелдің үстінде неше май шам қалды? (4)

  5. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысының мәнін жылдам есептеп тап.(55)

ІІ кезең: «Ертегілер әлемі» Бұл бөлімінде ертегілер кейіпкерлерін табу керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай алады.

1. Ол 5-ке дейін ғана санау білетін. (Буратино)

2. Алтын жұмыртқаның анасы. (Шұбар тауық)

3. Айдаһардың тісіне ілегіп оның құйрығы айырылып кеткен. (Қарлығаш)

4. Ауырып қалған әжесіне тәтті самса апаратын кейіпкер. (Қызыл телпек)

5. Бойына сеніп жыл басынан құр қалған хайуанат. (Түйе)

6. Қатығы төгіліп, құйрығы кесілген кейіпкер. (Мысық)

7. «Уф» - дегенде ұшатын, «Суф»-дегенде қонатын ертегі кейіпкері. (Қаңбақ шал)

8. Өзінің айласымен байлардың дүниесін алып кедейлерге беретін кейіпкер. (Алдар Көсе)

9. Қарлығаштың балапандарын жыланнан құтқарған жәндік.(дәуіт)

10. Достары жоқ ханзадаға көмектескен кейіпкер. ( қызметші)

11. Аңдардан аман қалып, түлкіге кезіккен нан. /бауырсақ/

12.Өте шапшаң жүретін кейіпкер.(Желаяқ).

Бұл сайыстан ұпайлары төмен 7оқушылар шығады.

ІІІ кезең: «Полиглот» Ойыншылар берілген жұмбақтардың шешімін тауып, табылған жауапты орысша, ағылшын тілдерне аударады. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.

1. Жасыл ала шапан киген,

Жатып, қызарып, семірген (Қарбыз)

2. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (Қалам)

3. Алыстағы сыбысты,

Құлағы сезгіш дыбысты

Шапқылаған күні-түні

Атқарып күзет жұмысын

Бұлғаңдатып құйрығын

Аң да алады «жүйрігім» (Ит)

4. Тілден ұшып,

Құлаққа қонады. (Сөз)

5. Оқу - білім бұлағы,

Оқушылардың шаңырағы (Мектеп)

6. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама . (Кітап)

7. Қызыл, жасыл, сары,

Шырыны оның жақсы

Өседі ол ағашта,

Ал, аты оның ... (Алма)

8. Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа (Футбол)

9 .Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар. (нан)

10. Батырға көлік болған,
Сүті-қымыз,
Жегенге тамақ болған,
Тағамен жүріс.

(Жылқы)

11. Емес ол кітап та,дәптерде,

Жүреді бірақ та портфельде.

Көрсетіп ондағы бағаңды,

Қуантып қоясын ағаңды.

(Күнделік)

12. Ұрып қалсаң кері атып,

Оралады өзіңе.

Көрсе досың бері атып,

Қайтып барар өзіне.

(Доп)

Әділқазылар алқасы ұпайларды хабарлағаннан кейін,

ұпайлары төмен 4 оқушы ойыннан шығады.

ІҮ кезең: « Тапқыр» Ойыншылар бұл бөлімде қазақтың мақал-мәтелдің жалғасын тауып, аяқтау керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

1. Сағынған ер елін аңсайды,

(Сарыала қаз көлін аңсайды.)

2. Оқусыз білім жоқ

(білімсіз күнің жоқ)

3. Егілмеген жер жетім

(Елінен айырылған ер жетім)

4. Отансыз адам

(Ормансыз бұлбұл)

5. Кішіпейілдік -

( кішілік емес кісілік)

6. Доссыз адам- (Тұссыз тағам)

7. Үлкенге құрмет

(кішіге ізет)

8. Атаңа не қылсаң,

(алдыңа сол келер)

9. Саусағы ұзын биші болады

(құлағы ұзын күйші болады)

10.Жақсы шәкірт -

( ұстаздың мұраты.)

Әділқазылар алқасы ұпайларды хабарлағаннан кейін,

ұпайлары төмен 2 оқушы ойыннан шығады.

Vкезең: «Алғыр» Бір минуттың ішінде сұрақтарға жауап береді. Ойыншылар жауабына қарай ұпай алады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1-ойыншыға сұрақтар.

1. Қазақстанның астанасы- ....(Астана)

2. Алғашқы ғарышқа ұшқан адам-... (Гагарин)

3. Қазақстан Туындағы құс-... (Қыран)

4. Қазақтың күлдіргі әңгімелерінің кейіпкері ...(Қожанасыр)

5. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі ...(түбір)

6. 8 * 2 = ... (16)

7. Өсімдіктің жер асты бөлігі .. (тамыр)

8. Қойдың төлі-... (қозы)

9. Өрт шыққан жағдайда қай нөмірге телефон шаласың? (101)

10 Жылқы сүтінен жасалатын шипалы сусын-... (қымыз)

11. Газ иісі шыққан жағдайда қай нөмірге телефон шаласың? ( 104)

12. Бір тәулікте неше сағат? (24сағ)

13. Мемлекеттік тіл-... (Қазақ тілі)

14. Сенің сынып жетекшің ...

15. Ғарышқа ұшатын кеме-... (Зымыранды)

2-ойыншыға сұрақтар.

1. Петропавл қаласының екінші аты ....(Қызыл жар)

2. Алғашқы қазақ ғарышкері-(Тоқтар Аубәкіров)

3. Елтаңбамыздың ортасында не орналасқан? (Шаңырақ)

4. Өзінің айласымен байлардың дүниесін алып кедейлерге беретін кейіпкер. (Алдар Көсе)

5 . Сөздің мағынасын өзгертпейтін қосымша. (жалғау)

6. 7* 2 = ...(14)

7. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі ... (сабақ)

8. Түйенің төлі-... (Бота)

9. Ауырған адамға «Жедел жәрдем» қай нөмірмен шақырасың? (103)

10. Түйе сүтінен жасалатын сусын-.. (Шұбат)

11 Полиция қызметкерлеріне қай нөмірмен хабарласасың? (102)

12. Бір жылда неше ай? ...(12 ай)

13. Көк түсті ел рәмізі -...( Ту )

14. Гимназияның жанындағы ескерткіш? (Ж.Жабаев)

15. Ауада ұшатын көлік-... (Ұшақ)

Осымен «Жас эрудит» деп аталатын2 «Б»-сынып оқушылары арасында өткен интеллектуалдық ойынымыз аяқталды.

Әділқазылар алқасына сөз береміз.

Жеңімпазды марапаттау.

Рефлексия стикермен смайликке жапсырады.


© 2010-2022