Ата-ана баланың басты қамқоршысы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата-ана баланың басты ұстазы»

атты нысаналы сыныптар ата -аналарымен жиналыс

Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана балалардың бас қамқоршысы екендігін түсіндіру.
Көрнекіліктер: бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, А4 қағазы, қайшы, желім, презентациялар.
Кіріспе сөз: Қымбатты ата- аналар, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Алдымен өзіміз,отбасымыз туралы әңгімелеп, танысайық.
І.Танысу-амандасу/шаттық шеңбер/
Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіреді.

Топтарға түс таңдау арқылы бөлу

Қызыл түс таңдағандар -құмарлық түсі.батыл,жігерлі,ерікті ,белсенді ашушаң,қарым-қатынасқа бейім адамдар таңдайтын түс

Көк түс- аспанның түсі болғандықтан,оны адамдардың рухани байлығымен ,тазалығымен байланыстырады.

Жасыл түс- табиғат .өмір және көктемнің түсі.Оны ұнататын адам басқалардың әсер етуінен қорқады,өз-өзіне деген тұрақтылыққа жетудің әдістерін іздейді.

Сары түс- тынышқтық таңбасы,зиялылық және қарым-қатынаста байсалдылықпен танытуды сипаттайды.

Тренер сөзі:

Ата- ананың басты қуанышы- бала. Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде,яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

ІІ. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі - Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер

ІІІ. Келесі кезекті баланың күнделікті өмірінен алынған кейбір жағдаяттарға кезекті береміз.
1 Жағдаят
(Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Самат пен Сәкен біраз ақылдасты. Саматтың есіне асханада ақша ұсатқан Ербол түседі. Сол Ерболды қорқытып ақшасын тартып алу керек керектігін Сәкенге айтады.)
Сәкен: Ербол мұнда кел, Мен ақша тауып алдым.
Ербол: Қане ақша?
Самат: Ербол сен асханада ақша ұсатып тұрғаныңды көргенмін. Сол ақшаң қайда? Бізге бер.
Ербол: Жоқ бере алмаймын. Анам ақшаны қайтарып әкел деген. Анама қайтарып беремін.
Сәкен: Әкел ақшаны. Ақша қалтаңда ғой) қалтасынан ақшаны тартып алады)
Самат: Сен біздің ақша алғанымызды ешкімге айтпайсың? Айтсан саған жаман болады.
Ербол: Анама айтамын (Жылап кетіп қалады)
Сұрақ: Осы көріністе баланың қандай қылығын байқадыңыз? (ата - ананың жауабы тыңдалады)

2 - Жағдаят
Нұрлан 3 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте өтетін жиындарға келмейді. Білім алу баланың басты міндеті екендігін біле тұра соны орындауға салғырт қарайды.


3 Жағдаят


Айжан: Дина маған анам ұялы телефон сатып әперді.
Дина: кәне өте әдемі екен қарашы, Айнұр.
Айнұр: Әдемі екен бірақ «ең алдымен маған анам білім ал, сабақты жасы оқы. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды сол кезде өзің сатып аласың» деген.
Айжан: Айнұр сен сабақ, сабақ деп жүресің. Маған ата - анам «ақша болса бәрін сатып алуға болады» деді.
4 жағдаят
Балаңыз мұғалімді жамандап, оның сөйлеген сөзін, қозғалысын салып кемітеді. Сіздің көзқарасыңыз?
Әр топ берілген жағдаяттар бойынша талдау жасап,өз ойларын айтады.

Ыстық орындық

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.

  1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

  2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым - қатынасы әсерін тигізе ме?

  3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

  4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

Енді шаршаған боласыздар ,сергіту сәтін жасайық

Сергіту сәті

Қымбатты ата-аналар болашақ бүгіннен басталады. Сол үшін сіздердің құнды да қымбатты пікірлеріңізді білу мақсатында сіздерге сауалнамалар береміз. Соны толытырп берсеңіздер

Қорытынды:

Балалар қандай жанұяны жақсы көреді?

Ата-аналарға айтылар ұсыныс тақырыптарында сіздерге болашаққа қажет деп табатын пікірлерді ұсынып отырмыз

Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

Қорытынды



© 2010-2022