Гуманитарлық пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту – елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру көзі

Құндылықтарды  оқып үйрену барысында оқушы бойында сол меңгерген білімін күнделікті өмір жағдайында қолдана алуын, кездескен әлеуметтік проблемаларды шеше алуын қамтамасыз ететін  қабілеттер – құзіреттіліктер қалыптастыру көзделген.  Жалпы мәдени құзыреттілік:          – адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірінде пәннің алатын орнын түсіну;          – жеке адамның және бүкіл адамзаттың, сондай-ақ Қазақ елі өмірінің рухани-адамгершілік негіздерінің сабақтастығын білу;          – отбасылық, әлеу...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гуманитарлық пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту – елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру көзіГуманитарлық пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту – елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру көзіГуманитарлық пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту – елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру көзіГуманитарлық пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқыту - елдік пен ерлікті қастерлейтін тұлғаны қалыптастыру көзі

Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтардың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек.

Н.Ә.Назарбаев


Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы бергі тағылымының ең ғибратты тағылымы, міне, осында.

Н.Ә.Назарбаев

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиындау.


Н.Ә.Назарбаев


Тарих пен тіл - тамырлас


Н.Ә.Назарбаев


Әр елдегі қазақ әр елдің тілін меңгерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә.



Н.Ә.Назарбаев

Ұлттық сана ұлттық тарихпен қалыптасады.


Н.Ә.Назарбаев



Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы рухты да білімді ұрпақ өсіруді мақсат тұтқан. Өркениетке ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім мен тағылымды тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюды қолға алған. Әр ұлттың уақыт өрінде көрінетін биіктері мен игі жетістіктері ұрпақ тәрбиесімен, білімдік танымымен тікелей байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән менталитеттік ерекшеліктер болатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденгені ақиқат. Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Олай болса, бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиені ата-бабаларымыз салып кеткен дәстүрлі ұғымдар мен құндылықтармен қабыстыра білу де ұрпақ тәрбиесіне ажарлы өрнек пен нақыш қосары сөзсіз.

Қалыптасқан қасиеттеріне саяси мұрат пен азаматтық ұстанымды қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, өз әрекетін түсіндіріп, қорғай алатын адам ғана тұлға ретінде кемелденіп, абырой-құрмет тұғырынан берік орын алмақ.

Ұлттық дәстүрге берік, елі мен жерін сүйіп, қастерлейтін, уақыт талабына сәйкес болашақты бағдарлайтын тұлғаны біліммен сусындатып, тәрбиелеу - ұстаздар үшін күн тәртібінен түспейтін міндеттердің бірі. Жаңа экономикалық өрлеу кезеңінде тұлғаға жан-жақты білім мен тәрбие беру, ең алдымен, ұлт тағылымын белгілі қағидаттарға сүйеніп, өскелең ұрпақ бойына сіңіруден басталады.

Слайд №

Ұлт тағылымы туралы ой қозғар болсақ, онда ұлттық таным, ұлт құндылықтары мен тәрбиесін қазақ елі тұлғаларының соны соқпағымен жүретін ұлағатты көштен ажырата қарау мүмкін емес.

Пәнді оқыту мақсаты құрамында оқыту үдерісінің субъектісі - оқушы бойында қазіргі қоғам жағдайындағы аса қажетті құндылықтар:

1) білім жүйесі (пәнге қатысты ұлттық тағылым ұғымдарының пайда болуы, орнығуы мен дамуы туралы, т.с.с. ұғымдар);

2) меңгерілген білім негізінде оқушылардың қоғамдық өмірдегі қалыпты іс-әрекеттер жүйесі (пәннің мәнін, оның адам өмірі мен қоғамдағы алатын орнын, мақсаты мен мұратын ажырата алу, т.с.с. біліктіліктер);

3) өз елінің елдік танымы, ұлттық мәдениетіне құрмет сезімі мен өз сеніміне құндылық қатынасы негізінде тұлғалық болмысын қалыптастыруға бағдар беру;

4) меңгерілген білім және іс-әрекеттер жүйесі негізінде оқушыларда, өмір жағдайында кездесетін түрлі проблемаларды шеше алуға қажетті шығармашылық тәжірибе қалыптастыру.

Ұлттық құндылықтар туралы жиі айтылады. Мектепте ұлт құндылықтары деген ұғым этнографиялық түсініктер яғни тақырыптық қойылымдар көрсетумен шектеліп жататыны да бәрімізге аян. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты терминдерді саралап, ойымызды салмақтап, зерделер болсақ, онда пікірімізді төмендегідей жүйеде таратқанымыз жөн болар.

Ұлттық құндылықтар

Ұлттық болмыс

Ұлттық тағылым

Ұлттық экономика

Ұлттық өнер

Ұлттық спорт
т.б.

Елдік рух,ұлттық сана, тарих, шежіре,т.б.

Салт, дәстүр, әдет, ғұрып, ырым-тыйым,т.б.

атакәсіп, шаруашылық, тұлғалық іскерлік,т.б.

айтыс, ән-күй, ақындық, шешендік,т.б.

