Тәрбие сағаты Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды. .. (5 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталды...(5 сынып)

Ақшұқыр мектеп-лицейі

Тақырыбы: Бәрі де, Ана,бір өзіңнен басталды…

Күні: 6.03.2015

Сынып жетекшісі: Темірбекова О

5 «б» сыныбы

2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Бәрі де, Ана,бір өзіңнен басталды…(Қадыр Мырза Әли)
Сабақтың мақсаты:

1) Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру;

2) Ана еңбегін ешнәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін, сондықтан да барлық ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;

3) Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу

Көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, суреттер т.б

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі:

Саламатсыздарма құрметті аналар, ұстаздар, оқушылар! Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын - құдіретті ана. Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Ана - үйдің берекесі,
Бала - үйдің мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты,

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Осы аналарымызға арналған 5"Б" сынып оқушыларының "Бәрі де, Ана,бір өзіңнен басталды" атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бейнеролик

Ой қозғау

Бейнеролик тамашалап болғасын, окушылардың пікірін білу,тапсырмалар беру

3. Негізгі бөлім

Сынып іші: Данияр терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Айдос кіріп келіп:
Айдос: - Данияр, неге көңілсіз жүрсің?
Данияр: - Е - е, Айдос, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Айдос: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Данияр:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Айдос:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып


кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Данияр: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.

Мұғалім: Олай болса ендігі кезекті оқушыларымызға береміз.

1. Армысыздар аналарым қымбатты
Мәпелеген балдырған жас ұрпақты
Аналардың күнімен құттықтап
Балаларың қуаныштан тіл қатты
Армысыздар біздің асыл аналар,
Біздер үшін айдын көлге пара-пар
Құттықтайды мерекемен сіздерді
Алғыс айтып мұндағы бар балалар

2. Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Қадыр Мырза Әли

3.Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ.

Қиналған кезімде мен мұңайып

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Мұғалім:
Ұйықтамадың түнімен, айта алмаймын,
Анашым сен барда мен қартаймаймын.

Ауырмашы, мәңгі соқсын жүрегің,
Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің.
Сүріңгенде күш беріп аяладың,
Қалайша сен барда мен қартаямын?

Ән "Анашым қартаймашы"

Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!Олай болса ана туралы мақал - мәтел айтайық.
Мен макал - мәтелдің басын айтамын,ары қарай оқушылар жалғастырады

1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Ердің анасы - елдің анасы.
4. Ағайын алтау - ана біреу.
5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы

7. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
8. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.

9. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

10.Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Енді аналарымызды ортаға шақырып «Сиқырлы сандық» ойынын ұсынамыз. Ойынның шарты: ортаға 3 ана баласымен шығады. Сандықтың ішінде жүректерде тапсырмалар болады. Әр ана баласымен бірге жұп құрайды, кезекпен - кезек жауап береді (тілек айту, еркелету сөздері,өлең айту, мимика арқылы көрсету,...)

Аналарға сұрақтар:
1. Балаңызға әкесі тәртіп шарасын қолданса, сіз араға түсесіз бе?
2. Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?
3."Батамен ел көгереді " деген сөз бар. Бата берудің мәнісі неде деп ойлайсыз?

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Ән "Мама"

Келесі кезекті "Ана махаббаты" атты көрініске береміз.

Көріністен түйген ой

Балалар анамызды құрметтейік

Көңілін ешқашанда кірлетпейік

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп.

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.

Хор «Ана туралы жыр»

Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз.Бүгінгі

"Бәрі де, Ана,бір өзіңнен басталды" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.Енді сөз кезегін аналарға береміз.


Оқушылар сыйлықтарын аналарына тапсырады.



© 2010-2022