Қалихан Ысқақ шығармаларына қойылым

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қалихан Ысқақ

«Жетімдер әулеті» повесінің желісі бойынша

«Аяз би»

Рөлдегілер:

Сәби Қалихан

Бала Қалихан

Жігіт Қалихан

Жазушының анасы

Шамғон

Ниғмет

Қара кемпір

Сары кемпір

Сценарийін жазған және музыкамен көркемдеуші - музыка пәнінің мұғалімі Алия Слямова

Музыка ойналады.

Шымылдық ашылмастан бұрын диктордың даусы естіледі:

Диктор:

  • (жас сәбидің жылаған даусы естіледі) Сүйінші, сүйінші! Ұлды болдың! Дүниеге ұл келді!

  • 1935 жылдың 14 наурызы күні Топқайың ауылында Ысқақтың шаңырағында шекесі торсықтай бір ұл дүниеге келді. Ата-анасының қуанышында шек жоқ. Азан шақырып «Қалихан» деп ат қойды. Бірақ ата-анасы бұл баланың болашақта үлкен азамат, қаламы ұшқыр жазушы болып шығатынын ол кезде болжап білмеген еді.

Шымылдық ашылады.

Сахнада сәби Қалихан анасымен бірге:

сәби Қалихан:

Апа, мен үлкен жігіт болып өсемін ғой сонда жазушы боламын.

Анасы:

Ой, құлыным сол, айналайын, жазушы боламын деймісің, сонда не туралы жазасың?

сәби Қалихан:

Сен туралы жазам, апа. Сосын әкем туралы, басқа кісілер туралы бәрін-бәрін жазамын апа. Тағы да Алтай тауы мен табиғат туралы жазамын.

Анасы:

Ой, құлыным менің! Сен шынында да үлкен жазушы боласың! Ақылды боласың! Менің балам үлкен адам болады. Есіңде болсын балам, біріншіден, мен өлгенде жыламайсың, екіншіден - ауылда қалмайсың, үшіншіден - ешкімге жаутаңдамайсың, ешкімнің босағасынан сығаламайтын боласың, осы үшеуін есіңде мәңгі сақта! Анаңның айтқан осы үш тілегін ержеткен соң орындайсың деп ойлаймын, солай ғой балам, орындайсың ба?

сәби Қалихан: Иә апа, орындаймын, апа. Әрине орындаймын, ауылда қалмай мен өскенде қалаға кетемін, жазушы боламын.

Анасы: Жүр балам мен саған сүт берейін, қарның ашқан болуы керек. (екеуі кетеді)

Интернатта оқып жүрген кездері

Қарапайым үйдің іші. Шетте темір пеш. Екі бала пештің қасында бір-біріне тығылып отырады.

бала Ниғмет:

  • Шамғон кешікті ғой. Бізді асырайтын сол еді. Әуелгі пана, әуелгі ана интернат, сонан кейін Шамғонның алақаны, күпісі, құлақшыны, пимасы емес пе.

бала Қалихан:

  • Дұрыс айтасың, шынында да Шамғонның арқасы ғой біздің тамағымыздың тоқ болып жүргені. Өзі көп кешікті ғой...

Шамғон кіреді.

бала Ниғмет:

  • Қалай жол болды ма?

Шамғон:

  • Болды, әрине.

Пимасының қонышынан картоп, күпәйкесінің ішінен жарты нан (бәтер), бөркінің ішінен дорбаға салған талқан алып шығады.

Қалихан:

Бізді асырайтын осы сенің үстіңдегі күпің, құлақшының, қара пимаң.

(Тықырлаған аяқ дыбысы естіледі) Бәрі елеңдеп, үнсіз құлақ түре қалады.

Шамғон:

  • Тыс...ыс...с! (ақырын тың тыңдайды)

Қалихан (сыбырлап):

  • Кетті ме?

Шамғон:

  • Кетті ғой деймін.

Ниғмет:

  • Нешеуден болды?

Шамғон:

  • Үш-үштен. Шірігені болса айырбас жоқ.

(Бұдан соң ыстық күлден шыққан картопты үрлеп-үрлеп жей бастайды).

Шамғон:

  • Жеп болдыңдар ма? Жеп болсаңдар, ақырын басып орындарыңа барып жата қалыңдар. Ешкім көрмей тұрғанда жүріңдер, жатайық.

(Үшеуі шығып кетеді.)

Студенттер ауылға демалысқа келген кездері.

