Открытый воспитательный урок на тему Желтоқсан желі ызғарлы (5-8 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Желтоқсан желі ызғарлы...

Сыныбы: 5-8

Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрнекілігі. Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері. «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі.

Кіріспе:

Мұғалім сөзі:

  • Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол

оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы.

  • Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары! 16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған

«Желтоқсан желі ызғарлы...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Тәуелсіздік - еліміздің өз алдына шаңырақ көтеріп, ешбір елге, ешбір мемлекетке тәуелсіз, дербес ҚР болып құрылуына байланысты ұғымды білдіреді. Тәуелсіздік - теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі.

1986 жылы 16 желтоқсанда мамыржай өмір сүріп жатқан халқымыздың басына қара бұлт үйірілгендей болды.

Бұл күн қазақ халқы үшін қаралы күн болды.Кеңестер Одағы кезінде 20 жыл ел басқарған Д.А.Қонаев түсініксіз жағдайда орнынан босатылып, орнына Генадий Колбин сайланды.

Әрине бұл жағдай қарапайым да, қонақжай халқымызды алаңсыз қалдырған жоқ.

Ата-бабасының аманат етіп тапсырған киелі жерін қорғап қалу үшін, қазақ халқы дүр сілкінді.

Елін, халқын өз халқы басқарын, ата-бабасының өсиетін орындайтын шақ келгендей сезінді.

Қазақ жастары көтеріліске шығып,жеке мемлекет болып, тәуелсіз болуды талап етті.Елім халқым дегеннен бөтен пейілі жоқ қазақ жастарына саяси қылмыскер атағы қазір де берілді.

Алаңға шыққан жастарға қарсы жасақтар құрылып,қарсы қару жұмсалды.Сөйтіп жастардың кейбірі тұтқындалып,кейбіреулері жазықсыздан оқудан шығарылды.Бұдан сорақысы «елім» -деп тайсалмай қарсылық көрсеткен жастарымыз өз өмірлерін құрбан етті.

Намыс үшін бас тіккен ұландар:

  1. Рахметов Құрманғазы Әденұлы - ҚазМУ-дың студенті, 7 жыл.

  2. Жуандықов Болат Дүйсенұлы - ет комбинатының жұмысшысы, 5 жыл.

  3. Ермеков Тоқтар - АГТХИ студенті, 5 жыл.

  4. Байсымбеков Ерлан Мамырханұлы - ауылшаруашылығы институтының студенті, 5 жыл.

  5. Әбілқайыров Қасым Бердіқожаұлы - Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті, 5 жыл.

  6. Дәулетов Жеңіс Садықұлы - АГТХИ студенті, 4 жыл.

  7. Мүлікбаев Өткірхан Қошқарұлы - жұмыссыз, 3,5 жыл.

  8. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы - ААСИ студенті, өлім жазасы.

  9. Әбдіқұлов Мырзағали - Шамалған АТП курсының оқушысы , өлім жазасы.

  10. Сақатов Тұрсынхан Селыханұлы - тау-кен техникумының студенті (Өскемен), 2 жыл еңбек түзеу жазасы. Т.б.

Сонымен 2 азаматқа өлім жазасын беру туралы үкім шығарылған, 72-ін бас бостандығынан

айырған, біреуі еңбек түзеу жазасын алған.

Ел мен ердің намысын ту еткен қызғалдақтай жас арулар:

  1. Сәбитова Жансая Әлкейқызы - Алматыдағы №19 жұмысшы жасар орта мектебінің оытушысы, 5 жыл.

  2. Шамаева Галимат Әбенқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл.

  3. Мергенова Бақша - мүгедіктігіне байланысты жұмыс істемеген, 3 жыл.

  4. Еркінбекова Әлия Төреханқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай.

  5. Еркінбекова Әлия Төреханқызы - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1 жыл 6 ай.

Т.б.

Сөйтіп 20 жас ару бас бостандығынан айырылған, екеуіне еңбекпен түзеу жазасы берілген, біреуі қара жұмысқа жіберілген.

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы» (Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира)

Гүлсім:

  • Естідіңдер ме? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз?

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Назгүл:

  • Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып түсіндірсін барлық жайды!

  • Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Аманжол: Демократияны бұғаудан босатыңдар, Әр халыққа өзінің көсемі керек...

Назгүл:

Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз.

Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Гүлсім:

Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады білесің бе?