атбегілік,

құсбегілік,

күрес, т.б


Ұлт құндылықтарын насихаттау, дәріптеу мен оқушы тарапынан бағалап, бойға сіңіруге баулу - тәрбиедегі басты бағыт. Ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің негізі болар екшелген інжу-маржан: ата-бабаларымыз ұрпақтарына аманаттаған адамгершілік, өмірді танып-білуге құштарлық, білім, рухани тазалық, сезім, елжандылық, т.б. құнды қасиеттер - бүгін де ұстаз беретін тұлғатаным сабақтарының берік діңгегі.

Жоғарыда көрсетілген бағыттарды мектептегі тәрбие бағыттарында жүйелі түрде қалай жүзеге асыруға болады.

Пәнді ұлттық құндылықтарды жүйелей оқыт мақсатына қол жеткізу төмендегі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асады:

● адамзат қоғамындағы әр ұлт тарихындағы ұлттық таным білім көздерін жинақтау және жүйелеу, негізгі проблемаларды талдау, баяндау;

● жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарының және осы бағытта ұлт тұлғаларының өмірі мен қызметін танып, адамзат тарихындағы ролін көрсету;

● ұлт құндылықтарының ғылыми-ағартушылық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мәнін ашу;

● қазақ халқының тұрмысында, салт-дәстүрінде, өнерінде, әдебиеті мен тарихында орын алған құндылықтар жайлы толғанысқа бағдар беру;

● оқушының жанұясында, өзінде қалыптасқан дүниетанымдық, рухани толғаныс сезімдері мен құндылықтарын негіздей алуына, қорғай алуына мүмкіндік туғызу;

● оқушылардың бірі-бірінің дүниетанымдық сезімдері мен құндылықтарын тани алуына, түсініп, салыстыра алуына, сыни тұрғыда талдай алуына жағдай жасау;

● жас ұрпақтың елжандылық пен ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеп, ел мәдениеті мен өркениетін қастерлеуіне, өз елінің мәдени құндылықтары арқылы әлемдік мәдениетті тануына жол ашу.

● оқушы бойында адами құндылықтар мен ұлттық дүниетаным негізінде ұлттық таным мәдениетін қалыптастыру.

Пәнді оқыту мақсатымен тығыз байланыстырып, оқу материалын ұлттық құндылықтар негізінде құрылымдауға және оқыту процесін ұйымдастыруға негіз болып табылатын келесі дидактикалық принциптер талаптарына көңіл аудару қажет:

- ғылыми негізділік пен түсініктілік;

- жүйелілік пен бірізділік;

- саналылық пен белсенділік;

- білімді игерудің беріктігі;

- пәнаралық және пәнішілік байланыс;

- мәдени сәйкестілік принципі;

- проблемалылығы;

- даралай және саралай оқыту;

- оқу тапсырмаларының көпдеңгейлігін қамтамасыз ету т.б.


Пәнді ұлттық құндылықтарға негіздей оқытуда төмендегідей әдістемелік жұмысы жүйелі түрде жүзеге асырылады:

  • Бала өзіндік таным иесі;

  • Әр баланың өзіндік танымы, пікірі мен ойы құнды;

  • Баланың білімі жаттап алған білімімен ғана емес, өзіндік танымымен, пікірімен, тиянақты ойымен бағаланады;

  • Сабақ - ұстаз бен шәкірттің адами қарым-қатынасы;

  • Мұғалім - баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін, танымын, пікірін ашушы;

  • Оқушы танымындағы кемшілікті көрсе, тым қатты сынға алмау, қайта оқушы ықыласы мен ынтасын демеу;

  • Баланы сабақта өз танымының кейіпкері ете білу.

Сабақ міндеттері

мен мақсаттары

Білім беру

Тәрбиелеу

Дамыту

Құндылықтардың адамзат өміріндегі, қоғамдағы өзіндік орны жөніндегі білімін оқушының өмір тәжірибесімен байланыстыра отырып түсіндіру

Оқушы тәрбиесіне ықпал ететін адамгершілік, тұлғалық қасиеттер мен тағылымдық ой-пікірді көрсету, қалыптастыру, іс жүзінде орындату

Әр оқушының ерекшелігін: зейін қою, жаңа мәліметті қорыту, салыстыру, ой ұшқырлық, тапқырлық, т.б. жақтарын ұштауға жағдай тудыру

Пәндерді ұлттық құндылықтарға негіздей оқытуда күтілетін нәтиже


  • Қазақ тілі:

  • - оқушылардың сөздік қорын ойлауы мен сөйлеуін қалыптастыру, т.б.;

  • - ұлттық мәдениетке құрмет сезімін тәрбиелеу және басқа да мәдениет бастауларына бірдей түсіністік ұғымын қалыптастыру;

  • Әдебиет:

  • -әдебиет үлгілері мен көркем әдебиет туындыларын, әдеби туындылардан қосымша дерек көзін табу, дәйек ретінде қолдану;

  • Тарих:

  • - ел тарихы мен тұлға ойының тарихи деректермен нақтылануы;

  • - тұлғаныңтарихи және қоғамдық қарым-қатынастар тұрғысынан талдау жасау мүмкіндігін ұштау;

  • Сонымен қатар қоғамдық бағыттағы пәндерге қатысты ғылыми пікір қалыптастыруына негіз, ізденістердің бастау көздері ретінде қарастырылуы, тұлғалық таным, кемелденуге аяқ басуы,т.б.


Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім мен тағылымды тәрбие беру ісін дурыс жолға қоюды қолға алған. Әр ұлттың уақыт өрінде көрінетін биіктері мен игі жетістіктері ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденгені ақиқат. Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Олай болса, бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиені ата-бабаларымыз салып кеткен дәстүрлі ұғымдар мен құндылықтармен қабыстыра білу де ұрпақ тәрбиесіне ажарлы өрнек пен нақыш қосары сөзсіз.

Жаңа қоғамның дамуындағы тәрбиенің нәтижесі тәрбиелеп отырған тұлғаның өз бойына сенімді іс әрекетке жол берер қасиеттерді дарыта біліп, қажетті дағды-машықтарды меңгерумен қатар, оны өз қажеттілігіне жарата білуінен де көрінеді.

Қалыптасқан қасиеттеріне саяси мұрат пен азаматтық ұстанымды қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, өз әрекетін түсіндіріп, қорғай алатын адам ғана тұлға ретінде кемелденіп, абырой-құрмет тұғырынан берік орын алмақ.

Ұлттық дәстүрге берік, елі мен жерін сүйіп, қастерлейтін, уақыт талабына сәйкес болашақты бағдарлайтын азамат тәрбиелеу - ұстаздар үшін күн тәртібінен түспейтін міндеттердің бірі. Жаңа экономикалық өрлеу кезеңінде тұлғаға жан-жақты тәрбие беру, ең алдымен, ұлт тағылымын тәрбиеленуші бойына сіңіруден басталады.

Ұлт тағылымы туралы ой қозғар болсақ, онда ұлттық таным, ұлт құндылықтары мен тәрбиесін қазақ елі тұлғаларының соны соқпағымен жүретін ұлағатты көштен ажырата қарау мүмкін емес.

Ұлттық құндылықтар туралы жиі айтылады. Мектепте ұлт құндылықтары деген ұғым этнографиялық түсініктер яғни тақырыптық қойылымдар көрсетумен шектеліп жататыны да бәрімізге аян. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты терминдерді саралап, ойымызды салмақтап, зерделер болсақ, онда пікірімізді төмендегідей жүйеде таратқанымыз жөн болар.

Ұлттық құндылықтар

Ұлттық болмыс

Ұлттық тағылым

Ұлттық экономика

Ұлттық өнер

Ұлттық спорт
т.б.

Елдік рух,ұлттық сана, тарих, шежіре,т.б.

Салт, дәстүр, әдет, ғұрып, ырым-тыйым,т.б.

атакәсіп, шаруашылық, тұлғалық іскерлік,т.б.

айтыс, ән-күй, ақындық, шешендік,т.б.

атбегілік,

құсбегілік,

күрес, т.б


Ұлт құндылықтарын насихаттау, дәріптеу мен оқушы тарапынан бағалап, бойға сіңіруге баулу - тәрбиедегі басты бағыт. Ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің негізі болар екшелген інжу-маржан: ата-бабаларымыз ұрпақтарына аманаттаған адамгершілік, өмірді танып-білуге құштарлық, білім, рухани тазалық, сезім, елжандылық, т.б. құнды қасиеттер - бүгін де ұстаз беретін тұлғатаным сабақтарының берік діңгегі.

Жоғарыда көрсетілген бағыттарды мектептегі тәрбие бағыттарында жүйелі түрде қалай жүзеге асыруға болады.

Бала кезден бойымызға сіңген дәстүр-тағылымдарды этнографиямен байланыстыратынымыз заңды да.Себебі ұлт құндылықтарына бойлауға мүмкіндік беретін әдемі арна - әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Оны тізбектеп қойылым көрсету тәрбие мәнін ашып, мазмұнын тереңдетуге қызмет етпесі анық. «Сенім» бағдарламасының авторы (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылындағы Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі, 1993-1996ж.ж.), ұстаз-ғалым А.Қыраубаеваның «Халықтық тәрбие, біздің ойымызша, этнографиямен шектелмеуі керек. Халық даналығы баланың жан-дүниесіне мән береді. Еркіндігін орынсыз шектемеуді, баланы жасытпауды есте ұстайды. Бабалардың осы салтынан ұлтымыздың өр мінезді азаматын тәрбиелеуді үйренеміз. Бұрынғы қазақтың елін, жерін сүюі, өрлігі жапондықтар мен американдықтардан бір де кем емес еді ғой. Соның сыры неде? Мұны да зерттеп білу керек-ақ. Бесік жырынан бастап, шешендік сөз, тыйым сөз, түс жору, атқа міну, қыз айттыру салт-дәстүріне дейінгі халықтық тәрбиенің берері мол» деп атап көрсеткеніндей, ұлттық тағылымды балаға берілер өмірлік тәжірибе мен білім көзіне айналдыра білсек нұр үстіне нұр болар еді.

