Сынып жетекшінің жұмыс циклограммасы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жетекшінің жұмыс циклограммасы

Мерзім

Атқарылатың іс-шаралар

Оқу жылының басында

Оқушылардың жеке құжаттарын рәсімдеу; журналды толтыру; сыныппен жұмыс жоспарын құру және талдау; сыныптың статистикалық деректерін жасау (1 қыркүйек).

Күнделікті

Сынып оқушыларын түгелдеу; сабаққа кешіккен оқушылармен жұмыс және келмеген оқушылардың себебін анықтау; оқушылармен жеке жұмыс; оқушылардың сыртқы келбетін тексеру; сынып кезекшілігін ұйымдастыру; сынып журналымен жұмыс; тамақтануды ұйымдастыру.

Апта сайын

Жоспар бойынша сынып тәрбие сабақтарын өткізу; оқушылардың күнделіктерін тексеру; сынып үлгерімін қадағалау; пән мұғалімдерімен қарым-қатынас жасау; балалармен жеке әңгімелесу; ата-аналармен жұмыс (жағдайға байланысты).

Ай сайын

Сынып үлгерімін қорытындылау; жоспардың орындалуына талдау жасау; сынып жетекшілерінің ӘБ жұмысына қатысу.

Тоқсан соңында

Ата-аналар жиналысын немес ашық есік күнің өткізу; тоқсан қорытындысын жасау; қорытындыны сынып журналына және оқушы күнделіктеріне түсіру; сынып оқушыларының үлгерімі және сабаққа қатысуы бойынша қорытынды жасау; тәрбие жұмыстары бойынша тоқсандық есеп; келесі тоқсандық тәрбие жұмысы жоспарын өңдеу; ашық тәрбие сабағын өткізу.

Оқу жылының соңында

Сыныптың жылдық қорытындысының есебін жасау; оқу бөліміне өткізу; тәрбие жұмысына талдау жасау; құжаттармен жұмыс: жеке парақтарды, журналды толтыру; жылдық қорытынды бойынша ата-аналар жиналысын немес ашық есік күнің өткізу; демалыс кезеңіне жоспар құру; сыныпты ретке келтіру.



© 2010-2022