Аманжол:

Ескерусіз дін жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап

Санаспайды, әй, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

Гүлсім:

Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/

Милиция (Нұрдаулет):

  • Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын! Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

\сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\

Назгүл:

- Бар болғаны осы еді қылмысымыз,

Савицкий көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды тексерер түрме деген,

Концлагерь болды ғой біздер үшін.

Әскери адам (Әйгерім):

  • Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Превая рота за мной! УРА!

(Осы кезде алға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Қаралы музыка ойнап тұрады).

(Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды. Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді)

Назгүл:

  • Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға!

(Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі).

Жүргізуші:

  • Міне өмірден тағы бір қыршын жас қыздың көк желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді.

Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды.


1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 28 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық (1 минут үнсіздік).

  • 0-2-сыныптар шығады.

Көрініс: «Қайраттың жауабы»

Мәулет - Қайрат

Диляра - Тергеуші

Аманжол - Кезекші

(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, түрме жыры өлеңін оқып шығады. )

Мәулет:

Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, терт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұзатары үш тілім нан,

Өлмейтін саған тиер осы несіп.

(Содан кейін қатты шаршап, былай дейді.)

Қайрат : Уһ, әбден шаршадым ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық! Кезекші: Заключенный Рысқұлбеков на допрос!

/Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді./

Тергеуші: Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще.

(Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де....

Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой! Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын? Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші: Заключенный Рысқұльеков! Сен ақымақ болма, өлтірдім деп мойында. Бұл бір. Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі. Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші! Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Тергеуші:

  • Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат:

  • Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші:

  • Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! (Қайратты алып келеді,

алып кетеді). Шымылдық артынан сот хатшысының «Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр» - деген даусы шығады.

Үкім:

Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301-баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді: «Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

  • Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас

бостағынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-бабы бойынша ең жоғары - өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат:

Күнәдән таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық»

Атам десең - атыңдар!

(Қайратты сүйреп әкетеді)

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының жарлығы. (Гүлсім)

1986 жылғы Алматы оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер Қ.Рысқұлбековтың өтінішін қарай келіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы23.04.1988 жылғы №8836-ХІ Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы - А.Громыко.


  • «Желтоқсан желі» әні орындалады, тақтада видео көрсетіледі.

Жүргізуші:

------ 1988 жылғы мамырдың 21 жұлдызында Семей түрмесінде жұмбақ өліммен қайтыс болған жерлесіміз Қ.Рысқұлбековтың денесі Семей қаласының маңына жерленген. Сол кездері Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері жергілікті заң органдарымен бірлесе отырып, Бірлік ауылының басшыларын Қайраттың үй ішіне, туған туыстарына қарсы айда салды. «Сендер барғанмен оның денесін көрсетпейді, керек болса өздеріңді атып тастайды» деп қорқытып бақты. Ақырында Қайраттың туыстарының атынан «біздің денесін алып кетуге жағдайымыз жоқ» деген жедел хат салдырады. Кейін Ноғайбай аға Семейге екі рет барып ұлының жерленген жерін әрең дегенде тауып қайтады. Мәрмәр тасқа Қайраттың бейнесі бейнеленіпті де, былай жазылыпты:

«Қайрат Рысқұлбеков 13.03.1966 ж. 21.05.1988 жылы әкімшілдік-әміршілдік жүйеге қарсы күрестің құрбаны, желтоқсан 1986».

-------Қайрат қазақ елінің 21-басшы зобалаңына ұшырап, 21 жасқа келгенде, 21 сот алдында нақақтан шырылдап Семей түрмесінің 21-камерасында, 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өтті.

«Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан»

  • 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы үдерістің

дамуына жол салып берді. 1991 ж. 16 желтоқсанындаҚазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болды. Алда саяси экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды.

Қазір сүйікті еліміз Қазақстан Республикасы күннен күнге дамып, гүлденіп, биікке ұмтылған мемлекеттердің қатарында.

Астана - жас әрі гүлденген қала, болашағы үлкен қала.

  • Ортада «Мен қазақпын» биімен 5 «А» - сынып оқушылары, қарсы алыңыздар!

  • Видео-презентация

  • Келесі кезекте «Қамажай» биімен Абжанова Махаббат және Меруерт.

  • «Қазақ елі» әнімен ортаға 7 «А» - сынып оқушылары шақырылады.

Қорытынды

  • Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді. Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.

  • Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары! Бүгінгі ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан желі ызғарлы...» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

© 2010-2022