Статья Өзін өзі реттеу

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін өзі реттеу

Өзін өзі реттеу «Қалай оқу керектігін үйрену». Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырысу керек. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын оятады.

Аталмыш тақырыпты қарастырғанда бұл саланы зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстым. ­­Флейвелл (1976) үш және төрт жастағы балалардың есте сақтау қабілетін зерттеп, олар қайталау қажеттігін еске салғаннан кейін нәтиже бергенін анықтады.

Шанк пен Циммерман 1994 жылы «өз оқуын бақылау» ды зерттеді. Өзін өзі тексеру, басқа адамдардың өзі туралы пікіріне жорамал жасау арқылы реттілікті орнату қажеттілігі туындайды. Өзін өзі бақылау оқушы өзіне деген шынайы түсінік негізін қарастырады және жүйелейді делінген бағдарламада (27-бет). «Топсеруен» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру үшін «Сәйкестендіру картасын» дайындадым. Өзін өзі тексерген оқушылар «Менде қате жоқ, менде 1 қате, менде 2 қате» деп айтып жатты. Дұрыс тапсырмаларды еске сақтады.

Выготский оқуға ересек адамның ықпалы туралы жазады. Мұндай оқудың әлеуметтік көлемі ЖАДА ретінде анықталады. (Vygotsky, 1978). Бұл үрдісті Жером Брунер «орман өсіру» деп атады. Мұнда жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеп», үнемі ұлғайып, артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Выготский оқушылардың өздері орындай алатын және үлкендердің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырмалар арқылы анықталатын болжамды даму аралығын ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) деп атады. ЖАДА бойынша қолдау көрсетудің бір көрінісі «көпіршелер». 1-сынып «Күн мен түн» тақырыбында «Күннің жаңбыр жаууына әсер ете ме?» деген сұраққа негізді жауап беру үшін, оларға «Табиғаттағы су айналымы» деген сурет ұсынылды. Бұл «көпірше»ге мысал бола алады.

Джинн Раддок «оқушы үні» жобасында оқушы пікірімен санасу маңыздылығын дәлелдейді. «Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін өзі реттеуін дамытуына ықпал етеді» деп көрсетіледі «оқушы үні» жобасында. Бірінші сынып дүниетану сабағында «Айналамен танысу» тақырыбында қолдану тапсырмасын сіздер мен бірге ойластырайық деп ұсыныс жасадым. Оқушылар берілген тапсырманы сурет сызу арқылы орындағылары келетінін айтты. Олардың көздерінен бұл тапсырманы жоғары қызығушылықпен орындағаны көрініп тұрды. Оқушылармен ашық пікірлесу мұғалім үшін де жағымды әсер қалдырады екен.

Чиксентмихай «өзіндік мақсат», Райан мен Деки «ішкі уәж» деген қасиеттердің дамуына жағдай жасауға тырысу керек деп атап көрсетті. Тәжірибе кезеңіндегі 1-сынып дүниетану «Айналамен танысу» сабағының қорытынды кезеңінде «Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді өздеріңнен кіші бауыр не сіңілдеріңе айтып берер ме едіңдер. Олар бұл қызы па? Оны қалай жеткізер едіңдер?» деп сұрағанда ойланып қалған оқушыларда «ішкі уәж» туды деп ойлаймын. Оны сурет арқылы жеткіземіз деп жауап берді.

Марта Бронсон (2000) мектеп жасына дейінгі балалардың когнитивті дамуын зерттеген. Марта Бронсон өзін өзі реттеудің төрт факторын атап көрсетті.

  • когнитивті өзін-өзі реттеу, метатаным

Өз мүмкіндігін біледі. Мысалы: Постер салуда мен сызамын, мен бояймын мен қорғаймын деп жұмысты өзара бөліп алуы оқушылардың өз мүмкіндігін білгенінің дәлелі.

Бұрын естіген сөзді өз мақсатында пайдаланады. Мысалы: Алижаннан естіген кемпірқосақ шығу үшін аздаған жаңбыр тамшылары және күн болуы керек деген тұжырымды оқушылар өз сөздерінде қолданды.

  • эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият»

Жаңа тапсырманы сеніммен орындайды. Мысалы: Тәжірибе кезеңіндегі оқытудың топтық әдісімен ұйымдастырылған әрбір тапсырманы оқушылар асыға күтіп отырды. Демек тапсырманы орындай алатынына сенімдері мол.

Алға басуды бақылайды жəне тиісті тəсілмен көмек іздейді. Мысалы: Өз пікірлері басқа топпен салыстырғанда төмендеу болып қала ма деген абыржу байқалды, қате деген пікірлерді жолай жөндеп отырды.

  • әлеуметтік өзін өзі реттеу: «ақыл-ой теориясы»

Тапсырманы қашан əрі қалай шешуді келіседі. Мысалы: Құрдастарымен əлеуметтік мəселені шеше алды. Бірге жəне кезектесіп жұмыс істеді. Құрдастарымен бірлескен жұмысқа қатысты. Топ мүшелерінің сезімін түсінді, көмектесті жəне қолдау білдірді.

