Коучинг для учителей на тему «Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында бағалаудың маңыздылығы» на казахском языке

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мауленова Галина СапаргалиевнаКоучинг для учителей на тему «Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында бағалаудың маңыздылығы» на казахском языке

Бастауыш сынып мұғалімі

Лисаков қаласы «№3 орта мектебі»КММ





Коучинг тақырыбы:

«Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында бағалаудың маңыздылығы»

Коучингтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзін-өзі реттеуін қалыптастыру үшін бағалаудың түрлерін дұрыс ұйымдастыру;

Оқу нәтижелері: Мұғалімдердің біліктілігін көтеру, практика жүзінде шағын топта бірлесе жұмыс жасаудың ерекшеліктерін сезіндіре білу, өзара тәжірибе бөлісе отырып оқушының білімін бағалау түрлерін айқындау;

Ресурстар: интерактивтік тақта, жұлдызша, флипчарт, маркер, бағалау парақтары, стикер, смайликтер, себеттегі гүлдер

Ұйымдастыру: Кабинетке кірер есікте тұрған себеттегі гүлді таңдап алу арқылы түспен төрт топқа бөлініп отырады.

(Әріптестер қаланың әр мектептерінен жиналады, сондықтан танысу тренинг арқылы өткізіледі)

Танысу-тренингі: «Мен сіздерді .... таныстырғым келеді» ойыны арқылы жүргізіледі (диалог арқылы әр жұп бір-бірін қысқа әрі нұсқа түрде таныстырады)

Қолдарындағы гүл шоғының бір бөлігіне бүгінгі отырыстан не күтетіндерін жазады.

Кіріспе: - Құрметті әріптестер, біз бүгін сіздермен бірлесе отырып оқыту мен оқудағы проблема тудыратын «бағалау» мәселесін жан-жақты талқылай отырып, өзімізге де оқушыға да тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырмақшымыз. Сіздерді бұл мәселе бейжай қалдырмайды деп ойлаймын, және жұмысымыз нәтижелі болуы үшін сіздердің белсенді қатысуларыңызды сұраймын! Бәріңізге сәттілік тілеймін! Жұмысымыз тиянақты өтуі үшін әр топ «топ басшысы» мен «топ мүшелерін» сайлап алады. Топ басшысына «бағалау парағы» беріледі.

Сұрақ жауап кезеңі. Төрт топқа сұрақтар таратылады, топтасып ойлануға 2 мин. беріледі. Әр топтың 1 мүшесі өз шешімдерімен таныстырады.( қосымша пікір-талас туындауы мүмкін, уақыт беріледі) Топ басшысы өз мүшелерінің іс-әрекетін бағалайды.

Сұрақтар:

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағалаудың маңыздылығы неде?

2. «5»-ке дейінгі бағалау оқушының білім деңгейін жеткілікті түрде қанағаттандыра ала ма?

3. Қазіргі таңда оқушы мен ата-анаға неліктен «баға» қымбат, олардың көзқарасын өзгерте аламыз ба?

4. Оқу үрдісінде бағалау кезінде қандай кемшіліктерге бой алдырамыз? Себебі?

Түйінді идеялар:

Презентация арқылы жалпы жаңа бағдарламадағы «Оқыту мен оқуды бағалауға» түсінік жасалып өтеді.

1) Бағалау түрлерімен танысады;

2) Бағалау критерийінің маңыздылығын таниды;

3) Бағалау түрлерімен практика жүзінде танысады;

Сергіту сәті.

Жаттығу. Тапсырманы орындамас бұрын «табыс критерийі» құрастырылады.

Табыс критерийі: 1. Идеялары құнды.

2. Безендірілуі сайлы.

3. Уақыты үнемді.

(Осы критерийлер арқылы әр топ жұмыс соңынан бірін-бірі бағалай алады)

1- тапсырма: Әр топ 4 мезгіл суретін бейнелейді. (2 мин.) Суреттер ауыстырылады.

2-тапсырма: Әр топ алдындағы мезгілдің пайдалы жақтарын суреттейді, жазады.(2 мин) Суреттер ауыстырылады.

3-тапсырма: Әр топ алдындағы мезгілдің зиянды жақтарын суреттейді, жазады. (2 мин)

Суреттер ауыстырылады.

4- тапсырма : Алдарына келген мезгілдің жақсы және зиянды жақтарын ортаға шығып қорғайды. ( қорғауға 1 минуттан беріледі)

Бағалау кезеңдері:

Топтардың бірін-бірі бағалауы; (Табыс критерийіне қарап отырып жұлдызша жапсыру арқылы бір-бірін бағалап, түсінік жасап өтеді)

Топ жетекшісінің бағалауы; (алдындағы кестеге баға қою арқылы топ мүшелерінің белсенділіктерін бағалап, орта баллдық баға шығарады, түсінік жасайды)

Өзін-өзі бағалау; (алдарына берілген сатының суретіне өзінің қай деңгейде тұрғанын белгілеу арқылы жүзеге асырылып, түсінік жасалады)

«Заманауи ұстаз» бейнеролигін тамашалау.

Рефлексия: Алдарындағы гүл шоғының бір бөлігіне бүгінгі коучинг сессиясынан алған әсерлерін жазып, себетке салады.

Кері байланыс : Смайлик арқылы жасалады.

Коучинг для учителей на тему «Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында бағалаудың маңыздылығы» на казахском языкеКоучинг для учителей на тему «Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында бағалаудың маңыздылығы» на казахском языке









© 2010-2022