Сыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің Қазақстаным

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымСыныптан тыс жұмыс Менің Отаным - менің ҚазақстанымАстана қаласы

«№71 мектеп - лицейі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі А.Б.Кайранбаева

Сыныптан тыс жұмыс

Сыныбы:5

Тақырыбы: Менің Отаным -менің Қазақстан.

Мақсаты: Жас ұрпақты туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқушылардың салған суреттері, шарлар, тәуелсіздікке байланысты плакат, А-3 форматтары, маркерлер, бейне материал.

Техникалық құрал: компьютер

Өту барысы:

І. Мемлекеттік әнұран орындалады.

ІІ. Оқушыларды «Молекула» ойыны арқылы топтарға бөлу.

ІІІ. Поэзия минуты. М.Мақатаевтың «Отан» өлеңі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Құрметті оқушылар, М.Мақатаев ағаларыңның өлең жолдарынан не ұқтыңдар? Бүгінгі сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы не туралы?

Ия, балалар, тақырыбы «Менің Отаным - менің Қазақстаным» деп аталады.

-Балалар, Отан дегеніміз не? Мағынасын қалай түсінесіздер?

-Отан -адамның туып-өскен жері.

IV. «Отан» сөзіне кластер жасау. Әр топ өз топтарында жасайды.

Отан

V. Біз сіздермен қай республикада тұрамыз? Қазақстан қандай республика? (Оқушылардың жауаптары)

-Тәуелсіз дегенді қалай түсінесіздер? (Оқушылар жауабы)

VІ.Біздің осы бүгінгі күнге жету жолында талай ата - апаларымыз, аға-әпкелеріміз құрбан болды. Неліктен , 16 желтоқсанды Тәуелсіздік күні дейміз? (Оқушылар жауабы) Қазір, балалар, біз сіздермен бейнебаян көрейік.

Бейнебаяннан не көрдіңіздер?

VІІ. 1991 жылы Қазақстан Республикасы ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік күні болып 16-желтоқсан жарияланды.

1991 жылы Қазақстан өзінің Президентін сайлады.

VІІІ. Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.

Оқушылар Отан, туған жерге байланысты өлеңдер оқиды.

1.Алина Маржан

2.Амангелді Ибрагим

3.Избасарова Даурия

ІX. Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін-дей келе, 3 топқа біріне «Қ», екіншісіне «Р», үшінші топқа «Т» әріптерін беріп, тапсырманы түсіндіру. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Берілген сұрақтарға әр топ өзіне тиесілі әріптен бастап жауап береді. Мысалы: «Қ» әрпіне байланысты Елтаңбада не бейнеленген деген сұраққа «Қазақстан» деген жазу бар деп жауап беру керек.

Сұрақтары:

1-топ. «Қ» әрпі.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (Қазақстан - үлкен мемлекет.)

  2. Туда не бейнеленген? (Қыран)

  3. Сен қай қалада тұрасың? (Қарағанды)

  4. Астанада ауа райы қандай? (Қарлы)

  5. Қазақстан қай мемлекетпен шектеседі? (Қытаймен)

  6. Әнұранның әнін жазған кім? (Қалдаяқов)

  7. Мектепте оқыған қиын ба? (Қиын емес)

  8. Желтоқсан құрбаны кім? (Қайрат)

  9. Қазақстанда қандай тау бар? (Қаратау)

  10. Сен өз Отаныңды жақсы көресің бе? (Қазақстанды жақсы көремін)

2-топ. «Е» әрпі.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (егеменді)

  2. Сенің туған жерің қай жер? (Екібастұз)

  3. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі? (ертегі)

  4. Айшаның құрбысының аты кім? (Еркежан)

  5. Қазақстанда қандай өзен бар? (Есіл, Ертіс)

  6. Жексенбі қашан болады? (ертең)

  7. Бүгін қандай сабақ болады? (екінші сабақ- ағылшын)

  8. Сен достықты бағалайсың ба? (ерекше)

  9. Мемлекеттік рәміз (елтаңба)

  10. Сен өз Отаныңды жақсы көресің бе? (егеменді елімді жақсы көремін)

3-топ. «Т» әрпі.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)

  2. Бүгін ауа-райы қандай? (тамаша)

  3. Қазақстанда тұратын халық? (татар)

  4. Елтаңбада не бейнеленген?(тұлпар)

  5. Жексенбі күні сен қайда барасың?(театрға)

  6. Мектепке қашан барасың? (таңертең)

  7. Мемлекеттік рәмізге не жатады?(Ту)

  8. Ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)

  9. Сен былтыр нешінші сыныпта оқыдың? (төртінші)

  10. Сен өз Отаныңды жақсы көресің бе? (Тәуелсіз елімді жақсы көремін)

X. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер сайысын өткізейік.

Шарты: Әр топ кезекпен - кезек мақал-мәтел айтады. Бір айтылған мақалды қайталап айтуға болмайды.

XІ. Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді, -деп «Менің Отаным» тақырыбына сурет салып, қорғауды ұсынамын.

XІІ. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!

Осымен, құрметті оқушылар, Тәуелсіздік күніне арналған сыныптан тыс іс-шарамыз аяқталды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк аспанның астында тату-тәтті, бірлігіміз жарасып өмір сүрейік!



© 2010-2022