Отбасы махаббаты ата-аналарға арналған тренинг

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6 «Б»

Тақырыбы: «Отбасы махаббаты»

ата-аналарға арналған тренинг

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Тренинг ережесі:

- Тренингке берілген регламентті сақтау;

- Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;

- Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

- Қатысушылар бір - біріне кедергі келтірмеу

1. «Танысу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін, баласының есімін және баласының атының бас әрпінен басталатын баласының бір жақсы қасиетін айтып таныстырады.

2. Топқа бөлу

Өлең сөздері арқылы топқа бөлу

1-топ

Мереке күніңмен, Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік сезіммен, Арнаймын сөзімді

2-топ

Жапырағын жайған бәйтерек

Тереңге тартқан тамыры

3-топ

Ұстазым менің ұстазым

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

3. Ой жинақтау

1-топ «Бала білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ата қандай жағдай жасау керек?»

2-топ «Баланы қателіктері үшін жазалау керек пе?»

3-топ «Ата-ана мен мұғалім арасындағы байланыстың тиімділігі»

(постер қорғау)

4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:

1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?
5 Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

5. Кері байланыс

Ата-аналармен кері байланыс жасау мақсатында түрлі-түсті стикерлер таратылады. Ата-аналар өткізілген тренинг бойынша өз ой-пікірлерін білдіреді.

6.Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.






© 2010-2022