Ұлы Жеңіске 70 жыл сценарий

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жеңіске - 70 жыл (сценарий)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

2-жүргізуші:

Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойы кезекті көктемнің шуақты күнімен пара-пар келіп отыр. Иә, осынау үлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, кызық пен қиындыкты өткерді емес пе? Ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі - Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жаткан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарынжалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз калдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

1-жүргізуші:

Ия, дұрыс айтасың, Казақстанымызда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Дәл осынау жадыраңқы жай куні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

ҰлыОтанымбасыниіпбір минут,

Есінеалмақсолбірапатқайғыны.

(бір минут үнсіздік, орнынантұрыпескеалу)

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар бүгінгі біздің мерекелік шарамызғаҰлы Отан соғысының куәгерлері,елін, жерін қорғаған, бізге осындай бақытты да бейбіт заман сыйлаған қаламызда тұратын соғыс ардагерлері қатысып отыр. Кұрметті Отан соғысы, ауған соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен апаларым:

Күн тұтылып, жоғалған жарықтарың

Желге ұшқанда жастығың, мамықтарың

Жария етіп жаһанға Жеңісіңді

Өнеге еткен өренге өр ісіңді

Бай-қуатты барсыз ба, алыптарым!

Сіздерге дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға береке-бірлік, әрбір шаңыраққа шаттық тілейміз.

(Ардагерлерге гүл шоқтары беріледі)

Ән: «Жойылсын соғыс».

1-жүргізуші:

1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр қазақтың баласы барынша күресе білді. Әр азамат өз Отанына деген антын абыроймен орындайбілді. Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстанымыздан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанды. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Соның ішінде қазақстандық жаужүрек жауынгерлер, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, М.Ғабдуллин, М.Маметова, Ә.Молдағұлова _________________________________________

__________________________________________________________________

жандарын отқа қиып, батырлықпен қаза тапты.

Ән: «Әлия»

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бірболып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі

Көрініс: Жананбаева Қ.М __________________________________________

1-жүргізуші:

Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден айырып, көздің жасын көл етті.

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады

Ақ сүт берген анасын қорғады

Самал ескен даласын қорғады

Пәк жүзді арай даласын қорғады.

Ән: _____________________________________________


Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион адамдардың қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

Ән: «День победы»

2-жүргізуші:

Отанын сүйіп, ар-намысын сақтаған

Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған

70 жылда тат баспаған есімін

Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам.

Жеңіс күнін батырларым әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

Он сегіздесоғысатты от кешкен,

Жараланыпжасденесіноқтескен,

Аталарым, ардагерлер, болшыаман,

Зейнетінкөрбейнетіңнен мол кешкен.

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

1-Жүргізуші:

Ия, Отанымызды шексіз сүйіп, оны қастерлей білейік ағайын, ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстап, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетейік. Халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген Тәуелсіздігіміздің көк туын мәңгі көкке желбіретейік. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Жасасын Жеңіс, бақытты елім күле бер,

Тәуелсіз алған Қазақстанымда мәңгі жүре бер.

Болмасын соғыс, болмасын енді, болмасын!

Бір Алла өзі барша халықты қолдасын!

© 2010-2022