Ұлттық болмыс, ең алдымен, М.Жұмабаевтың: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті» деп айтып өткеніндей, дала ұланының табиғатты түйсінуінен басталмақ. Табиғатты түйсіну - дала перзенттері үшін басты орында тұратын, нағыз өмір құндылықтарын таныта білетін бабалар мектебі. Ата-бабаларымыз көктегі шырақтардың да сырын аңдап, жердің жерұйық пен жәннатын талғап, жазығына жүйрігін сайлап, аптап ыстығына қайнап, суығына шыңға суарылған болаттай жүзін қайрай білген ғой. «Күнәң жоқ болса, күнді болжа» дейтін ата бабаларымыз ауа райын болжау мен аспан денелерінің ауысу есебін ертеден-ақ меңгерген. Жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа тоғыстан, қыс есебін күн мен түн теңелген екінші тоғыс мизамнан бастайтын есепшілер түрлі әдіс-тәсілдермен бұдан арғы жыл мезгілдерінің қалай болатынын малдың мінезіне, күннің шығуына, онан соң наурыз қары мен Шолпан жұлдызының тууына, мизам күнгі малдардың (мизам күні түйе жайлы ұйықтаса қыс жайлы, мазасызданып шықса жайсыз қыс болады, жұт болатын жылы қойлар өрістен аузына бір-бір шөп тістеп қайтады,т.т. ) мінезіне т.т. болжам жасап, дәл айта білген. Осындай біліктілік пен дәлдік жұттан сақтандырып отырғанын Ы.Алтынсарин өз шығармаларында да айтып кеткен.

Жер-Ана деп аялап, қастерлеген перзенттеріне туған өлкесі де өз сырын ашып, малына өріс, жанына қоныс, жаугершілікте шалғынын төсеніш, жараланғанда бұтасын таяныш етіп, өзі үшін мерт болған ерлерін мәңгілік бесігіне бөлеп отырған. Адасқан жолаушыға түнгі аспан Темірқазығын жағып белгі берген, ол жұлдызды бетке алған жан еш адаспаған.

Сонымен қатар халық арасында көмескіленіп бара жатқан «жеті амал» деген ұғым бар. Х.Әбішев оны былай көрсеткен екен: «Жеті амал. Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, айдың тоғамы, қыс тоқсанының кіруі». Енді осы ұғымдарға тоқтала отырып, халқымыздың табиғат сырын ашуға ұмтылған түсініктерін астрономия, география, физика,т.б. пәндерімен байланыстыра қарар болсақ, ұлт тағылымының құр пайым ғана емес, пәндік негізі бар ілім екенін көреміз. Тағы да басқа көптеген халық күнтізбесіне қатысты деректер тілді өзге пәндермен байланыстыруға мың-сан мүмкіндіктер туғызары даусыз. Олай болса, тұлғаның текті де азаматтық болмысын сомдайтын іс-шаралардың туған жердің тынысы мен атамекеннің арда келбетін тануынан басталады. Ешқашан қайталанбайтын ұлттық бірегей қасиеттерді бойға сіңірумен ерекшеленбек. Бұл орайда ойымызды жинақтар болсақ, мұғалімдерге аса таныс төмендегідей жұмыс бағыттарын жүзеге асырарымыз сөзсіз.

Тұлға бойында ұлттық болмыс қалыптастыру - оның бала күннен ана сүтімен, ата тәрбиесімен жан-дүниесіне егілген елдік рух, ұлттық кемел сана баспалдақтары - мүшел жас, табиғатпен қарым-қатынас, тарихпен сырласу, шежіреге тереңдеу, т.б. жұмыс бағыттарын тереңдету.

Сынып сағаттары

Әңгіме-сұхбат

тар

Кездесулер, «дөңгелек үстел» талқылаулары

Танымдық конферен-циялар

Дарынды оқушы ізденістері бойынша шығармашылық сағаттары

Мәселен, мүшел жастың тұлғаның қалыптасуындағы танымдық деңгейлері ретінде тануы ұлтымыздың он үшке дейінгі, он үштен кейінгі бала болмысына айрықша қарауы, жиырма бесті асқақтатып, отыздың белестерін шыңдалу, қырықтың белдерін - кемелдену тұтқасы, алпыстың шыңдарын - ақыл берер даналық кенересі деп, онан кейінгі жылдарды - парасаттың пырағына мінетін даралық тұғырлары деп түйіндейтін ой иірімдерінен айқын байқалады.

Мүшел жасқа байланысты сынып сағаттарын өткізу мұғалімдер практикасында кездесіп жатады. Көркемдігі мен сан қырын көрсету сын көтермей жататын тұстар да кездеседі. Бағыт-бағдар беріп, тәжірибемізбен алмасу мақсатында осы тұста өзіміз өткізген «Он үшке келді еркеңіз» атты сынып сағатының өткізілу барысын бере кетсек. Сынып сағаты бес бөлімге негізделді.

І бөлім - «Алтын көмбе» бөлімінде ой тудыру мақсатында «Мүшел жас - ақыл мен даналық аялдамалары» тақырыбында ой толғауға мүмкіндік тудыру. Төменде ұсынылған мүшел жас кезеңдеріне байланысты ойларын топтарға бөліне отырып, (жазбаша, ауызша) ортаға салады.

Ұстаз сөзі:

Ұлттық келбетімізді танытатын халқымыздың психологиялық тағылымдарының бірі - мүшел жас.

Қазақ халқында бірінші мүшел он үш жас болып есептеледі. Мүшелдің он екі жылдық жыл қайыруға да байланысты екені белгілі. Сондықтан он екі санын қосып мүшел жас кезеңдерін тез есептеуге болады.

