«Ұлы ерлікке –мәңгілік тағзым» сыныптан тыс іс-шараның сценариі

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы ерлікке -мәңгілік тағзым.»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысындағы қиын өмірді, Ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Елін ,жерін сүюге . Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: Сәләмәтсіздер ме? Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.

Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында өткелі отырған «ұлы ерлікке- мәңгілік тағзым» атты іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-Жүргізуші:

Қырық бірінші жылдың мауысымы

Күндердің қауырт қиыны,

Тарықты елдің базары,

Соқты да соғыс құйыны.

Орман да көкпен таласқан,

Өксіді өмір, ақ аспан.

Қан жоса боп қара жер,

Қақырып түсті қара аспан.

Айнала шапқын жер мен көк,

Теңселіп кетті төңірек.

Жанданды құдай жердегі,

Жалмауыз жуан зеңбірек.

2- Жүргізуші:

Ауылға жетті атқан оқ,

Жесірлер жайып шаштарын,

Жетімдер қалды қасқа боп.

Жаныштап ажал ызғары ,

Қайғыдан жүрек мұздады.

Қаусатып кетті қарттарды,

Қартайтып кетті қыздарды.

Үй сайын қайғы, нала ,зар,

Таусылып бітті жаны аздар.

Мұржаға қара қарғаша,

Үйрілді қара қағаздар.

1- Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында 600 мың отбасы қара қағаз алып, қайғының уын жұтты. Әке баласынан, баласы әкесінен, ана ұлынан, қызынан,әйел ерінен айрылды.

2-Жүргізуші:

Мыңдаған отаулардың шаңырағы қирап, ортасына түсті. Махаббатынан айрылып, қанаты қайырылды. Бұл қазақтар үшін орны толмас апат болды.

(Жүргізушілер өлең оқып жатқанда сахнада соғысқа кетіп жатқан ерлер мен оларды шығарып салып жатқан ауыл адамдары шығады.)

1- Жүргізуші:

Қиылды қанаттары тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің .

Әлемде ең сұмдық күн

Әйел үшін-

Майданға азаматтар аттанған күн.

2-Жүргізуші:

Бұлт басты,

Ашық сәні, қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте

Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.

1-Жүргізуші:

Күннің де жүзі қызыл күңіренген,

Иттердің ұлуы да көп күндегіден.

Қан шапшып,

Қауызынан райханның

Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.

2- Жүргізуші:

Жас бала дір-дір етті мұны көріп,

Жіберді төгіп -төгіп мұңын берік.

Қоштасу,

Тілеу,

Қайрат беру....

Дүние кетті бір сәт күңіреніп .

Ана:

Сен кетсең ,

Солды гүлім,

Өшт і күнім,

Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.

Келгенше қайта айналып ,

Кім бар, кім жоқ,

Тапсырдым бір құдайға,

Қош,Құлыным!

Баласы:

Қайтармын соғыстан қол босағасын,

Сенемін сен мені тоса аласың.

Майданға кіргеннен соң,

Хат салармын,

Жылама,

Хош болып тұр,

Хош, Анашым.

Ағасы:

Қайтарып жаудың бетін ұлы елімнен,

Аман-сау осы боз шинеліңмен,

Туған жерге бидай мен гүл егілген,

Оралыңдар,

Жігіттер,

Түгеліңмен!

Жігіттер :

Ерліктермен көрінсек -дер,

Сендер емес,

Ерлердің жолын шектер,

Қандай заман болса да,

Күдер үзбей,

Күтіңдер күндіз-түні келіншектер !

Қарындас:

Ағалар!

Жүрегімде жаңа ән бар,

Кетпесін тұншықтырып оны ағындар.

Адамдар қалыпты өмір сүру үшін,

Ауылға аман -есен оралыңдар.

Бала:

Біздерді сағынғанда еске алыңдар,

Біздің де жүректе үміт, баста -мұң бар,

Тілеймін өздеріңе жеңіс күнді,

Әкелер!

Хош болыңдар, хош болыңдар!

