Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ 6 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Абылайхан атындағы ОМ Мерзiм 08.02.2016 №21

Тақырып : « Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ»

Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық.

Мұғалiм: Толегенова Г.Ж. Cынып: 6 Оқушылар саны: 13

Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың табиғат тіршілік бастау, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықьтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту

  • Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;

Ресурстар:

( интерактивті тақта, оқулық, дәптер,ватман, түрлі түсті қарындаштар , маркер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Фигуралар бойынша 3 топқа бөлу. «Су», «Ауа», «Жер».

2.Тыныштық сәтi. Ғажайып көл

Босаңсып ыңғайланып отырыңыз, көзіңді жұмыңыз.Толық босаңсыған соң әдемі безендірілген дәлізді көз алдыңызға елестетіңіз. Дәліздің соңында еменнен жасалған есік көрінеді. Есікке жақындағанда ол жайлап ашылып кетті. Есік толығымен ашылғанда, сіз әдемі көлді көресіз. Айнадай көк жасыл суы бар көлді үлкен лала гүлдер безендіріп тұр, көлдің айналасында алуан түрлі сары, жасыл, сия көк, қызыл түсті мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Осы таңғажайыптың ортасында аңдар жүр. Арыстан көлден су ішіп жатыр, ол судан басын көтеріп сізге қарады да, асықпай орманға кіріп кетті.
Жан-жағыңызға мұқият қарап сіз көл ортасынан үлкен раушан гүлді байқайсыз. Оның үлкендігі сондай, сіз оның ортасына жайғасуыңызға болады. Сіз гүлдің тамаша иісін сезесіз. Сіз ақ бұлттар жүзіп бара жатқан таза көгілдір аспанды көрдіңіз.Тыныштық…
Сіз тұрып отырдыңыз, айналадан көргендеріңізге күле қарайсыз. Қоянның ін қазып жатқанын көрдіңіз. Елік үлкен қара көздері мен сізге қарайды.

Жағалауда аю отыр, суда бірнеше піл тұр, олар тұмсықтарымен су шашады.
Сіз жайлап гүлден сырғып, суға түсіп жүзе бастадыңыз. Су жылы, сіз өзіңізді жас әрі жеңіл сезінесіз, су ішесіз, су астына ешқандай тұншықпайсыз. Түрлі әлем балықтар жүзіп жүр. Сіздің қасыңызға делфин келіп, ескі досыңыз сияқты сәлем берді. Су сіздің қан тамырларыңызға құйылып тазалай бастады. Дельфиндер мен бірге жағаға шықтыңыз.
Сіз қайтадан раушан гүлдің ортасында дем алдыңыз. Алыста төбесінде қары көз қаратпайтын тау көрінеді. Ғажайып көлден жоғары көтеріліп кеттіңіз. Биіктей бересіз, көлді бір айналып өтіп жануарларға қарайсыз. Жоғарыдан қараған мүлде бөлек. Тауға қарай бет алдыңыз. Алдыңызда ұшақтар ұшып барады. Үлкен жайылымның үстінен өтіп бара жатқандайсыз. Сізге қарап жақындап келіп, біраз уақыт бірге ұшты.
Ақ қарлы тауға келіп қондыңызда, таудың салқын ауасымен кеудеңізді кере дем алыңыз.Тауды бір айналып өтіп төмен қарай ұштыңыз.Көлдегі раушан гүлге қонып дем алдыңыз.Енді жеңіл көтеріліп, баспалдақ арқылы емен есікке келдіңіз. Есік арқылы әдемі дәлізден әрі қарай өтіп, өз орнымызға келеміз.

3.Үй тапсырмасын тексеру. «Табиғат - тал бесігіміз» шығармасын тексеру

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Таза болса, табиғат,

Аман болар адамзат!

(Ф. Оңғарсынова)

5.Әңгімелесу. Табиғат туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тап!

1.Боранды күні ит пен бала құтырады.

2.Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.

3.Қыстың көзі қырау.

4.Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.

5.Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.

6.Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер.

7. Судың да сұрауы бар

8. Жер құтты болса,

Мал сүтті болады.

9.Су - ырыстың көзі,

Еңбек кірістің көзі. 10. Нөсер алдында найзағай ойнайды.

6. Сергіту сәті. Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш»

7. Мәтінмен жұмыс Әр топқа оқулықтағы мәтіндерді бөліп беру.

І топ: Табиғатты аялайық

ІІ топ: Бақша ағаштары

ІІІ топ: Үзілген гүл

8.Шығармашылық жұмыс:Мәтіндер бойынша постер құрастыру және оны қорғау.

9.Үй тапсырмасы.

Дәптердегі № 3 тапсырманы орындау.

10.Топпен ән айту. Топпен «Қыс күні» атты өлеңді шырқау.

11. Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




© 2010-2022