Бастапқы мүшел кезеңінде ойын баласы есейіп, өмірдің жұмбақтарына ойлы көзбен қарай бастайды. Қазақ тарихында он үш жасында өткір сөз, ұшқыр ойымен танылған тұлғалар аз емес. Міне, сен де осы кезеңде тұрсың, олай болса төмендегі мүшел кезеңдерімен таныса отырып, есею кезеңіндегі жүрек толқыны - ойларыңмен бөлісе отырсаң.


1-мүшел - 13 жас (ер жете бастау)

2-мүшел - 25 жас (жігіттік жас)

3-мүшел - 37 жас (ақыл тоқтау)

4-мүшел - 49 жас (орта жас)

5-мүшел - 61 жас (орта жас)

6-мүшел - 73 жас (қарттық)

7-мүшел - 85 жас (кәрілік)

8-мүшел - 97 жас (кемел кезең)

9-мүшел - 109 жас (көкірегі хат)

10-мүшел - 121 жас (ойлы кемер кезеңі)

Оқушылар пікірінен үзінділер:

Ата-баба дәстүрі бойынша он үштегі ұланның отау иесі аталуы оған деген жауапкершіліктің салмағын сездіруден туған болар, бәлкім? Жаугершілік заман ағымы мәжбүр еткендіктен бабаларымыз ұрпақ жалғастығы мен елдің жүгін көтерер ерді тәрбиелеу жұмысын көздеген болар? Ал қазіргі кезеңде ата-аналарымыз он үштегі баласын бес жастағы баладай тәттімен қызықтырып, қолынан жетелеп жүреді. Егер менің әкем құсап ақылдасып, кеңесіп: «Сен менің ертеңгі үмітім мен жауапкершілікті көтерер жалғасымсың, кезі келгенде отбасының салмағын көтерер азамат боласың», - деп, салиқалы ой тастап отырса, есеп берер есею кезеңінде тұрғанын естілікпен сезінуге жағдай тудырғаны болар еді-ау?!

Әнуар.


Ата-анам менімен көп ақылдаса бермейді. Мен де білгенімді айтпақ болсам, олар күлгенде ыңғайсызданып қаламын. Әлі баласың, уақыты келер деп қояды. Мен он үште ұрпағына салмақ артып, сенім білдірген бабаларымыз демократ жандар екен деп сүйсініп отырмын.

Самат

Ал мен «жиырма бес - жігіттік жас» дегенге таңданып қалдым. Айтылмай қалған қыздарға тиесілі ой қандай? Осыған қарап, бұл мүшел жас ұлдарға байланысты айтылған екен-ау деген ойға келдім. Ал осы кезде қыздарда жайнап жүретін кез емес пе? Сырғалары жалт-жұлт етіп, күлкісі жүзін жайнатып жүретін апайыма қызыға қарап: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген әнді еріксіз ыңылдаймын.

Жайна


Он үште шындығында ой өзгерісін, жауапкершілікті сезінесің. Анам маған: «Сен мен жұмыста жүргенде кішілерге қамқор бол, қарындары ашып, жайлары болмай қалмасын», - дейді. Оның сенімін ақтағым келіп тырысамын. Кіші інім тынымсыз. Үйде еңбектеп жүріп ұстаған нәрсесін аузына салып жібереді, алам деген затын алғанша жылайды. Апам оның маған ұқсайтынын ескерткен, демек мен анама қандай қиындық тудырғанымды сезінемін. Сосын маған әдемі сырға, моншақтар көбірек ұнайтын болғанын байқадым және кезіккенін жапсыра бермей, жарасымды болғанын қалаймын. Қазақы киім үлгілерін ұнатамын. Киім үлгілерін жасағым келіп, ізденіп жүрмін. Есею деген осы болар, Сіздер қалай ойлайсыздар.

Ақтолқын.

ІІ бөлім - «Он үшінде топ жарған» (үй тапсырмасы). Бұл жерде он үш жасында танылған батырлар, билер, өнер адамдары туралы жинақталған материалдармен жұмыс жасалынады. Берілген тапсырма бойынша билер туралы материал жинақтап келген оқушылар бір топқа, батырлар жайлы жинағандар екінші топқа, өнер адамдары жайлы деректер жинақтағандар үшінші топқа біріктіріледі де, олардың тұлғалық келбетіне талдау жасау үшін бағыт-бағдар беріледі.

1. Сендер таңдаған кейіпкер он үш жасында қалай ерекшеленіп көзге түскен?

2. Оның елді мойындатқан әрекетін қойылым түрінде көрсетіп, өздеріңді қандай қасиеттерімен тәнті еткенін топтау тәсілімен көрестіп өтіңдер.

3. Кейіпкердің осылай танылуына қандай жағдай әсер етті деп ойлайсыңдар?

4. Осы жайдың неліктен тап он үш жаста орын алуы мүмкін, бәлкім, ол кездейсоқтық болар?

5. Өздерің он үште осындай топты жаратын әрекетпен таныла аламын деп ойлайсыңдар ма?

Тапсырма алған топтар бірі осы жасында жарқ етіп танылған тұлғаларды, қол бастаған батырлар мен он үште домбыра алып топ жарған саңлақтар туралы айтып өтеді. Топ жұмысы қойылым, ауызша журнал, интерактивті тақтада көрсетілер слайд-шоу, т.б. түрде де назарға ұсынылады.