1-Жүргізуші:

Аналар тілек айтты, қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дірілдей дауыл тұрып,

Қалың қол табанында қайысты.

(Ерлер майданға аттанып кетеді.)

2-Жүргізуші:

Бұл соғысқа ер-азаматтар мен бірге өрімдей жас бойжеткендерде аттанып жатты. Қазақстанда құрылған 310-314 атқыштар дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Ленинград үшін болған шайқаста 22 елді -мекенді азат етті.Солардың ішінде қазақ қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова да болған еді.

Әлия,Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таңданамын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақстан аспанында азат күн.

Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Әлия, Мәншүк жүрегі болып жанып тұр

Мәңгілік от- ескерткіші алауы.

Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,

Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.

Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі

Балабақша, мектепті жүр аралап.

Әлия ,Мәншүк өлмегені сол болар,

Қос қарлығаш ардақталар , қорғалар.

Қазақ өткен ұмытпаса тарихын,

Болашаққа егемендік ел болар.

ӘН : Мен қазақ қыздарына қайран қалам.

1-Жүргізуші:

Иә, Әлия мен Мәншүк сияқты апаларымыз бен айбынды ержүрек ағаларымыздың арқасында жеңіске жеткен едік..

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісіміз достықты шыңдаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған жеңіс еді. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Біртіндеп елге азаматтарымыз орала бастады. Бірақ бірі баласын, бір жарын, енді бірі көзімен көрмеген әкесін күтіп қанша айлар мен жылдарды өткізді.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні бойынша қойылым.

Монолог.

-Әке! Әке!

Тілдесші менімен, әкешім!

Әлде хат жазуға уақытың жоқ па? Хат неге жазбайсың әке? Тым болмаса аманмын, жапондпрмен мына жерде шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы, әке? Сағындым сені әке!

Сендер соғысқа кеткелі ауыл мүлдем өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз.

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бір адам. «Жеңіс!» деген сөз бізге үлкен күш береді. Сенің Шығыстағы жапонияда шайқасып жүргенің бізді алаңдатады. Бір жағынан қорқамыз да, апамның сені талмай күтіп жүргені анық. Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шағарсыз, әке? Құттықтауыма болатын шығар,иә.

Сіздермен бірге кеткен ағалардан қара қағаздар келуде.

Оңалбай ағам дәл 9-мамыр күні Берлинді азат ету шайқасында мерт болыпты. Апай жынданып кете жаздады. Менімен бірге оқитын Әсемгүл деген қызы үн-түнсіз жылумен отырады.

Бізбен көрші тұратын Орынгүл әженің төрт бірдей баласынан қара қағаз келді.Байғұс әженің көзі жастан бір құрғамайды.

Осы жауластық кімге керек болды екен ,әке?

Мен сені қатты сағындым әке ! Тезірек үйге оралшы әке!

Балта басы дың-дың,

Фашист өлсін мың-мың.

Жаралы болсын бес-алтау,

Әкем қалсын аман сау.

2-Жүргізуші:

Соғыс жылдарында сүйген жарынан айырылып, аңырап қалған аналар жесірліктің ащы дәмін татты.

Соған қарамастан отағасына деген аяулы махаббатын сақтап қалды, балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді. Ел қатарына қосты.

Ән: «Ана туралы баллада».

Жүргізуші: Жеңіс күні

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем, шуақ -9-шы май күні.

Айтшы,кәне, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі

Біздің ұлы жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы 9-шы мамырды

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Мұғалім:

Мың тағзым сіздерге, аяулы да қадірлі ағалар, бауырлар! Бес жылға созылған қан майдан суреттері еш уақытта ұмытылмаған. Бізге де бұдан былай өз ұрпақтарымызға ұлы ерлікті айта отырып, жеңіс жалауының желбіреп тұрғанын айта отырып, жеңіс жалауының желбіреп тұрғанын жеткізуге міндеттіміз.

Хор: «Бейбітшілік сақталады».


© 2010-2022