*ынталандырушылық өзін-өзі реттеу: игеру бағдары. Тапсырманы шешкенді ұнатады. Мысалы: Оқушылар сабақта бір бірін бағалауда, кері байланыста өте белсенді болды. Әрбір тапсырманы асыға күтіп отырды. Ендеше осылай жұмыс істеу оларға ұнады.

Бандура өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторды ерекшелейді.

  1. Тәжірибе-қол жеткізілген нәтиже. Оқушылар дүниетану сабағында бастапқы кезде сабаққа енжар отырды. Екінші кезеңде бағалауда жұмыстары жоғары бағаланған соң, яғни тәжірибе жинаған соң келесі тапсырмаға құлшыныстары байқалды.

  2. Пішіндеу - «Жанама тәжірибе». «Күн мен түн» тақырыбында «Күн жаңбыр жаууына әсер ете ме?» сұрағына жауап беру үшін суреттегі ақпаратқа сүйену керек еді. Қол көтерген оқушылар аз болды. Алихан суретке қарап дұрыс тұжырымдама жасады. Келесі «Өсімдіктің түсіне күннің әсері бар ма?» сұрағына жауап бергісі келген оқушылар екі-үш есе артты.

  3. Әлеуметтік сенім. Сабақ уақытында өзіне сенімсіз оқушының болмашы жетістігін айқындап, мадақтап отырдым. Оған құрбы-жолдастарының да көзқарасы өзгерді.

  4. Физиологиялық факторлар. Сабақ айту алдында кейбір оқушылар қатты қобалжиды. Сонда оларда қалтырау, жүрегі айну...т.б. белгілер пайда болады. Олар мұны ауырып қалдым деп ойлайды. Егер оқушы қате айтып қоюдан қорықпаса, физиологиялық факторларға сенімділігі өзгереді.

Тәжірибе кезеңінде әр сабақта кері байланыс ұйымдастырылды. Бұл да оқушының өзін реттеуіне мысал бола алады. Ол бүгінгі сабақта не үйренгені, уақыты босқа шығындалмағанына, қызықты болған-болмағанына есеп береді. Бірінші сынып оқушылары өздеріне шынайы баға береді. «Нысана» арқылы бағалауда Ерхан: 6-ға қоямын, өйткені тақырыпты онша түсінбедім деді. Бейбарыс: сабақ маған қызықты болды, сондықтан 10-ға қоямын деді. «Ашық күн, жартылай бұлтты, бұлтты күн» әдісінде өз аттары жазылған стикерлерді бұлтты күнге, жартылай бұлтты күнге қойған оқушылармен екінші сабақта материалды қайталады. Яғни, оқушы өз пікірін білдіру арқылы мұғалімнің назарын аударды.

Перри бастаған зерттеушілер тобы өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болады деп атады.

* тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;

* оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігігнен айқындауы;

* проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс тәсілдерді өздігінен таңдауы;

Осы үш элементті оқушыларымның бойында қалыптастыруды болашақтағы сабақтарымның мақсаты етіп қойдым.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы алғашқы сабақты өту кезеңінде-ақ Көркем топты ұйымдастыруда өз қолына алды. Өзіне сенімділігі жоғары болғандықтан, үнемі тек өзі топ жұмысын қорғауға шығады. Бірақ іс-әрекеттерінде үстемдік байқалып, топ мүшелерінің кейбірін өкпелетіп қойды. Ешкімді шет қалдырмай жұмыс жасаған топтар мадақталған соң әдіс-тәсілдерін өзгерте бастады. Құрбыларымен тең әрекеттесу маңыздылығын түсінді.

«Визуалды айғақтар» стратегиясы арқылы өздігінен білім алу көзделді. Онда әр топқа бірнеше сурет беріліп, ондағы күннің ролін анықтау тапсырылды. Ерхан өз пікірін басқа оқушыларға мақұлдатқысы келді. Топ мүшелері келісті. Бірақ Алижан басқа пікір ұсынды. Сол кезде Ерханның ашуы келді. Бірақ басқа оқушылар да дұрыс жауап бере алатынына көзі жетті. Әр топ мүшесінің пікірін тыңдауды үйренді.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде бірінші сынып дүниетану сабағында өзін өзі реттеуді дамытуға жағдай жасайтын «Бауырсақ жасау» ойынын жоспарлап енгіздім. Өзіндік жұмыстың дәлелдерін жинадым. Оқушылар суреттерде берілген бауырсақ жасау үшін қажетті әрекетті жұппен ақылдасып реттеуі және есте сақтауы қажет.

Балалар суреттерді ретімен қоюмен, артығын алып тастаумен айналысты.

Олар бір-бірінен бауырсақ пісірудің ретін үйренді. Мен және басқа ересектер оларды бақылап отырдық. Осы әдісті қолдануда мен оқушыларға дұрыс бағыт беруді үйрендім. Осы әдіс бойынша рефлексия нәтижесінде одан әрі тек қана материалды беріп, тапсырманы, әдістерді өздері таңдауына жағдай жасаймын.


© 2010-2022