ІІІ бөлім. «Ал мен бір мақал айтайын». Оқушыларға белгілі бір оқиға суреттеліп, балалардың осы оқиғаға байланысты дәл, мағыналы, мәнді мақал айтуына мүмкіндік беріледі.

Атақты батыр әрі шешен Шақшақұлы Жәнібек Төле биден ақыл сұрай келіп:

  • Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік қылайын ба? Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған хатың, жайнаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім, - дейді. Сонда Төле би:

  • Өгізді өрге салма - қанатың талар, наданға көзіңді салма - сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа - сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа - түбіңе жетер. Жал-құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма - жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма - өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи: жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса - тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң - әуейі боларсың. Мақтаншақ жігіт жисаң - ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар, ақылдың түбі құт болар. Елге бай құт емес, би - құт. Қабырғадан қар жауса - атан мен нарға күш, ел шетіне жау келсе - қабырғалы биге күш. Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас, - деген екен.

(«Ел аузынан» кітабынан)

Оқушылар оқиғаны талдай отырып, өзіне ұнаған ой желісіне орай мақалдар (Досыңа өтірік айтпа - «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», дұшпаныңа сырыңды айтпа - түбіңе жетер - «жау жоқ деме, жар астында») айтып өтеді.

ІҮ бөлім. «Он үште бір ой айтсам». Оқушы өз қалауымен (туған жер, ерлік,т.с.с.) бір тақырыпты таңдап, соған байланысты қысқаша ой түйіндеп, қара сөзбен де, өлең сөзбен де айтуға қақылы.


Елім туралы айтсам деп едім. Қазақ болып туғаныма мақтанамын. Иә, мен - қазақпын! Қазақта дана Бұқар, отты көмей Махамбет бар, ғылым-білімнің шежіресін шерткен Ыбырай мен Шоқан, сезімнің жырын өрген Абай мен Шәкәрім, жүз жылды еңсерген жырау Жамбыл бар.

Қазақ әлемінде күш атасы Қажымұқан, әлемді таңқалдырған күміс көмей әншілер - Әміре, Күләш, Розалар - бір-бір шың.

Қазақтың азат, сауатты ел болуы жолында барлық қабілет-қарымын жұмсаған зиялы қауым жұлдыздар шоғыры іспетті.

Қазақта қазақтың намыс найзағайы - Бауыржан, желтоқсанның жебелері - Қайрат, Ербол, Ләззаттар бар.

Қазақ - ғарышқа қос батырын - Тоқтары мен Талғатын - ұшырған мәртебелі ел.

Қазақ - егемендігін алып, тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтай көшбасшысымен жаңа ғасырға батыл қадам басқан халық.

Мен - қазақпын! Менің елім - Қазақстан!

Бақтыбек


Досым, неткен бақыттымыз,

Туған елдің жақұтымыз.

Көгімізде - бейбіт аспан,

Барлық ұлтқа құшақ ашқан.

Гүлнар


Достықты ту ғып көтеріп,

Ауылдың әнін шырқа сен.

Балалық шақта еркеле

Бабалар жүрген қырда сен.

Он үште елге танылып,

Болармыз, бәлкім, ертең ер.

Болашаққа ой жүгірт,

Бүгінгі жүрген еркелер.

Бауыржан.

Ү бөлім. «Мөлт еткен сырмен бөліссем». Бүгінгі тәрбие сағатының өткізілуі барысында түйген ойларын жазып, ойларын ортаға салады. Міне, осылай әр сабақта баланың ұшқыр ойын тербетіп, тебіреніске жетелеп отырсақ, шығармашылықтың өріс алуына бағдар берер едік.

Ал ұлттық экономика туралы сөз қозғар болсақ, кеше мен бүгіннің аражігін жақындатып, бала болмысына ана сүтімен сіңген кәсіп пен өмірден терер нәсіпті бағдарлауына бағыт берер ұстаз жауапкершілігі арта түсері сөзсіз. Тарих тағылымдары - халқымыздың ғұмыр-парағы. Әр жердің табиғи ерекшелігіне қатысты қалыптасқан кәсіптің қыр-сырына жетелер дерек, мәліметтер (таңбалы тастар деректері, фольклор мен халық поэзиясы, ғалымдар мен даналар қалдырған бағасыз асыл мұралар,т.б.) тұтас бір ғылымға негіз болары сөзсіз. Тереңіне үңілген жанға таусылмас теңіздейін ғаламат!

