Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп №212 мектеп-гимназия Сынып 3 «Б»

Мерзiм 20.11.2015ж Ата-ана саны______

Мұғалiм Садықова Шаттық

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі екендігін ұғындыру.

Міндеттері:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұны мен философиясын түсіндіру.

  2. Ата-аналардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.

  3. Ата-аналарды руханиятты, ізгілікті болуға баулу.

Ресурстар:

(қалам, бейнепроектор, плакаттар)

Жоспар:

  1. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы

  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

  3. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.

  4. Ата-аналардың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі).

  5. Топпен ән айту.

Семинардың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».

Жағымды көңіл - күйге келудің мәні мен мақсаты таныстырылады.

  1. Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға әкелмей қоймайды. Бұл дегеніміз, әлем дамуда және даму барысында дағдарысқа ұшырауда. Дағдарыс 3 топқа бөлінеді: жеке тұлғалық, қоғамдық, экологиялық. Шығу жолы: "жаңа аскетизм". Руханилық ойдың, істің таза болуы. Аскетизм рақымшылдық жасау,материалдық құндылықтарды рухани құндылықтарға өзгерту. Іс әрекеттің дұрыс болуы.1968 жылы Жаһандық проблемаларды шешу үшін
    Рим клубы құрылды. Рим клубының негізін қалаушы-Аурелио Печчеи.

Қазіргі таңда, Рим клубы, геосаясат түбегейлі өзгерістері болған, әлемнің қазіргі жай-күйін зерттеулерді жалғастыруда, әсіресе әлемде экологиялық жағдай нашарлауы жалғасуда.

  1. Маслоу бойынша "Қажеттіліктер пирамидасы"

Рухани қажеттіліктер

Өзін құрметтеу, өзін жүзеге асыру

Әлеуметтік

Қауіпсіздік

Физиологиялық

Рухани-адамгершілік білім беру

Ұстаз - нұр сыйлаушы жан иесі, адам жанын тәрбиелейтін Ұста.

Оқушы - нұрды іздеуші, шөліркеген жан.

Сабақ (педагогикалық үдеріс) - өсіп келе жатқан адамды, яғни оқушыны Ұстаздың Нұрға бөлендіретін, шабыттандыратын, өз рухының сыйын әрі қарай әлемге тарату үшін құлшындыратын, ұстаз бен оқушының кездесуінен туатын, бірлескен асқақ өмірдің айрықша жолы

Сана - ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұсатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты эпифеномен.

Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі.

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар.

Аксиология (гр. құндылық)- құндылық категориясын зерттейтін философияның саласы.

Құндылықтар- адам үшін аса маңызды заттар,құбылыстар,қасиеттер мен жай-күйлер.

Құндылықтар:

Ақиқат

Сүйіспеншілік

Дұрыс әрекет

Ішкі тыныштық

Қиянат жасамау

Құндылықтар Т.И Петракова бойынша 3-ке бөлінеді: табиғи, жүре пайда болған, абсолюттік құндылықтар.

Құндылық ағашы: адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштық пайда болады, ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат жасамайды.

  1. Отбасы - ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.

Отбасында тыныштық болса - үйде тыныштық болады;

Үйде тыныштық болса - мемлекетте тыныштық болады.

Мемлекетте тыныштық болса - әлемде тыныштық болады.

Отбасы - ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек.

Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін
ата-аналардың қарым-қатынас типтері

Орынсыз қамқорлық(бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды).

Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) (баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен қарамайды)

Орынсыз қорқыныш, үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті психосоматикалық ауруларға апарады).

Жоғары талаптар қою (балалар сасақалақ, жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады)

Кемсіту, елемеу (мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба болады. Өсе келе түрлі қылмсыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін).

Бала өміріндегі ананың рөлі.

Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек.

Ана өзінің міндетін өзгелерге аудара салмауы тиіс (ата-әжесіне, күтушіге, балабақшаға).

Өте ерте жастан тәрбиеге әлеуметтік мекемелерге берілген балалар анасы ғана бере алатын мейірімнен, жылылықтан, ізгіліктен, сүйіспеншіліктен кенде қалады.Өкінішке орай көптеген балалар ана махаббатының не екенін білмейді

Бала өміріндегі әкенің рөлі.Әке отбасында ең басты орынды иеленеді.

Еркек - білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы.Еркек- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам. Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып, бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әркезедесүйіспеншілік пен тәртіпболуытиіс.

  1. Топпен ән айту.

БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Сөзі Т. Молдағалиевтікі

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім?!
Әйтеуір нұр құштым,
Әйтеуір гүлдедім.
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады.
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады.

Қайырмасы.
Келбилейік, кетпеменің қасымнан,
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған.
Сезім, шіркін, ақжаңбырғаұқсайды,
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

Әнбісің төгілген,
Жырмысың армандай.
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай.
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады.
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады.

Қайырмасы.

Күнәсіз шуақпын
Жаныңа үңілген.
Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген.
Сүйемін мен күнді
Көңілді, жалынды.
Сен биле еркімді,
Әлдиле жанымды.

Қайырмасы.

Талдау

Үйге тапсырма. Балаларыңызды құшақтап, оны жақсы көретініңізді, қандай жағдай болмасын қолдайтыныңызды сезіндіру.

Жиналыстың қорытынды сәті. Ата-аналар семинардан алған әсерлерін айтып, пікірлерін жазады.

Мұғалім_____________

Директор____________

© 2010-2022