Презентация по воспитательной работе

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құрастырушылар: Жаржанова Гүлжазира Кереевна

химия және биология пәні мұғалімі, 421 топ кураторы

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе техникалық колледжі

Қашақбаева Айдана Русланқызы

Ақтөбе техникалық колледжінің 421 топ студенті

«Үздік кондитер-2016» байқауы.

Сәлеметсіздер ме ! Құрметті ұстаздар, студенттер, сайыскер кондитерлер!

«Үздік кондитер -2016» байқауына қош келдіңіздер!

Өнерпаздар жарысып сан - саналы

Өнер, сайыс жолында жан салады

Кешіміздің ашылу құрметіне

Баршаңызға өз тобым

СӘЛЕМ ЖОЛДАП ЖАР САЛАДЫ!!!

Өмірлеріңіз ұстаздық, студенттік мәнді болсын

Қызыққа , әнге толы сәнді болсын

Қайда барсақ та жолдарымыз ашық болсын

Өнер, білім, ұшқыр ой - қиялымыз

Таңқалдырып, сіздерді тәнті қылсын!

Тіл үйірер тәтті тағам әзірлер

Меңгерейік құпиясын кондитер

АТК -ның мәртебесін көтерер

Мақтан тұтар мамандары болайықшы - кондитер!

Кондитер - ол тәтті тағам маманы

Кондитер - ол тәтті нан мен печенье

Кондитер - ол тәтті кәмпит, мармелад

Кондитер - ол тәтті торт пен шоколад!

Кондитер - ол жас маман

Мына тұрған сіз бен біз! дей келе өзім туралы шағын эссемді ұсынамын/ слайд бойынша/

Шебер маман болуды армандаймын

Болашаққа қол бұлғайды ой- қиялым

Әзірлеген бүгінгі тағамдарым

«Очень вкусно» дәмін татып қараңдар!!!


Студенттер аяулы сан ғаламдар

Студенттер болашақ жас мамандар

Студенттер аптыққан пәк көңілдер

Жанарында жанып тұрған

Шаттықтар, өкініштер, тәтті өмірлер!

«Студент»- латын тілінен аударғанда «ізденуші» деген мағына ереді екен.

Сіздердің назарларыңызға менің «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» саласы «Техник - технолог» мамандығының 1 курс студенттері, болашақ мамандары туралы өзімнің сүйікті тобым туралы ой- пікірлерімді тарту етемін. Қабыл алыңыздар!

«Колледж ережесінің мәнін, сыр- сипатын терең ашып, түсіндіре білу - куратордың төл жұмысы» алға қойып, деген мақсатты алға қойып, бүгінгі байқауға өз үлесін қосқалы келіп тұрған Жаржанова Гүлжазира Кереевна 411топ куратоы мен боламын.

Тобымыздың Ұраны: « Саналы ұрпақ болу

Сапалы білім беру

Білімді тәрбиелі

Болашақ маман болу!»

Үш түрлі кезеңменен таныстырам

Сіздерге өз тобым туралы сыр ақтарам

Бастайық әуелгі кез талапкерден

Талапкер балама аты «Абитуриент»

Ендеше абитуриент шақтарына

үңіліп, сыр шертейін бүгін сізге

Талапкерміз Абитуриент

Келген алғаш ауылдан

Түріміз де, киген киім

Оқшау еді қауымнан

Ертең сынақ деген күні

Өтпей қойды түніміз

Тест болатын сол бір сәтке

Жетті әрең күніміз

Періштенің құлағына

Ілініпті үніміз

Бүгін біздің ең бақытты адам болған күніміз!

Колледжде алғаш рет біз үшін

Сыңғырлады, сыңғырлады қоңырау

Сол қоңырау, сол қоңырау үнімен

Атандық біз студенті АТК-ның!

Колледж іші қандай ғажап

Таңырқаймыз, қараймыз

Жылы сөйлеп,біреу келсе

Жақсыға оны балаймыз!

Бәріңізде сай-саладан

Келген қазақ баласы

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Дарасының дарасы

Жетелеген біздерді Жаржанова Гүлжазира

Куратор - ол біздің!!!

Қыркүйекте келе сала

Перваштар деп сынады

Әр қайсысын шақырып алып

Мекен - жайын сұрады.

Ойхой шіркін студент шақ

Неткен қызық тамаша

Өнер қуып жарысқа да

Қатысыппыз өте жақсы

Салыстырып қараса.

Ешқайсымыз ерінбейміз

Д/Ш-ҒА ДА, АӘД - ГЕ БАРАМЫЗ

Сабақтан соң оқу залда

Кеш батқанша боламыз,

Қадірлейміз біз колледждің

Әр партасын, тақтасын

Тәрбиелеп, білім берер

Қадірменді ұстазын!

Жыл басына қарағанда

Біраз бізде стаж бар

Перваш кездей емес бәрі

Тіл табысар ұстаздар

Сессияны алғашқы

Тапсырыппыз жап-жақсы!!!

Студенттер болашақ жас мамандар

Жаса жарқын жас білімгер, өрендер!

Сіздер үшін бүгінгі күн мереке

Бәрі- бәрі саған ғана жарасар

Ойын- сауық, әділ-қалжың келеке

Өтер қыста, өтер көктем, өтер күз

Бір кездері тарап, тарап кетерсіз

Қанша алыс қиыр шетте жүрсең де

Сағынысып еске алысар ма екенбіз! - өзімнің сүйікті дей келе

тобыма деген, қамқор болар куратор ретінде ұстаздық жылы жүрек үнін жолдаймын!


© 2010-2022