Қазақ баласының бүгінгі экономикалық кеңістікте еркін әрекет жасар тұлға болып қалыптасуы үшін де ұлттық құндылықтардың алар орны мен мән-маңызы ерекше болмақ. Бәсекелестікке барынша бейім тұлға жеңісті де жемісті нәтижеге жеткізетін ұлтттық ерекшелікті сақтай білуі мен оның қарсыластікінен басым екендігіне көз жеткізуі қажет. Уақыт талабына сай қазіргі заманда бәсекелестік адамның санасы мен түйсігіне ауысқан, ғаламдастыру үдерісі шекараларды жоғалтуға барынша тырысып бағып отырған тұста, елдік белгісін танытар қазақы құндылықтар әлемдік аренада жарқ еткізер мүмкіндіктерге жол беретінін, оны ұтымды да тиімді пайдалану қажеттілігін мойындайымыз керек. Салт-дәстүрінен, мәдениетінен айрылған ел басқаның жетегінде кетеді, тәуелсіз ойлаудан қалады. Ел брендінің қызметі де осы бағытта атқарылуы тиіс. Салтымызды бүкіл қазақ болып жаңғыртуға атсалысып жатырмыз, алайда бұл жеткіліксіз, оны әлемдік деңгейге жеткізу қажет. Ұлттық дәстүрлерді, ұлттық өнер мен ұлт спортын таныстыру орыс және ағылшын тілінде де жүруі тиіс. Ешкімнен ұялмай, жасқанбай көрсете алатындай мәдениетіміз бар екен, оны басқалар да білуі тиіс.

Жас қаламгер Е.Әзімшайық: «Жастарға арналған тауарлар маркетингі поп-мәдениетімен қатар жүреді, ал кей тауарлар классикалық мәдениет таратушысы ретінде қызмет атқарады. Мысалға Моцарт бейнесін тарататын Mont Blanc қаламсабын алайық. Өз тауарларын өткізуде поп-мәдениеті мен субмәдениетті Nike, Tommy Hilfiger, Pepsi, басқа көптеген фирмалар қолдануда. Мәдени шараларға демеушілік көрсетуді көптеген компаниялар өзінің мәдениетті, филантроптық, интеллигентті және космополиттік ұйым ретіндегі статусын таратудағы ең тиімді құрал ретінде көреді. Сол себепті де рухани құндылықтарымызға аса көңіл бөлуіміз қажет, ел брендінің бағытын анықтап беретін де, оны насихаттауда басты рөлдердің бірін ойнайтын да солар.

...Еліміздің бейнесін қалыптастырудағы басты назар аударылуы тиіс бағыт - ата-баба мұрасы. Оны да дұрыс түсіне білу қажет, тарихи ескерткіштер де, ауыз әдебиеті де, т.б. көптеген мұралар бұл ұғымға сәйкес келеді. Бірақ, бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен басты мұрасы - салт-дәстүр. Кез-келген дәстүрдің халық санасын қалыптастыруда атқаратын белгілі бір қызметі болады. Соған сәйкес құндылықтар жүйесі де реттеледі. Сол салт-дәстүрлер елдің ажырамас ерекшелігі, одан бас тарту өзіңе өзің ор қазумен тең. Бүкіл бір халықтың жоғалып кетпеуінің негізі де осы салт-дәстүрлерді ұстану, оның жоғалып кетпеуіне жол бермеу.

Мәселен, айтыс өнерін алып қарайық. Бұл өнер тек қазақ пен қырғызға ғана тән. Ал соны басқа елдердің білуі екіталай. Мағынасын түсіндіріп, дұрыс қырынан көрсете білсек, талайды таңдай қақтырарымыз анық. Әлемнің талай елінде суырып салма ақынның болатынын естімеген де болар. Бұған аздап ұқсайтыны - рэп оқитындардың сайысы ғана, алайда оның айтыстың маңына да жоламайтынын бәрі де білуі тиіс. Алайда бұл тек қазақ тілінде басқа елдер сөйлей бастағанда ғана іске асатын шығар. Ал әзірше айтысты ең алдымен иісі қазақтың бәрі ұғынуға тиіс. Мен бұл жерде қазақ дегенде оған барлық қазақстандықты жатқызып отырмын. Алғашқы белес осы болмақ» жегені де жастардың ой-санасында ұрпақ тәрбиесіне қатысты жаңа ізденістер бар екендігін көлденең тартады және оның жаңа бренд ұғымымен қарастырылып отырғаны да қуантады. Және осы еркін пікірі Елбасы Жолдауындағы «Жастар - біздің болашағымыздың негізі - өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді» деген пікірінің айғағындай.

Біз әлемдегі бәсекеге аса қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат тұтқан Қазақстанның келешегін даярлау ісінде негізгі басымдық ретінде халықтың дүниетанымы, мәдени және тарихи, өнер құндылықтарымен үйлестіре оқыту мен тәрбиелеуді қолға алғанда ғана еліміздің жаңа экономикалық өрлеу кезеңіндегі ұрпақ тәрбиесін жан-жақты, өрісті де негізді түрде жүзеге асырарымыз сөзсіз.

Ұлттық құндылықтармен өрілген сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасының үстіміздегі жылғы халыққа Жолдауында «Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды негізге алуға міндеттіміз:

Бірінші - бәрінен бұрын біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!
Екінші - мемлекет және әр азамат ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында қоғам­дағы тұрақтылық пен қазақстандық­тар­дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тартуы тиіс.
Үшінші - экономикалық өрлеу - әр­кімнің ісі. Бұл - басым әлеуметтік мәсе­лелерді шешудің, бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың берекеттілігінің кілті» деп атап көрсетуі де біздің өз пікірімізді жүйелеуімізде негізге алар ойбағдарымыз болмақ.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тағылым-тәрбиесі, ұлт тұлғаларының өмірі мен ерлік істерінің тарихы,нақыл өсиеттері - жас ұрпақ тәрбиесіне арқау болар алтын жылға. Тарихтың қойнауына еніп, елдің шежіресіне айналып, өз ауқымын кеңейтіп отырған құндылық қазыналарын жас ұрпақ еншісіне беріп, болашақтың бақытқа қол жеткізе алар батыл тұлғасын қалыптастыруда тәрбиенің тиімді бағыттарын бағамдай білейік, әріптестер.




