Көпмәдениеттілік ҚР Ассамблеясының 20жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара (Дискуссия, 10-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекшіқазақ ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектеп

2015 жыл

Көпмәдениеттілік

Сыныптан тыс іс-шара (дискуссия)





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынтаева Рауан Жайлаубековна

Тақырыбы: Көпмәдениеттілік

Түрі: Сыныптан тыс іс-шара

Формасы: Дискуссия

Сыныбы: 10-сынып

Мақсаты:

  1. Елімізде тұрып жатқан этникалық топтардың менталитетін, дәстүрлерін, мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекшелігін түсіну, стереотиптерден арылу, қоғамдық келісімді нығайту туралы пікір алмасу;

  2. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және оның ел бірлігін, ынтымағын арттырудағы айрықша рөлін көрсету;

  3. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін еркін айта білуге, көзқарасын жүйелі түрде жеткізе алуына, өз позициясын қорғай алуға дағдыландыру;

  4. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, тапқырлық пен нақтылыққа, алғырлыққа баулу.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім

Ой қозғау.

  • Көпмәдениеттілік дегенді қалай түсінеміз?

Биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995-жылы құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идеяның алғаш көтерілгеніне 20 жыл толды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет құру ісінде ұлтаралық келісім мәселесіне ең басты назарын аударып келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде ол «Мені еліміздің әрбір аймағын мекен еткен, ұлты, нәсілі кім екеніне қарамастан мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жастардың күн өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантады» деген болатын. Сөйте тұра, Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, дамытуына толыққанды жағдай жасалған.

Қазақстанның осы бағыттағы істеген істері мен жасаған тірліктері көп ұзамай-ақ халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Кофи Аннан «Қазақстан түрлі ұлттардың өкілдері бейбіт түрде тіршілік кеше алатын, ұлттық әрқилылық сипаты мемлекеттің қиыншылығына емес, керісінше өсіп-өркендеуіне, дамуына негіз болып отырған ел ретінде баршаға үлгі бола алатын мемлекет» деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Осындай мағынада тағы бір әлемге танымал саясаткер Маргарет Тэтчердің де айтқаны бар. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде «Елдеріңіз тәуелсіздігін алған сәттен бастап Сіздің көреген саясатыңыз мемлекетті азаттыққа, дамуға бастайтын жолға салды. Пессимистер сіздердің елдеріңіздің көпұлтты сипаты ішкі қайшылықтарға бастап, елдеріңізді әлсіретеді деп топшылаған шығар, кезінде. Алайда, барлығы керісінше болып шықты. Қазақстан өзінің сан салалы сипатының арқасында дамып келеді, ол өзінің діни және дәстүрлік әрқилылығын басты байлығы етіп, қарқынды дамудың басты факторларының бірі етіп, тиімді пайдалана алды. Сіздер өзгелерге шынайы үлгісіздер» деген болатын.

2008-жылдың 20-қазанында Президент Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды. Ол Қазақстанның саяси жүйесіндегі Ассамблеяның рөлі мен міндеттерін нақтылап берді.

Ассамблеяның ең басты мақсаты - мемлекеттік ұлттық саясатты дайындап жүзеге асыруда Елбасына тірек болу.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының басымдығы, халық пен мемлекет мүддесінің тоғысуы, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан адам мен азаматтың теңдігі, тең құқылығы және жеке бастық жауапкершілігі секілді қағидаларға сүйенеді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған күннен бастап оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі төрағалық етуі ассамблеяның беделі мен орыны мызғымауына негіз болды. Заң бойынша ол Ассамблеяны қалыптастыра немесе қайта құра алады, жалпы басшылық жасап, оның қызметінің басты бағыттарын айқындайды, оның басқарушы лауазым иелерін тағайындай, жұмысынан босата алады, Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясын шақырып, оның хатшылығын құра алады.

Президент өзінің Қазақстан Халқы Ассамблеясындағы міндеттері мен құзыреттерін бөлісіп, орындайтын орынбасарларын тағайындайды, тұрақты органы - Ассамблея Кеңесін құрып, оған басшылық жасайды, Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітіп, оны жүзеге асыруға байланысты тапсырмалар береді.

Заманауи түсінік бойынша, қазақстанда бір ғана ұлт тұрады. Ол - қазақстандықтар. Ал біздің, ескіше, ұлттар деп атап жүргеніміз - этникалық топтар. Сондықтан Қазақстан көп мәдениетті, бірақ бірұлтты ел. Бізде қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс және т.б. мәдениетінің өкілдері бар. Қазіргі термин бойынша, елімізді көп ұлтты мемлекет дегеннен гөрі көп мәдениетті ел деген орынды болмақ.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрудағы мақсаты - ел бірлігін нығайтуды көздегені анық. Көпмәдениеттілік идеясы Президенттің осы бастамасымен үйлесіп жатыр.

  1. Американдықтар: «біздің көп мәдениеттілігіміз біздің артықшылығымыз» деп мақтанып жүр. Ал біз мақтана аламыз ба?

Иә, бұл тұрғыдан алғанда біз АҚШ-тан да артық тұрамыз десек артық етпейді. Бізде терісіне, тіліне қарай кемсітушілік жоқ.

  1. Назарбаев интеллектуалды мектептерінде қазақ-орыс сыныптарын байланыстыруға, олардың арасындағы барьерді жоюға күш салып жатыр. Біздің мектептерде де осындай шараларды жүзеге асыра аламыз ба?

Әрине, жүзеге асыруға болады. Бұл арқылы біз этникалық топтар арасындағы тілдік, ментальдық барьерді бұзуға аз да болса септігімізді тигізер едік.

Этникалық топтардың дүниетанымын, менталитетін, дәстүрін, этикетін және мәдени ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туады. Мысалы, орыстың ұлы ғалымдары Затаевич, Радлов, Потаниндер қазақ халқының музыкасын, ауыз әдебиеті мен халық мұраларын бізге, кейінгі ұрпаққа жеткізген.

  1. Мысалы, Сіз қазақ бола тұра ұйғырлардың немесе шешендердің мақал-мәтелдерін жинап, музыкасын, ауыз әдебиетін зерттеуге дайынсыз ба? Ол Сізге не үшін керек деп ойлайсыз?

Сіздер осы арқылы мектеп қабырғасында жүріп-ақ, ғылыми жұмыспен айналыса аласыз, халықтарды жақындатасыз, таным көкжиегін кеңейтесіз, тіл үйренесіз, жаңа тың дүниеге кезігесіз.Мәселен, егер бір парсы сізді қонаққа шақырып, әйелін жүзі ашық қалпында шай құйдырса, бұл - Сізге деген ерекше құрметтің белгісі (Иран). Осы секілді Қазақстанда да тұратын мәдениет өкілдерінің таным-түсінігі, дәстүрлері әртүрлі. Біз бір-біріміздің осындай мәдени ерекшелігімізді жатсынбай, оны терең түсініп және құрметтей білсек, ел бірлігіне нұқсан келтіретін стереотиптерден, үстірт түсініктерден арыламыз.

ІІІ. Қорытынды

Ассамблея - еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім - ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

© 2010-2022