Шамғон:

  • (Қолында ұстаған қарақшысы бар) Ал жігіттер,мына азаматты танисыңдар ма? (өзі күліп жібереді) Бұл біздің үйдің музейінде тұрған қарақшы. Ол музейдің ұйымдастырушысы - әниім. (тағы да күледі) Немене таңданып тұрсыңдар ма? Таңданатын түгі де жоқ. Анада каникулға келсем, әниім огород ішіне қарақшыға кигізіп қойыпты. Сол күйінше алып кеп бұрышқа сүйей салып едім сол қалпы міз бақпай әлі сол орнында тұр екен. Ертеректегі Аяз биге ұқсап менде анда-санда осының кейпіне қарап, сәл асып-төгіліп, күпіршілік ойлап бара жатсам «тәубемді» есіме түсірем. Жыртық күпі, жалбыр тымақтың ішінде өскеніміз өтірік пе...

Қалиқан:

  • Шынында да осы жыртық күпінің ішінде өстік десек, бүгінде бұған ешкім де сенбеген болар еді.

Шамғон:

  • Ал жігіттер, жүріңдер бақтың ішіне барып отырып, өткен күндерімізді біраз еске түсірсек қайтеді? Жүріңдер, айтатын біраз әңгімем бар. Кеттік.

Жігіттер:

  • Кеттік, кеттік.

Үш жігіттің қызмет істеп жүрген кездері

Қара кемпір байбайлап келеді:

  • Ойбай, құрсын-ай, мына немелер жаудан да жаман тиісті ғой, ойбай! Ой тұқымың құрғыр!

(Шамғон мен Ниғмет қара кемпірді итеріп әкеле жатады, қара кемпір оларды жағаларынан ұстап айғайға басады.)

  • Жібересіңдер ме жоқпа, әдірем қалғырлар, Бармаймын деген соң бармаймын, ойбай! Әкем тіріліп келді десеңдер де бармаймын!

Сары кемпір: (айқай салады)

  • Әй, абыстай, аруаққа шет болма! О несі-ай байға жаңа ұзатылып бара жатқандай, тұлданғаны несі.

Қара кемпір:

  • Тұқымың құрғырлар әзірейілдей тиісіп, қырып жібере жаздаған жоқ па? Тіпті погребке дейін ақтарады екен өздері. Бұл немелер көріңнен де суырып алар!

Сары кемпір: (шаңқ-шаңқ етіп кие жөнеледі)

  • Тіл тигізбе балаларға! Өзіңе де обал жоқ! Қашан сенің көзіңнен басыр трахома болғаныңа! Қара басыңмен құрымай, көрші-қолаңға, бала-шағаңа жұқтырып! Өзін сол погребке көміп кетпеген екенсіңдер!Сүрт ана көзіңнің сорасын, ойбайлағанша!

Қара кемпір кимешегінің шетімен көзін сүрткен болады.

Шамғон: (Шамғон қалтасынан бинт алып береді.)

  • Мынамен сүртіңіз! - (құлағына айқайлап) Кір нәрсені неге көзіңізге апара бересіз?Одан сайын ұшындырып жібермей ме!

Қара кемпір:

  • (Шамғонның қолын қағып) Әрмен тарт әрі! Әрмен!

(Шамғон бинтті қолында біраз ұстап тұрып қалтасына қайта салады)

Ниғымет:

  • Қалай шеше, мына бөлменің іші погребтен гөрі жайлы ма екен?

Қара кемпір: (езу тартып жымияды)

  • Е, шырағым, көзден басыр болған соң көр де бір, жарық дүние де бір емес пе? (көзін көлегейлеп, дауыс шыққан жаққа қарап) Сен әлгі Қапшекердің лөктір баласымысың?

Ниғымет:

  • Иә.

Қара кемпір:

  • Әке- шешең аман ба, дендерің сау ма, мал жандары есен бе?

Сары кемпір:

  • Өзің тыныш отырмай, қарын бөле тауып алдың ғой, абыстай-ау. бармаймын, бармаймын деп ойбай салып едің, енді қайтпаймын деп мөңкіп жүрме.

Қара кемпір:

  • (сары кемпірдің сөзіне мән бермей) Былтыр ма , алдыңғы жылы ма, келінді болды деп естіп едім, қайырлы болсын,шырағым, қайырлы болсын...

Ниғымет:

  • Көзіңізді жақсылап тұрып емдеп, жазып береміз. Сосын амандығын біліп, келініңіздің қолынан дәм татып кетесіз ғой. Ал Шамғон, мына апамыздың көзін тездетіп емдеуге апаралық. Жүріңіз апа, жылдамдатып кірісейік емдеуге, уақытты өткізбей. Көзіңіз жазылған соң бәрін өз көзіңізбен көресіз.

Шамғон:

  • Барсақ барайық, ал апа жүріңіз, уайымдамаңыз апа, бәрі жақсы болады, әлі-ақ жазылып кетесіз.

Барлығы сахнадан шығып кетеді.

СОҢЫ


© 2010-2022