P.S.

Құндылықтарды оқып үйрену барысында оқушы бойында сол меңгерген білімін күнделікті өмір жағдайында қолдана алуын, кездескен әлеуметтік проблемаларды шеше алуын қамтамасыз ететін қабілеттер - құзіреттіліктер қалыптастыру көзделген.

Жалпы мәдени құзыреттілік:

- адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірінде пәннің алатын орнын түсіну;

- жеке адамның және бүкіл адамзаттың, сондай-ақ Қазақ елі өмірінің рухани-адамгершілік негіздерінің сабақтастығын білу;

- отбасылық, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен дәстүрлердің негіздерін анықтау және мәдени құндылықтарын меңгеру;

- әртүрлі тарихи кезеңдердегі мәдени-танымдық құндылықтарды білу, түсіну;

- өз халқының мәдениеті, тілінің мәнін мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну, бағалау, жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері мен этномәдениеттік құбылыстарды тани білу;

- рухани келісім мен ұлттық идеяларды саралай білу.

Оқу- танымдық құзыреттілік:

- оқу-танымдық әрекеттерді жоспарлауды, талдауды және өзіндік бағалау;

- шығармашылық әрекеттердің креативтік дағдыларын меңгеру: ақпаратты, білімді тікелей болмыстан іздеу, қабылдау ;

- стандартты емес жағдаяттардағы әрекет тәсілдерін меңгеру;

- проблемалардың эвристикалық шешім жолдарын меңгеру.

Коммуникативтік құзыреттілік:

- жұппен, топпен және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;

- Пәннен алған білімдеріне сүйене отырып, диалог және пікірталас құруды меңгеру;

- өзгелердің пікіріне, ұстанымына және көзқарасына, түсіністікпен, төзімділікпен қарау;

- басқаларды тыңдай алу және өзіндік көзқарасын негіздеу, қарым-қатынас мәдениетін меңгеру.

Қоғамдық-әлеуметтік құзыреттілік:

- азаматтық жауапкершілік сезімі;

- қазіргі қоғамдағы өмір үшін қажетті әлеуметтік белсенділік дағдылары;

- бірлескен кәсіби қызметпен шұғылдану (ұжым, топ) қабілеті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.

Ақпараттық құзыреттілік:

- әртүрлі дерек көздерінен ақпараттар ала білу және оларды тиімді қолдану;

- жинаған ақпаратты сұрыптау, жүйелеу және соның негізінде шешім қабылдау;

- ақпаратты қайта құруды, сақтауды, қолдануды және ақпаратты қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен тасымалдауды жүзеге асыру.

Өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттілігі:

- іс-әрекетін өзіндік құндылық сезімімен ұйымдастыра білу;

- өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау;

- өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу.

Құзырлылықты қалыптастырудың нәтижелі жолы - оқушы алдына оқу проблемеларын тудыру, оқушылардың оны шешуін ұйымдастыру. Әр оқушы, оқу процесі барысында қойылған қандай да бір проблеманы өз білімі мен біліктілік тәжірибесіне сай шешуге тырысады. Оқушының оқу процесіндегі қойылған проблемеларды шешу барысында меңгерген қабілеттері оған өмірлік, әлеуметтік тәжірибе ретінде жинақталады.

Оқушыларды оқу проблемелары арқылы өмірге араластыру, тығырыққа тіреу - олардың өз бетінше ойлануына, өзінің бойындағы қабілеттерін жүзеге асыруына жасалған қауіпсіз педагогикалық жағдай болып табылады. Осындай қауіпсіз педагогикалық проблемаларды мүмкіндігінше өмір жағдайына жақындату, өмірдегі мүмкін жағдайларды мүмкіндігінше көбірек қамтып, жобалап ұсыну мұғалімнің міндеті.

Оқу проблемасының оқу тапсырмасынан айырмашылығы қандай?

Оқу тапсырмасы мен оқу проблемасы арасындағы басты айырмашылық - оқу тапсырмасын шешудің үлгісі, алынатын жауабы алдын ала белгілі болуында. Мысалы, сұрақтардың жауаптары белгілі болса, мұндай сұрақтар оқушының қабылданған ақпаратты еске түсіруіне ғана негізделіп дербес ойлануына, ізденуіне жағдай тудырмайды. Бұндай оқу тапсырмалары - сұрақтардың жауаптары оқулық мәтінінде берілген. Ал оқу проблемасының шешімі мұғалімнің ойлағанындай болмауы да мүмкін. Әрбір оқушы әрбір проблеманы шешуде өз тәжірибесі, дүниетанымы, қабілетіне сай пайымдайды. Сол арқылы өмір тәжірибесі молаяды, құзіреттілігі кеңейеді. Осы тұрғыда ойланып көріңізші, әріптес...Сіз не айтар едіңіз?




































© 2010-2022