Ұстаз - ұлағатты есім

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ұстаз - ұлағатты есім

Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарын сыйлауға және оларға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. 5- қазан Ұстаздар күнімен құттықтау.

Түрі: Кеш

Көрнекілігі: Шарлар,плакаттар,қанатты сөздер.

(Шашу биімен ашылады)

1-жүргізуші: Құрметті де аяулы біздің ұстаздарымыз. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді шәкірттеріңіз шын жүректен құттықтайды.

2-жүргізуші: Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты, жарқын тілек білдіріп,

Құттықтаймыз ұстаздарым баршаңды.

1-жүргізуші: Ұстаз... Күн сайын жүздеген шәкіртердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын егуге ұмтылатын, осы бір жылы жүзді жайдары жандарға, қай қайсымыз болайық борыштар біз.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің сіздерге арнаған мерекелік тартуларын қабыл алыңыздар! (Ұстаздарға арнау)

Мектеп директоры Дәулен ағайға

Мектебімнің директоры Дәулен ағай,

Білім беріп, үйретті бізге талай.

Жүз мақтау айтса дағы тұрарлыққой,

Тасыңыз дөңгелесін өрге талай.

Қазақ тілі мұғалімдері Нұржан, Айгүл апайға

Қазақ тілі өз тілім, ана тілім,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.

Осы тілдің ұқтырған терең сырын,

Нұржан,Айгүл апайлар берген білім.

Биология мұғалімі Қуандық ағайға

Ген, РНҚ,ДНҚ-деп тіл қатқан,

Дүние деген тұрады екен, шешілмеген жұмбақтан.

Сен әкеңе ұқсағасың, балам-ау деп біздерге,

Қуандық ағай биология сабақтан.

Тарих пәні мұғалімі Әуесхан апайға

Тарих деген түп қызығым тамырым,

Тамырымды білу менің парызым.

Бұл ғылымды аянбай бізге үйреткен,

Әуесхан апай көп қой сізге қарызым.

География мұғалімі Бибіткүл апайға

Сізбенен біз әлемді қиялменен шарлармыз,

Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.

Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,

География Бибіткүл апай деп біз жайнаймыз.

Орыс тілі мұғалімдері Салтанат, Назира апайға

Жас ұрпаққа жалынды

Сөз маржанын дарытқан.

Алдындағы баламен,

Тіл арқылы танысқан

Орыс тілін меңгерген

Үйретуді жөн көрген

Салтанат апай Назира

Ұстаздармыз әрқашан,

Ұрпаққа жаңа өң берген.

Ағылшын тілі мұғалімі Әсел апайға

Жас ұрпаққа жалынды

Сөз маржанын дарытқан.

Алдындағы баламен,

Тіл арқылы танысқан

Ағылшын тілін меңгерген

Әсел апай біздерге

Ұрпаққа жаңа өң берген.

Математика пәні мұлғамдері Анар,Гүлмира апайға

Қосып, алып, бөліп оны тағы көбейткен,

Шаршы ауданын тауып, санды теңдеумен.

Гүлмира апай,Анар апай мың алғыс,

Есептеуді бізге талай үйреткен.

Химия пәні мұғалімі Бибігүл апайға

Бар ғұмырын химияға арнаған,

Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.

Бибігүл апай сізге де үлкен зор алғыс,

Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған.

Дене тәрбиесі мұғалімдері Асхат,Ерғали ағайларға

Оқушыға қатаң тәртіп қоятын,

Әр сыныптан тәртіпсізді жоятын.

Ұмытқанда красовка, форманы

Ерғали, Асхат ағай тұрғызып бір қоятын.

Физика мұғалімі Бақытжан ағайға

Дүниемен танысуға берген талай көмегін,

Физиканы ең жаңызды пәннің бірі дер едім.

Оны үйреткен Бақытжан ағай мың алғыс,

Ағай барда физикамен сусындап мен келемін.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне

Мен алғаш, мектеп есігін ашқанымда,

Күнім болып көріндіңіз аспанымда.

Білім болып егілдің жас жанымда,

Гүлің болып төгілдің асқарыма.

Біз дегенде ұмытып бала қамын,

Ләззат,Айгүл,Гүлсім,Мөлдір,Гүлбақыт апайларым жас жадымда.

1-жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

2-жүргізуші: Мұғалім деген - ерекше тұлға, дара шың.

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген - аяулы адам, асыл жан,

Шәкірт көңілінде күн болып, жайнап жанатын.

1-жүргізуші: Аялы ұстаздарымыз бұл ән сіздерге арналады

Ән «Ұстазым» Орындайтындар: Саин Жамила, Сейтқали Айжан

2-жүргізуші: Әдетте оқушының бойына шынайы білім, білік дағдыларын дамытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқытып, алған білімді өмірде іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыратын ол - ҰСТАЗ.

1-жүргізуші: Аяулы ұстаздар! Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Жаңа оқу жылы сіздердің отбасыларыңызға ырыс, дәулет, бақыт әкелсін!

«Ұстаздық етекен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы ғана қол жеткізуге болады.

