Класный чась на тему Мен және менің құқығым

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Смагулова Еркеш Ауталиповна

«Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ

Шығыс Қазақстан облысы

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің құқығым»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық

білім әр адамның ісі екендігін ұғындыру; ой- өрісін

дамыту; Қазақстан Республикасындағы балалар

құқықтары жайлы білімдерін шыңдау; құқық

бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, кітаптар

Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе сөз. Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын таңып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған Конституциясы ел дамуының түс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз- белгілі бір территориясы, шеарасы, рәміздері, ұлты бар халықтық ірі ұйым десек сол қазақ ұлтының төл Ата заңының қабылдағанына 20жыл болды. Қабылданғанына 20 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан адамгершілік қағидаттарға негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

  2. Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы заңы 10 тарау, 53 баптан тұрады.

1- тарау. Жалпы ережелер

2- тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

3- тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

4-тарау. Бала және отбасы

5-тарау. Ата- анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары

6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары

7-тарау. Бала және қоғам

8-тарау. Баланың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау

9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез- құлқына етудің ерекшеліктері

10-тарау. Қорытынды ережелер

  1. Заңды білмеу- құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі.

Сұрақ- жауап

Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? 1990ж.

ҚР бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды? 2002ж

Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды? 1989ж

Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? 14

Заң бойынша бала деп кімді атайды? 18 жасқа толмағандарды

Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? бостандық

Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас? 16 жас ауыр қылмысқа 14 жас

Қазақстан Республикасының азаматтары қандай білім алуға міндетті? орта

Заң шығарушы орган? Парламент

Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі? Тәуелсіздік

Тәуелсіздіктің қорғаны? Әскер

Отанға деген сүйіспеншілік? патриотизм

Үкіметті кім басқарады? Премьер - министр

Қазақстан азаматының қасиетті борышы және парызы не? Қазақстанды қорғау

  1. Бала құқығы

Өмір сүруге

Ата- тегін алуға

Отбасында тәрбиеленуге

Жеке бас бостандығына

Азаматтық алуға

Білім алуға

Баспана алуға

Дүние мүлікке

Демалуға

Денсаулықты сақтауға

Сөз бостандығына

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға

  1. Жағдаят шешу

  1. Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Ерасылдың қандай құқығы бұзылды? Дүние мүлік

  2. Ақжанның үйіндегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны ана- сы сабаққа жібермеді. Ақжанның қандай құқығы бұзылды? Білім алу

  3. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп- келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? Ар- намысына тию

  1. Оқушының міндеттері

ҚР Ата заңын сақтауға

ҚР қорғауға

Әрбір адамның ар- намысын құрметтеуге

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге

Тарихи мәдени мұраларды сақтауға

Тарихи ескерткіштерді қорғауға

Табиғатты және табиғат байлықтарын қорғауға

Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға

Үлкенге- құрмет, кішіге - ізет тұтуға

Ата- анаға қамқорлық көрсетуге міндетті.

  1. Көрініс

  1. «Ақжан мен Арнұрдың бір орындыққа таласуы»

Ақжан: Арнұр, сен бұл орындықтан тұр, бұл жерде мен отырамын.

Арнұр: Неге?

Ақжан: Сол, тұр дедім ғой тұр.

Арнұр: Жоқ тұрмаймын, бұл орындыққа мен бірінші отырдым.

Ақжан: Отырсаң қайтейін, сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл орындыққа.

Арнұр: Сенің де атың жазылып қойған жоқ. Бұл менің орным, саған бермеймін.

Автор: Орындыққа таласқан Ақжан айғай салады.

Ақжан: Тұр дедім ғой, бұл орындыққа менің құқығым бар.

Арнұр: Менің де құқығым бар, саған ғана беріліп қойды дейсің бе?

Автор: Ақжан мен Арнұр төбелесе кетті. Төбелесті тоқтату үшін Сұлтан араласты.

Сұлтан: Ақжан, Арнұр төбелесті тоқтатыңдар, қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.

Автор: Осы мезетте апай келеді.

Апай: Бұл не шу?

Сұлтан: Ақжан мен Арнұр мына орындыққа таласып, «Менің құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр, қой десек қоймайды.

Апай: Ақжан, Арнұр, сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес. Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап, бір- біріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды. Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет. Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға, білім алуға, ойнауға, демалуға құқықтарың бар, бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.

  1. Көрініс (үш бала асық ойнап отыр)

Сұлтан: Досымбек, сен бізбен ойнамайсың

Досымбек: Неге?

Сұлтан: Сенің киімдерің жыртық, анаң еден жуады, әкең жұмыссыз.

Сендерді жұрт оралмандар дейді.

Ерасыл: Менің әке- шешем- бастық, бізде ақша көп. Мен ойнаймын ғой.

