Көктем аруы

Мақсаты:  Балаларды мейірімділікке,  аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,                       сүйіспеншілігін арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.                       Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық  сияқты қазақ қыздарына                        тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Бүгін Наурыздың сегізі                       Сұлулықтың негізі                       Әдемі сөз адамның,                       Анаға айтар лебізі.                       Армысың әжелерім, аналарым,                       Мейірбан аппақ көңіл даналарым,                       Гүл көктемнің алғашқы мейрамымыен,                       Құттықтайды сіздерді балаларың. Уа, халайық, халайық,                         Мұнда назар салайық!                              Мерекесі халықтың,                         Ана тойын бастайық!                         «Көктем аруы» сайысын бастайық! Осы мерейлі мереке  тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Бүгін сіздерге арналған «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысымызды  тамашалаңыздар. Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көктем аруы«Боранқұл балабақшасы» МКҚК

«Қарақұм» бөлімшесі






Өткізген: «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

Ақмоншақ Смайылова





«Көктем аруы» қыз сыны сайысы

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,

сүйіспеншілігін арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қыздарына

тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Жүргізуші: Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Армысың әжелерім, аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымыен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Наурызбек: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың,

Ана тойын бастайық!

«Көктем аруы» сайысын бастайық!

Осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Бүгін сіздерге арналған «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысымызды тамашалаңыздар.

Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

1.

2.

3.

Сайыс 7 -і бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру.

2.Тапқырлар, білгірлер

3.Аналарға, қыздарға арналған мақал-мәтелдер.

4. Өз өнерін көрсету.

5.Шебер қолдар сайысы.

6. Ас мәзірі.

7. Сән үлгісін көрсету.

Жүргізуші: Аруларын қашанда халқым менің сыйлаған,

Жаны-сырлы, жанары таң ару қыздар.

Сенімі асқар, күн ару қыздар,

Сәуле шашқан өмірге, нұр ару.

Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,

Бай болсын қыздарымыз ізгілікке.

Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде,

Қол соғып, қошеметтеп шақырамыз.

1 ару: Сөзі салмақты, ісі тиянақты, дене бітімі жинақы қыз-Нұраханова Медина

2 ару: Баппен сөйлеп биязы күліп жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз-

Есенғали Әмина

3 ару: Көз жанары өткір, бет әлпеті бал - бұл жанған ,тәні шымыр қыз-

Тоқжан Айбану

4 ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті, өреселдікті сүймейтін қыз- Асқар Дарина

5 ару: Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ

бойлы, терең ойлы қыз-Ибраим Зере

Жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Таныстырып өздерін ән салыпты.

Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға,

Арулар аянбай- ақ жан салыпты.

Арулар өздерін таныстырады.

Бекзат: Сегізінші Наурыз күнін,

Мейрамдайды аналар.

Аналардың шаттығын,

Құттықтайды балалар.

Салауат: Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты мерекең.

Расул: Менің әжем, бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Ақерке: Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

2- бөлімі: «Тапқырлар, білгірлер»

  1. Көктемде алғаш ұшып келетін құс?

  2. Қыз қандай болу керек?

  3. Жеті атаны ата.

  4. Көктемнің алғашқы белгісін білдіретін гүл?

  5. Қазақтың тұңғыш күйші қызы?

  6. Қазақтың ұлттық тағамының түрлерін ата.

  7. Қазақтың қол өнер бұйымдарын ата.

Нұрдәулет: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Бейбарыс: Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын, ақ мамам.

Арайлым: Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

3 - бөлімі: Аналар мен қыздарға арналған мақал- мәтелдер оқу.

4- бөлімі: Өз өнерлерін көрсету.

Жүргізуші: Қазақтың түрлі дәстүрлері бар

Оның сырын біледі ме, ару қыздар?

Сол себептен қоятын сауал бар да,

Ал, арулар сайысқа қалайсыңдар?

Арулар өз өнерлерін көрсетеді.

Расул: Ана - көркі көгімнің,

Ана - нұры жерімнің .

Ана - бағы баламның,

Мақтанышы елімнің.

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтаған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

5 - бөлімі: «Шебер қолдар» сайысын тамашалайық.

Ақмарал: Бәріңізде анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

6 - бөлімі: « Ас қадірін білмеген аштан өлер, ат қадірін білмеген жаяу қалар»

демекші келесі сайысымыз «Ас мәзірі»

7 - бөлімі: «Сәндік киімдер» үлгісі

Ару қыздар - Ай көрік, қылығы күн,

Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін.

Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын- дей келе аруларымызды ортаға шақырайық.

Нұркелді: Анасыз жоқ бір күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің.

Ұсынамыз біз бүгін,

Сізге сұлу шоқ гүлін.

Мұрат, мүлде, мақсатым,

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт ананың,

Ақтау дер ем ақ сүтін.

Теңдесі жоқ ананың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым.

Жүргізуші: Сізге арналады бүгінгі әніміз,

Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген,

Ұлы- Ана ұзақ өмір сүріңіз.

Ән хормен «Анашым»

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

Жүргізуші: Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң баспасын жанарыңа.

Осымен сайысымызды аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға. - дей келе қыз сыны сайымызды аяқтайық.

Көріп тамашалап, қатысқандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!



© 2010-2022