Рефлексивный отчет внеклассного мероприятия на тему: «Тәрбие және адамгершілік қасиеттері»

«Тәрбие және адамгершілік қасиеттері» атты тәрбие сағатына талдау.«Ұжым, жеке тұлға болсын белгілі бір жетістікке жету үшін өз кемесін өзі жасап шығару тиіс»Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері қолданды. Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шеңбер», «синквейн», класстер, «Жағымды ойлар»
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәрбие және адамгершілік қасиеттері» атты тәрбие сағатына талдау.


«Ұжым, жеке тұлға болсын белгілі бір жетістікке

жету үшін өз кемесін өзі жасап шығару тиіс»


Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл,
қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері қолданды.

Әдіс-тәсілдер: «Шаттық шеңбер», «синквейн», класстер, «Жағымды ойлар»
Нақыл сөздер тақтаға ілінді:
1. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі - ысырапшылық күнәсімен бірдей.
2. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
3. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Ұйымдастыру мақсатымен мұғалім оқушылармен «Шаттық шеңбер» тәсілін қолданды, оқушылар бір-біріне алдағы сабаққа сәттілік тіледі. Бұл сабақ арқылы оқушылар адам бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге керектігін «синквейн» жасау арқылы ойларын жеткізе білді.

Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім.
«Жағымды ойлар» тәсәлән қолдану арқылы мұғалім оқушыларға ойға берілуді ұсынды рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт берілді. (Бірнеше баладан ойлаған ойлары сұралды).
- Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.
- Аңсаған оқуыма түссем екен.
- Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.
Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мұғалім мына бір оқиғаны айтып берді.
92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.
Оқушылар «Рух», «Отан» деген сөздерге «класстер» жасап барлық сыныпқа презентациясын жасады.

Сабақты рефлексиясына оқушыларға тест сұрақтарға жауап беруге ұсынылды. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар көптеген ойларға шомылып, ризашылықтарын білдіріп кетті.

Рефлексивный отчет внеклассного мероприятия на тему: «Тәрбие және адамгершілік қасиеттері» Рефлексивный отчет внеклассного мероприятия на тему: «Тәрбие және адамгершілік қасиеттері» Рефлексивный отчет внеклассного мероприятия на тему: «Тәрбие және адамгершілік қасиеттері»

Рефлексивный отчет внеклассного мероприятия на тему: «Тәрбие және адамгершілік қасиеттері»


Рефлексивный отчет внеклассного мероприятия на тему: «Тәрбие және адамгершілік қасиеттері»

© 2010-2022