Жақсылықпен жаным дос (Топтық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, бастауыш сынып бүлдіршіндері! Бәріңізге белгілі осы аптада «Бар әлемге қуаныш сыйла!» атты өзін- өзі тану апталығы өтуде. Осыған байланысты бастауыш сыныптар арасында өткелі отырған «Жақсылықпен жаным дос» атты топтық сайысқа қош келдіңіздер! Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Жақсы адам қол үшін беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылықты жасау- биік адамгершіліктің белгісі. Қоғамның саналы азаматы ретінде өзіңді қалыптастыру үшін ең алдымен өзіңді танып білу керек.Әрқайсысымыз бар қабілеттерімізді жетілдіріп және өзіміздің бойымыздағы кемшіліктерімізді түзетуге тиіспіз.Бүгінгі сайысымыздың мақсаты да осы болмақ. Енді осы сайыстың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітілді»

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Орынғалиева С.О.

Күні : 06.02.14 ж

Тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос (Топтық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, бастауыш сынып бүлдіршіндері! Бәріңізге белгілі осы аптада «Бар әлемге қуаныш сыйла!» атты өзін- өзі тану апталығы өтуде. Осыған байланысты бастауыш сыныптар арасында өткелі отырған «Жақсылықпен жаным дос» атты топтық сайысқа қош келдіңіздер!

Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Жақсы адам қол үшін беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылықты жасау- биік адамгершіліктің белгісі.

Қоғамның саналы азаматы ретінде өзіңді қалыптастыру үшін ең алдымен өзіңді танып білу керек.Әрқайсысымыз бар қабілеттерімізді жетілдіріп және өзіміздің бойымыздағы кемшіліктерімізді түзетуге тиіспіз.Бүгінгі сайысымыздың мақсаты да осы болмақ.

Енді осы сайыстың әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.Сәуле Отарқызы

2.Нұргүл Шәрменқызы

3.Айсұлу Батырқызы

Олай болса сайысымызға келіп отырған қатысушыларды шақырайық!

  1. 2 сынып оқушылары

  2. 3 « а» сынып оқушылары

  3. 3 «б» сынып оқушылары

  4. 4 « а» сынып оқушылары

  5. 4 «б» сынып оқушылары

Ендеше біздің топтық сайысты ашу үшін Найляның орындауындағы әсем әнге берейік.

Жақсылық жасау мейірімді сөздер айтудан,мәдениетті сөйлеуден бастау алады . Олай болса бізқаншалықты мейірімді сөздерді көп біледі екенбіз.Біліп алайық.

1.Әр топ мейірімді сөздерді айтып шығады.Мейірімділік сөздерді білгеніміз үшін барлығымыз қол соғып қоямыз.

2.Енді алғашқы біздің бөліміміз кім көп біледі? жарысы деп аталады.Яғни сіздер әрбір топ жақсылыққа байланысты мақал-мәтелдер айтамыз.

  1. сынып оқушылары бастайды

    1. « а» сынып оқушылары

    1. «б» сынып оқушылары

    1. « а» сынып оқушылары

    1. «б» сынып оқушылар

*Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

*Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

*Жақсы сөз-жарым ырыс.

*Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!

*Жақсы адам жолдасынан белгілі.

*Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

*Бітер істің басына,

Жақсы келсе қасына.

*Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы сөз-жанның тынысы.

3.Ендеше 2 бөліміміз ситуациялық сұрақтарға кезек береміз. Оқушылар берілген сұрақтарды өздері ары қарай жалғастырады.

1. ситуациялық сұрақ 2 сыныпқа арналған.

Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...

2.ситуациялық сұрақ 3 «а» сыныпқа арналған.

Аю мен тышқан

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.

Аю шошып оянып, құлағына баса қояды:

  • Менің құлағым- сенің інің деп пе едің?- деп ақырады. -Өзіңді жақсылап сабайын ба?

  • Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

  • Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,- деп күледі аю.Дегенмен босатып жібереді...

3.ситуациялық сұрақ 3 «б» сыныпқа арналған.

Арыстан мен тышқан

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді.Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын» ,- дейді ол.Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді...

4.ситуациялық сұрақ 4 «а» сыныпқа арналған.

Тасбақа

Бір күні орманда шөп жанып кетіп, өрт басталады.Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі.Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды.От тасбақаға жақындап қалды.Ол енді қалай құтылмақ?

5.ситуациялық сұрақ 4 «б» сыныпқа арналған.

Қоңыр қоян

Орманда бір топ қоян қуаласып ойнап жүр.Оның біреуі қоңыр екен.Ол қуаласпақ ойынына қатыспады.Енді қояндар жидек теруге шықты.Қиқар қоянның жүрісі баяу.Ол басқа қояндардан кейін қалды.Әуелі орман ағаштары сиректеу еді.Кейін жиіленді.Ақыры қиқар қоян адасып қалды....

Оқушыларымыз дайын болғанша жақсылық туралы

оқушыларымыздың жырларына кезек берейік.

Дайын болсақ 2 сыныпты ортаға шақырамыз.

Кезекті 4 бөлімде әр топқа тірек сөз беріледі.Сол тірек сөздерді пайдаланып,жақсылық туралы әңгіме құрастыру.

  1. Айша, қоян, көмектесті, көрді, қуанды.

  2. Рахмет, кешіріңіз, Марат, досы, ұялды.

  3. Жақсылық, құтқарды, иті, су, балалар.

  4. Қорықты, жұбатты, риза болды, Жүсіп, інісі.

  5. Балапан, ағаш, жылан, құтқарды, Айдос.

Қатысушы топтарымыз дайын болғанша «Саңырауқұлақтар саясы» атты көрініске кезек берелік.

Сайысымыздың соңғы бөлімі Сөз түйіні шатасқан сөздер.

  1. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

(Тасысын, айт, жақсының, жақсылығын, нұры.)

  1. Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

(Міндет, жақсылық, ол, етпе, біреуге, етсең, жақсылығыңды.)

3. Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы сөз-жанның тынысы.

(Адам, елдің, жақсы, ырысы, жанның, тынысы, сөз, жақсы.)

4 Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

(Ашылады, шықсаң, биікке, көзің, сөйлессең, ашылады, көңілің, жақсымен.)

5. Бітер істің басына,

Жақсы келсе қасына.

(Басына, бітер, істің, келсе, жақсы, қасына.)

Рахмет,Сайысымыздың қорытындысы әзір болғанша әдемі әнге кезек берейік.

Жақсы ниет жақсылық боп оралар,

Жақсы пейіл күн нұрына барабар.

Жақсы сөздер жан шуағы секілді

Өн бойында қуат болып таралар деп,-

Осыменен біздің « Жақсылықпен жаным дос» атты сайымыз аяқталды.

Сөз кезегін Сәуле Отарқызына береміз.









Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ



«Жақсылықпен жаным дос»



Өткізген:Нигметова А.Ж.



2014 жыл



© 2010-2022