Көшеде жүру тәртібі

Бұл тәрбие жұмысының әзірлемесінде жолда жүру қауіпсіздігін сақтау ережесіне арналған өлең жолдары,жұмбақтар және қызықты тапсырмалар кездеседі.Бұл іс-шара арқылы оқушылардың жолда жүру тәртібі ережесі туралы көптеген мәліметтер алады.Бұл әзірлеме жас сынып жетекшісіне көмек ретінде өте пайдалы.оқушылардың дүниетану сабақтарында алған білімдерін бекітіп отырады.Осы іс-шараны меңгерген оқушылар жолда апатқа ұшырамайтыны анық.Келешекте жас бауырларына да ақыл кеңес бере алатыны анықдеп айта аламын...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көшеде жүру тәртібі


Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Қатысатын оқушылар саны-11

Командалық сайыс.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар - «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер - «Жасылдар».

Жүру барысы


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Армысыздар Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Көшеде жүру тәртібі» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Бүгінгі «Көшеде жүру тәртібі » атты сайысымызға үш топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сайысымыз 5 шарттан тұрады.


  1. Ой қозғау.

  2. Балаларға қойылатын жұмбақтар.

  3. Белгілерді дұрыс қой.

  4. Сөздер құрастыру.

  5. Көлік түрлерін ата.

Ендеше ойынның шарты түсінікті енді әділқазылар алқасымен танысайық.


  • Хасенова Райхан Қалиғожақызы.

  • Алибаева Салтанат Қапезқызы.

  • Жазитова Салтанат Өркешқызы.

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер - «Сарылар» тобы.

Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін, жасқанба!


  1. Тапсырма Ой қозғау.

№1

А) Сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер?

Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар жолаушылар болып есептеледі.

Ә) Сұрақ. Топпен бірге жүру деген сөзді қалай түсінесің?

Жауап: -қатардан шықпа.

-алысып ойнама

- жүгірме секірме.

Б) Сұрақ. Жол бойында велосипедпен, қол шанамен сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

Жауап: жолдың шетін жағалай жүру керек, ал жиек жол болмаса жолдың сол жағымен жүреді.

№2

А) Сұрақ. Жолаушыларды таситын қоғамдық көліктерді қай жерде күтуге болады, ол қалай аталады?

Жауап: Аялдама

Ә) Сұрақ. Жол дегеніміз не?

Жауап: Жаяу жүргіншіге арналған жол.

Б) Сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

Жауап: механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді құрал. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде үлкен рөл атқарады.

№3

А) Сұрақ. Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өтеді?

Жауап: Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да артынан да өтуге болмайды, сол айналада жол өткелі болуға тиіс содан өту керек.

Ә) Сұрақ. Қауіпті бұрылыс дегеніміз не?

Жауап: ол жүргізушілерге алда жолдың бұрылатыны болатынын ескертеді.

Б) Сұрақ. Тегіс емес жол дегеніміз не?

Жауап: Жүргізушілерге алда кедір бұдыр шұңқыр жол бар екенін ескертеді деген сөз.

2 тапсырма.

Балаларға жұмбақтар. ( кезекпен кезек )



  1. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күзеткен ( Жол сақшысы )


  1. Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялайды. ( Автобус )

  1. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. ( Жол)

4) Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Тапшы мұны оқушым (жол)

5) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

6) Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық .(автомобиль)


Оқушылардың тақпақтары

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге ортақ тәртіп

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді аман сақтап.

Көреген, дәу қырағ

Көшемізде тұрады,

Оның аты - бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда

Бағынамыз әмәнда.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Қып - қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.

Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Ирек - ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз

Троллейбус, трамвай,

Автобуспен жүреміз.

Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай туар қолайсыз

МАИ қызметкерлерінен

Сан кешірім сұраймыз

Жол жүрудін тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтағанда қатерден

Сау-саламат жүреміз.

Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді

Сергіту сәті. Бір оңға бір солға. Осымен біздің «Көшеде жүру тәртібі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды сөз әділқазыларға беріледі.


© 2010-2022