«Егемен елдің еркінен туған тұңғыш Конституция» тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Егемен елдің еркінен туған тұңғыш Конституция»

Мақсаты:

  • ҚР Конституциясына 20 жыл толуына орай Конституциямен таныса отырып, оны құрметтеуге үйрену;

  • Бір - бірімен таныса отырып, ынтымақтастық ортасын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Конституция туралы түсінік ала отырып, Ата Заңның мемлекет,қоғам және адам өміріндегі рөлін анықтайды;

  • Оқушылар өз құқығын жүзеге асыру жолдарын ұсынады;

  • Шығармашылық қабілеттерін ашып, топта өз пікірі және идеяларымен бөліседі.

Ресурстар:слайд,плакат,маркер,стикер,ҚР Конституциясы

Жүру барысы:

1.Танысу тренингі. «Бұл қай жануар?» Әр оқушы шығыс күнтізбесі бойынша қандай жылы туылғанын,яғни туылған жылына сәйкес жануардың бейнесін сомдап,қалғандары оны табады.Оқушылар бойындағы жақсы қасиеттерін атайды.

2.ҚР Конституциясы туралы презентация

«Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да, біздің ортақ парызымыз - Негізгі Заңға құрметпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей қадір тұту». Нұрсұлтан Назарбаев.

30-тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын атап өтеді. 1993 жылы Қазақ елі алғашқы Конституциясын қабылдаған болатын. Кейін араға екі жыл салып, егемен елдің елеулі екінші Конституциясы дүниеге келді.

Алғашқысының соңғысынан ерекшелігі мазмұнының сапасында еді. 1995 жылғы Ата Заң жүйелі енді. 1995 жыл 30 тамыз - бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

Конституция 9 бөлім 98 баптан тұрады:

І.Негізгі бөлім

ІІ.Адам және азамат

ІІІ.Президент

ІV.Парламент

V.Үкімет

VІ.Сот және сот төрелігі

VІІ.Конституциялық Кеңес

ІХ.Қорытынды

Ата Заңымыз әрбір адамның мемлекет үшін құндылығын паш ете отырып, әрбір адамның құқығы мен бостандығын қорғаудың кепілі болатын Қазақстан мемлекетін әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде қарастырады.

« Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.1 бап»

«Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады 14 бап »

Қазақстандық әрбір баланың білім алу құқығын реттейтін Ата Заңымыз балалардың жаһандық көштен, ақпарат ағымынан қалып қоймай білім алуына бар мүмкіндікті жасайтын мемлекетіміздің бірден бір нормативтік құжаты болып табылады.

«Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

Азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар.

Жекеменшiк оқу орындарында ақылы бiлiм алу заңмен белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекет бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын белгiлейдi. Кез келген оқу орнының қызметi осы стандарттарға сай келуi керек. 30 бап »

ҚР 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар,әртүрлі діни сенімді ұстанатын бірнеше конфессиядан тұратын көп ұлтты мемлекет,сондықтан мемлекетіміздің ұстанатын саясатының бірі - толеранттылық.Бұл жөнінде де Ата Заңымызда да айтылған және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, жұмыс жасап жытқанына 20 жылдықты атап өтуі де осының дәлелі.

«Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды. 14 бап»

3.Топтық жұмыс.

Ұсынылатын тапсырмалар:

  1. «Қазақстан - елім менің» ауызша презентация

(Ойтолғау,эссе немесе монолог,т.б)

  1. «Достығы жарасқан Қазақстан халқы»

(Шығармашылық ізденіс)

  1. «Білімді болу- жаһандық үдерістің негізгі талабы»

(«Мінберден сөз аламын» көшбасшының аудитория алдындағы сөзі)


  1. Рефлексия

  • Бүгін мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

  • Сабақта не ұнады,қандай кедергілер болды?

(«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»)


© 2010-2022