Сұлтан: Менің үйімде де ақша көп, әкем бизнесмен, мектепке машинамен келемін. (Досымбекті итеріп жылатады)

Заң: Тоқтат! Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататынына қарамастан барлық бала тең құқыққа ие. /3-тарау, 4- бап/

  1. Көрініс. Үзіліс кезі Сыныпта Досымбек, Ерасыл, Сұлтан отыр.

Досымбек: Ерасыл, Сұлтанның қаламы әдемі екен, көрдің бе?

Ерасыл: Иә, әдемі екен, бірақ бізге бермейді ғой.

Досымбек: Мен оны былай аламын да тығып қоям, көрсетпей жазам. Сен айтпа. (Сұлтан қаламын іздей бастайды.)

Заң: Тоқтат! Әрбір баланың жеке өмір сүруіне, жеке басының қадір- қасиетіне қол сұғуға, ұрлық- қарлыққа араластыруға, рұқсатсыз біреудің затын алуға ешкімнің құқы жоқ. /3- тарау, 10 бап/

  1. Келесі кезеңде ақын ағаларымыздың Ата заң, Конституция жайлы жазған өлеңдеріне тоқталайық.

  1. Бақыт құсы қонған күн Аяжан

Тойла- тойла қазағым мерекеңді,

Қуанышқа кенегкн бейбіт елді.

  1. Ата заң Ерасыл

Әділдікпен басталсын деп атқан таң,

Ата- бабам келе жатыр сақтап заң.

«Қасым ханның қасқа жолы» бас болып,

Тәуке ханның жарғылары сақталған.

Билер шешіп ақ пен қара арасын,

Жапқызбаған жамандықтың жаласын.

Заң деген бар біздегі асыл қасиет,

Әділ шешіп, ақтай берген бағасын.

Ата заңым таң нұрындай таралған,

Ақиқаттың арманынан жаралған.

Өткір тілмен шындық шешіп әр ісін,

Адалдықтың ақ сүтінен нәр алған.

Егемендік алып елім теңдігін,

Жиырма жыл бұрын кескен кіндігін.

Шаңырақтың ашқан түріп түндігін,

Ата заңым жиырмаға толдың сен бүгін.

  1. Конституция ерікті елдің құқы Сұлтан

Конституция ерікті елдің құқы,

Адам құқы, алдымен ердің құқы.

Мемлекетім жан- жақты дәйектелген,

Конституция- алтын заң, елдің құқы.

Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды мұны бар достар бүгін.

Ол бойынша сайлаймын, сайланам да,

Ол бойынша біртұтас бай далам да.

Сансыз ұлттың өкілі бір ордада,

Тең құқылы барлығы айналамда.

Қалауымша оқимын білім алам,

Еңбек етем, қартайсам тыным алам.

Емделемін ауырсам заңды түрде,

Коституциям бекіткен мұны маған.

Өз елімде қастерлі, құрметтімін,

Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.

Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,

Заң алдында жауапқа міндеттімін.

Баға жетпес құным бары,

Еркін шыққан ерекше үнім бары,

Елтаңбалы жығылмас туым бары-

Алтын заңда айтылған мұның бәрі.

  1. Ата Заңым Досымбек

«Ата Заңым»

Өмір сүргің келе ме, өмір сүргің?

Өмір қызық, өмір - ой, өмір сүргін.

Мемлекеттік билікке бас ау болған,

Халқым, Ата Заңыңды жетік білгін.

Конституция- ол сенің бас қорғаушың,

Іңгәләп туған күні- ақ көмектескен.

Адамнан болса дағы хас қолдаушың,

Құқыңды бап- бабымен елеп шешкен.

Конситуция- ол сенің Ата Заңың,

Жүрмейді оған білек, юата, зарың.

Сақтау үшін қадір- қасиетіңді,

Заңды біліп тағдырдың тартпа азабын.

Ата Заңың қымбатты, Ол- Ата Заңың

Онсыз басқан қадамың қайырлы емес.

Темірдей тәртіп күші Ата заңың,

Ардақтай білетіндер жалындап өс.

  1. «Тәртіп орнат» ойыны

  1. Құқық А. Еліміздің негізгі заңы

  2. Конституция Б. Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В. Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

  4. Азамат Г. Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д. Заңдар жүйесі

  6. Президент Е. Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж. Заң жүйесін бұзу.

  8. Егемендік З. Құқығы бар ел тұрғыны


  1. «ҚҰҚЫҚ» сөзін былай ұзартып оқуға болады.

Қ- қазақ

Ұ - ұлты

Қ- қайырымдылықты

Ы- ымырашылдықты

Қ- қолдайды

  1. Сабақты қорытындылау.

  • Сонымен сабағымызды қорытындылай келе, біз бүгін өз құқығымыз жайлы біраз ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы- ар жолы» деп айтқандай және «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу- біздің парызымыз» деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022