Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

мақал мәтел қазақтың ертеден  кележатқан тарихи құндылығы Мұндағы мақсатымыз – халық ауыз әдебиеттін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұщқырлығына тәрбиелеу. Мақал-мәтелдер ғасырларт шежіресі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.  Мақал-мәтелдер ой дәлділігімен тереңдігімен, ықшамдылығымен еренкшеленеді. өмірдің сан алуан құбылыстарындағы халықтың ғасырлар бойы тәжірибесі қорытылады.          Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын біл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: оқушыларды ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығышылығын, шешендік өнерін, ойлау қабілетін дамыту. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету.

Кітапханашы: Құрметті көпшілік қауым!

Бүгін Көкпекті орта мектебімізде, 4-5 сыныптар оқушылар сынып арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиеттін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұщқырлығына тәрбиелеу. Мақал-мәтелдер ғасырларт шежіресі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлділігімен тереңдігімен, ықшамдылығымен еренкшеленеді. өмірдің сан алуан құбылыстарындағы халықтың ғасырлар бойы тәжірибесі қорытылады.

Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Онда халқымыздың ой-қиялы дамуыныңы ізденістерінің ізі жатыр. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз. Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің ең жанашырларының бір тобы келіп отыр.

Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі ««Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысының ашылуын жариялаймыз.

Сайысымызды бастамай тұрып әділ-қазы алқасын сіздерге таныстырып алайық.

Бастауыш сынып мұғалімі -Сахинова Роза Ғалымжанқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі - Жұмаділдә Сандуғаш Сламбекқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі - Абрахманова Ардақ

Лаборант - Сисабаева Меруерт Қайратқызы.

Медбике апай - Назирова Баян Абугалиевна

Енді бүгінгі жарысымыздың шарты мен таныстырайын:

  1. Мақал-мәтел аутудан жарыс.

  2. жұмбақ шешуден жарыс.

  3. жеңімпаздардың өзіара сайысы.

  4. шешендік өнер.

«Мақал -сөз атасы» дегендей ортамызға мақал -мәтел сайсына қатысушыларды шақырамыз. әр сыныптан 3 оқушы дан шығады.

Жарыстың бірінші шарты: кітапханашы қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді. Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады?.

Жауабы: Жылы жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.

1.Қар жаңа ма? Қалауын тапса, қар жанады.

2.Тастың жеңілі бола ма? Керек тастың ауырлығы жоқ.

3.Инемен құдық қазуға бола ма? Білім инемен құдық қазғандай

4.Киіз қазық жерге кіре ме? Тоқпағы мықты болса, киіз

қазық жерге кіреді.

5.Аппақ қарға бола ма? Қарға баласын аппағым дейді.

6.Қой мен қасқыр ойлана ма? Қойдың ойлағаны амандық.

Қасқырдың ойлағаны -арамдық

7.Қарғыстың ең жаманы не? Өзің білме, білгеннің тілін алма

8.Жігітті шал деген жөн бе? Жаман жігіт жасында шал болады.

9.Ең тәтті не? Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті.

10.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр.

Көз қорқақ. Қол батыр.

11.Кімнен кім жаман? Олақтан, салақ жаман.

12.Шашу мен жинаудың қайсысы жаман. Шашу оңай, жинау қиын.

13.Тауық түс көреме? Тауықтың түсіне тары кіреді.

14.Қорқақтын көзі үлкен Ақымақтың сөзі үлкен

15.ер бір рет өледі қорқақ мың рет өледі.

16.Көрдім деген көп сөз. Көрмедім деген бір сөз

17.Оттан да ыстық не? Отан-оттан да ыстық

18.Отан үшін отқа түс, күймейсін.

19.Білгенің бір тоғыз білмегенің тоқсан тоғыз.

Сөз әділ қазы алқасына береміз. Ортаға екі жеңіппаз шықсын. Енді мына сөздерге мақал-мәтел құрындар.: кім тез айтады , сол жеңіппаз

1.Қой 6. Еріншек

2.Арпа 7.Білім

3.Бірлік 8.Отан

4.Жер 9.Әке

5.Ит 10.Тіл

Әділ қазы алқасы, қатысушылардың ұпайын санау.