1-оқушы:

Ұлағатты ұстазым,

Білім нәрін бердің сен.

Көп қой менің өзіңе,

Айтар шексіз алғысым.

Ұстазым менің, ұстазым,

Біліміңмен суардың.

Сеннен алған білммен,

Арман жолын қуармын.

2-оқушы:

Ұстаздарға уәде,

Дұрыс адам боламын.

Оқу оқып,білім алып,

Бақытымды табамын.

Ұстаз бейне ата-анаң,

Жақсылық тіле оларға.

Ұстазынан бата алған,

Табылмақ алғы қатардан.

3-оқушы:

Ұстаз деген ұлы сөз,

Мағынасын ұғып көр.

Бір өзінен табылар,

Шапағаттың нұры да.

Адамгершілік құны да,

Жүзінен арай төлігер.

Жүрегінен шуақ себілер,

Ұстаз болғың келсе егер.

Осының бәрі бойыңа,

Білімменен егілер.

4-оқушы:

Аманат жүгін көтерген,

Ұстаздық оңай іс емес.

Шаршауын шәкірт өтеген,

Ұстаздар осал күш емес.

«Ұстазым» деген ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім - ұстаз бола алса,

Баланың көп қой данасы.

5-оқушы:

Данасың парасатты мұғалімім,

Өзіңдей шәкірт жанын ұғады кім?

Талпынсам биіктерге қанат қағып,

Қол созып, асқар таудан тұратұғын.

Шежіре шертіп, кемел ұстаздығың,

Білімге меңзеп, шәкірт құштарлығын.

Әлемді бір өзіңмен араласам,

Биікпін самғап ұшқан құстай бүгін.

6-оқушы:

Ұстаз деген ұлы сөз ғой ардақты,

Әр адаммға білім берген жан-жақты.

Жалықпастан үйргетуге баланы,

Әр адамның болашағын талғапты.

Ұстаз аты бес әріптен құралған,

Атын оның құрмет тұтар әр адам,

Ұстаздарды құрметтеңдер достарым!

Оның жолы болмас әсте бұралаң.

7-оқушы:

Тек биіктер шығарым,

Ақылшы бек - мұғалім.

Жаныма серік еткенмін,

Білімнің қайнар бұлағын.

Кеңейтіп сана, түлектен,

Өщер ме есім жүректен?

Заманым,мынау өтпелі,

Ұстаздарды жүдетпе!

(9-сынып оқушысы Тұрлығожа Дариғаның ұстаздарға арнауы оқылады)

1-жүргізуші: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз.

Ендеше осы ретте Төлеғазы Гүлдананың орындауындағы «Ұстаз - ана» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Енді сіздермен шағын ойын ойнасақ деп едік.

(Ойын шартымен таныстыру)

«Ұйғыр биі» Орындайтын Байғожа Қырмызы

1-жүргізуші: Көрдім де оларды, қызықтым ісіне,

Сан сұрақ оралды. Ұстаз да, ісі де.

Ұстаз кім? Ұстаз ба, ол - ана!

Өсірдде сені де, мені де, қаққызбай ешкімге.

Ұстаз кім? Мұғалім, ол - дана!

Жасқа да, қартқа да қамқоршы сол ғана.

Ұстаз ба? Ұстаз ол - ер, диқан,

Шыңдаған ерлікке, Дарытқан мол білім,мол сана.

2-жүргізуші: Ұстаз кім? Ол-зергер,дәрігер, қайраткер,

Ойында оның болашағы сайрап тұр.

Бүгінгі ұлан ұстазынан үлгі алған,

Ертең ғалым, президент, не маман.

Ғарышкер де, қаламгер де, әртіс те,

Мұғалімге қарыздар ғой әр істе.

Қинаса да барын салып, салмақты,

Мойымайтын дарқан тұлға ұстаз ғана емес пе?!

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Сіздерге арналған шәкірттеріңіздің КВН-ін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Оқушыларымыздың заманауи музыкаға қойылған Флешмобы бар екен. Сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Көзімдегі шырағым, ол өзіңсің мұғалім,

Сеннен жиған білім нәр, нәрсені мол ұғамын.

Зәулім де, асқақ шынарың,

Жүрек сыры, жыр әнім.

Ұлы бейнең - тұғырлы,

Ақылшы бек - мұғалім.

2-жүргізуші: Құйылады жыр ағын,

Көптен дара пырағым.

Құтты болсын мерекең,

Заңғар тұлға мұғалім.

Хор: «Ұстазым»

1-жүргізуші: Қонақты сыйлау қашанда, біздің асыл қасиеттердің бірі. Бүгінгі меркеде айтылар көп ақ ниет. Бүгінгі кештің құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Дәулен ағайда.

2 жүргізуші: Ақкөңіл ұстаздарым, адам ниет,

Жандарың жадырасын, жазылмасын.

Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,

Қиындық басқа түссе, қасымдасың - дей келе отырып, қадірлі де аяулы ұстаздар сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге отбасы шаттығын, ана бақытын, бала қуанышын тілейміз.

1-жүргізуші: Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді де сәнді, қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге зор алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!


© 2010-2022