Ұпайларды санағанша, ортамызға жеңіппаздар шығып, өз өміріннен қызықты сәттер айтады.

Кітапханашы: Ортамызға жұмбақшыларды шақырамыз. әр сыныптан 3 оқушы дан шығады. Бұл сайыста, мен оқыған жұмбақтарды шешу.

1.сүмбіл теректі, жасыл желекті. Ерден қалмайды, жауға керекті. Найза.

2.шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді. Қаңбақ

3.жансызда бір жансыз бар,жалғыз аяқ

Беліне қыстырғаны шиден таяқ.

Келбетіне қарасаң ештене жоқ.

Беліне буыныпты аямаяқ ұршық.

4.Үлпершекк қаң құйып, үріп талға байладым бүлдірген

5.Шидиген ұзын сирағы, тастай керең құлағы

Сөйтіп жүріп көп жерге, аспалы тор құрады өрмекші

6.Тептіп, терекке шықтым үзеңгі

7.Көтерейін десем, ауыр екен

Көтермейін десем, тәуір екен жер шары

8.Тұратұғын әр үйде, жайлы орын сәбиге

Шаңғы табан үйшік ол, тербететін әрине бесік

9.Аяғы бар, жүрмейді, аузы бар, күлмейді

Айнымайды бөпемнен, тек сөйлеуді білмейді қуыршақ

10.Сөлесесің әркіммен, естілмейді дыбысың, білінбейді бір ісің түс

11.Алтынмын деп алдайды, алтын бола алмайды жез

12.Жетісу сен Арқаның арасында

Сынаптай көлбеген көл жағасында

Орналасқан қаланың есімі де

Көл аттас ойлансаң сен табасың да Балқаш

13.Емес ол кітап та, дәптер де

Жүреді бірақ та портфельде

Көрсетіп оңдағы бағаңды

Қуантып қоясың ағаңды күнделік

Кітапханашы: Әділқазы есептегенше, мен көрермендерге ақындардын жұмбақтарынан жасырамын.

1.Абайдан

Алла жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып

Кім жығары белгісіз, түбінде ақыр

Қыс пен жаз, күн мен түн,

тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық

2.Сыналар ей, жігіттер, келді жерің

Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен

Соңы білсең әр ненібілгендерің Білімге құштарлық.

Кітапханашы: Келесі сөз әділ қазы алқасына беріледі. Ортаға Мақал-мәтел мен жұмбақтар сайысындағы жеңімпаздарды шақырамыз.

Мен енді, жұмабқ жасырам, жұмбақ жарысының жеңімпазы жауабын айтады, ал мақал-мәтел сайысының жеңімпазы сол жауапқа байланысты мақал айтады.

1. тізіле өскен тісі бар, көп істеген ісі бар. Орақ

Аузыңмен орақ орғанша, қолыңмен шалғы шап.

2.Ортасында ақ көлдің, қара көлге тап болды көздің ағы мен қарасы

Көз жетпеген жерге, сөз жетеді

3.Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді қара жер мен ақ қар

Қалауын тапса қар жанады

4.Жер астында жансызы жатыр, Жездемнің қамшысы жатыр жылан

Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады

5.Жаурағанды күлдірер

өз еркіне жіберсең, дүниене бүлдірер от

Отан үшін отқа түс, күймейсін

6. Өзі тоқ, көленкесі жоқ құдық

Дәм татқан құдыққа түкірме

7.кіруге адам батпайды, төртбұрышты тақтайды

Бәрі оны мақтайды

Затыңды сақтайды сандық

Ел іші алтын сандық

Кітапханашы: сөз әділ қазы алқасы ұпайларды есептегенше, ортаға кім кітап тұралы өлең айтқысы келеді. Сөз әділ қазы алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау. Сау болыңыздар. Келесі кездескенше.


Орындаған:

Кітапханашы:

Рахимқұлова Г.А.


© 2010-2022